Хадис

Риядус-салихин, № 65

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
5. Мурақаба (мүміннің әркез Алланың бақылауында екенін сезінуі)
Нөмірі
№ 65 (қазақша басылым реті)
65
Риядус-салихин, № 65Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرِيْرَةَ أَنَّهُ سمِع النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ ثَلَاثَةً مِنْ بَنِى إِسْرائيلَ: أَبْرَصَ، وأَقْرَعَ، وأَعْمَى، أَرَادَ اللَّهُ أَنْ يَبْتَليَهُمْ فَبَعث إِلَيْهِمْ مَلَكًا، فأَتَى الْأَبْرَصَ فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: لَوْنٌ حسنٌ، وَجِلْدٌ حَسَنٌ، ويُذْهَبُ عنِّى الَّذي قَدْ قَذَرنِى النَّاسُ، فَمَسَحهُ فذَهَب عَنْهُُ قذرهُ وَأُعْطِيَ لَوْنًا حَسنًا. قَالَ: فَأَيُّ الْمالِ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْإِبلُ أَوْ قَالَ الْبَقَرُ شَكَّ الرَّاوِى فأُعْطِيَ نَاقَةً عُشرَاءَ، فَقَالَ: بارَك اللَّهُ لَكَ فِيها.

فأَتَى الْأَقْرعَ فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحب إِلَيْكَ؟ قَالَ: شَعْرٌ حسنٌ، ويذْهبُ عنِّى هَذَا الَّذي قَذِرَنِى النَّاسُ، فَمسحهُ عَنْهُ. أُعْطِيَ شَعرًا حسنًا. قَالَ فَأَيُّ الْمَالِ. أَحبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْبَقرُ، فأُعِطيَ بقرةً حامِلًا، وَقَالَ: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ فِيهَا.

فَأَتَى الْأَعْمَى فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: أَنْ يرُدَّ اللَّهُ إِلَيَّ بَصَرِى فَأُبْصِرَ النَّاسَ فَمَسَحَهُ فَرَدَّ اللَّهُ إِلَيْهِ بصَرَهُ. قَالَ: فَأَيُّ الْمَالِ أَحَبُّ إِليْكَ؟ قَالَ: الْغنمُ فَأُعْطِيَ شَاةً والِدًا فَأَنْتجَ هذَانِ وَولَّدَ هَذا، فكَانَ لِهَذَا وَادٍ مِنَ الْإِبِلِ، ولَهَذَا وَادٍ مِنَ الْبَقَرِ، وَلَهَذَا وَادٍ مِنَ الْغَنَم.

ثُمَّ إِنَّهُ أَتَى الْأْبرص فِى صورَتِهِ وَهَيْئتِهِ، فَقَالَ: رَجُلٌ مِسْكينٌ قدِ انقَطعتْ بِيَ الْحِبَالُ فِى سَفَرِى، فَلَا بَلاغَ لِيَ الْيَوْمَ إِلَّا بِاللَّهِ ثُمَّ بِكَ، أَسْأَلُكَ بِالَّذي أَعْطَاكَ اللَّوْنَ الْحَسَنَ، والْجِلْدَ الْحَسَنَ، والْمَالَ، بَعيِرًا أَتبلَّغُ بِهِ فِى سفَرِى، فَقَالَ: الْحقُوقُ كَثِيرةٌ. فَقَالَ: كَأَنِّى أَعْرفُكُ أَلَمْ تَكُنْ أَبْرصَ يَقْذُرُكَ النَّاسُ، فَقيرًا، فَأَعْطَاكَ اللَّهُ، فَقَالَ: إِنَّمَا وَرثْتُ هَذا الْمَالَ كَابرًا عَنْ كابِرٍ، فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ كَاذِبًا فَصَيَّركَ اللَّهُ إِلَى مَا كُنْتَ.

وأَتَى الْأَقْرَع فِى صورتهِ وهيئَتِهِ، فَقَالَ لَهُ مِـثْلَ ما قَالَ لهذَا، وَرَدَّ عَلَيْه مِثْلَ مَاردَّ هَذَّا، فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ كَاذِبًا فَصَيّرَكَ اللَّهُ إِليَ مَاكُنْتَ.

وأَتَى الْأَعْمَى فِى صُورتِهِ وهَيْئَتِهِ، فَقَالَ: رَجُلٌ مِسْكينٌ وابْنُ سَبِيلٍ انْقَطَعَتْ بِيَ الْحِبَالُ فِى سَفَرِى، فَلَا بَلاغَ لِيَ الْيَوْمَ إِلَّا بِاللَّهِ ثُمَّ بِكَ، أَسْأَلُكَ بالَّذي رَدَّ عَلَيْكَ بصرَكَ شَاةً أَتَبَلَّغُ بِهَا فِى سَفَرِى؟ فَقَالَ: قَدْ كُنْتُ أَعْمَى فَرَدَّ اللَّهُ إِلَيَّ بَصرِى، فَخُذْ مَا شِئْتَ وَدعْ مَا شِئْتَ فَوَاللَّهِ ما أَجْهَدُكَ الْيَوْمَ بِشْيءٍ أَخَذْتَهُ للَّهِ عزَّ وجلَّ. فَقَالَ: أَمْسِكْ مالَكَ فَإِنَّمَا ابْتُلِيتُمْ فَقَدْ رضيَ اللَّهُ عنك، وَسَخَطَ عَلَى صَاحِبَيْكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін естіген екен: «Алла Исрайыл ұрпақтарынан болған үш адамды: алапес, таз және соқыр кісіні сынамақ болып, оларға (адам бейнесінде) бір періштені жібереді. Періште әуелі алапеске келіп: «Сен үшін ең сүйікті нәрсе не?» – деп сұрайды. Ол: «Шырайлы рең мен әдемі тері және адамдарды менен жиіркендіретін мына дерттен айықсам екен», – дейді. Сонда періште оны сипағанда, үстіндегі жаман дерті кетіп, оған шырайлы рең беріледі. Содан кейін періште одан: «Ең сүйікті малың не?» – деп сұрайды. Ол: «Түйе», – дейді (немесе «сиыр» дейді). Сонда оған он айлық буаз түйе беріледі де, періште оған: «Алла сенің малыңа береке берсін», – деп дұға тілейді.

Сосын періште тазға келіп: «Сен үшін ең сүйікті нәрсе не?» – деп сұрайды. Ол: «Әдемі шаш және адамдарды менен жиіркендіретін мына дерттен айықсам екен», – дейді. Періште оны сипағанда, оның дерті кетіп, оған әдемі шаш беріледі. Содан соң періште: «Ең сүйікті малың не?» – деп сұрайды. Ол: «Сиыр», – дейді. Сонда оған буаз сиыр беріледі де, періште оған: «Алла сенің малыңа береке берсін», – деп дұға тілейді.

Содан кейін періште соқырға келіп: «Сен үшін ең сүйікті нәрсе не?» – деп сұрайды. Ол: «Алланың маған көз-жанарымды қайтаруы және адамдарды көруім», – дейді. Періште оны сипағанда, Алла оның көз-жанарын қайтарады. Сосын періште одан: «Ең сүйікті малың не?» – деп сұрайды. Ол: «Қой», – дейді. Содан оған төлдейтін қой беріледі. Сөйтіп, әлгі екеуі түйесі мен сиырының төліне қарық болады, бұл да қойының төліне қарық болады. Уақыт өте келе біреуінің сай толы келі-келі түйесі, біреуінің сай толы табын-тыбын сиыры, енді біреуінің сай толы отар-отар қойы болады.

Содан кейін періште бұрынғы алапеске оның баяғы түрі мен кейпінде келіп: «Мен бір жарлы адаммын, бұл сапарымда барлық мүмкіндіктерімнен айырылдым. Бұл күнде маған әуелі Алла, сосын сенен өзге жәрдем берер ешкім жоқ! Саған шырайлы рең, әдемі тері мен мұншама байлық бергеннің атымен өтінемін, маған сапарымда пайдама жарайтын бір түйе берші», – деп өтінеді. Сонда алапес: «Менің міндеттерім (яғни, өтейтін қарыздарым) көп», – дейді. Періште оған: «Мен сені танып тұрған сияқтымын. Сен адамдар жиіркенетін алапес, тақыр кедей емес пе едің? Артынша Алла саған осының бәрін берді емес пе?» – дейді. Сонда әлгі: «Бұл байлық маған ата-бабамнан мұраға қалған», – дейді. Періште оған: «Егер өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы қалпыңа қайтарсын», – дейді.

Сосын періште бұрынғы тазға оның баяғы түрі мен кейпінде келіп, оған алапеске айтқандарын айтады. Ол да оған алапестің жауабындай жауап қайтарады. Періште оған да: «Егер өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы қалпыңа қайтарсын», – дейді.

Содан кейін бұрынғы зағипқа баяғы түрі мен кейпінде келеді де: «Мен бір жарлымын және жолда қалған адаммын, бұл сапарымда барлық мүмкіндігімнен айырылдым. Бұл күні маған әуелі Алладан, сосын сенен өзге жәрдем берер ешкім жоқ. Саған көз-жанарыңды қайтарып бергеннің атымен өтініш айтамын, маған сапарымда пайдама жарайтын бір қой берші», – дейді. Сонда бұрынғы зағип: «Мен де зағип болған едім, Алла менің көз-жанарымды қайтарды. Қалағаныңды алып, қалағаныңды қалдыр. Алламен ант етейін! Бәрінен үстем һәм ұлы болған Алла үшін, бүгін алған нәрсеңе қатысты саған еш нәрсе міндеттемеймін», – дейді. Сонда періште: «Малыңды өзіңде қалдыр. Шынында, сендер сыналған едіңдер. Алла саған риза болды да, әлгі екі жолдасыңа ашуланды», – дейді». (Бұхари: 3464; Муслим: 7431).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Аллах пожелал испытать троих из числа потомков Исраиля – прокажённого, плешивого и слепого – и послал к ним ангела. Ангел пришёл к прокажённому и спросил: “Чего ты желаешь больше всего?” Тот ответил: “Красивого цвета лица, здоровой кожи и избавления от недуга, из-за которого люди испытывают ко мне отвращение”. Ангел провёл по нему рукой, недуг исчез, и ему были дарованы красивый цвет лица и здоровая кожа. Затем ангел спросил: “Какой скот тебе милее всего?” Тот ответил: “Верблюды” (или “Коровы” – передатчик не был уверен). Ему была дарована верблюдица, беременная уже десять месяцев, и ангел сказал: “Да сделает Аллах её благословенной для тебя!”

Затем ангел пришёл к плешивому и спросил: “Чего ты желаешь больше всего?” Тот ответил: “Красивых волос и избавления от недуга, из-за которого люди испытывают ко мне отвращение”. Ангел провёл по нему рукой, недуг исчез, и ему были дарованы красивые волосы. Затем ангел спросил: “Какой скот тебе милее всего?” Тот ответил: “Коровы”. Ему была дарована стельная корова, и ангел сказал: “Да сделает Аллах её благословенной для тебя!”

Затем ангел пришёл к слепому и спросил: “Чего ты желаешь больше всего?” Тот ответил: “Чтобы Аллах вернул мне зрение и я мог видеть людей”. Ангел провёл по нему рукой, и Аллах вернул ему зрение. Затем ангел спросил: “Какой скот тебе милее всего?” Тот ответил: “Овцы”. Ему была дарована овца с ягнёнком. Верблюдица и корова у первых двух, как и овца у третьего, стали приносить приплод. Со временем у одного была целая долина верблюдов, у другого – целая долина коров, а у третьего – целая долина овец.

Затем ангел пришёл к тому, кто прежде страдал проказой, приняв его прежний облик, и сказал: “Я – бедняк, у которого в пути иссякли все средства. Сегодня я смогу продолжить путь лишь с помощью Аллаха, а затем – с твоей помощью. Прошу тебя ради Того, Кто даровал тебе красивый цвет лица, здоровую кожу и богатство: дай мне верблюда, чтобы я мог продолжить путь”. Тот ответил: “На мне много обязательств”. Ангел сказал: “Кажется, я тебя знаю. Разве ты не был прокажённым, к которому люди испытывали отвращение, и бедняком, которому Аллах даровал богатство?” Тот ответил: “Это богатство я унаследовал от своих предков”. Тогда ангел сказал: “Если ты лжёшь, пусть Аллах вернёт тебя в прежнее состояние!”

Затем ангел пришёл к бывшему плешивому, приняв его прежний облик. Он сказал ему то же, что и первому, и получил такой же ответ. Тогда ангел сказал: “Если ты лжёшь, пусть Аллах вернёт тебя в прежнее состояние!”

Затем ангел пришёл к бывшему слепому, приняв его прежний облик, и сказал: “Я – бедный путник, у которого в дороге иссякли все средства. Сегодня я смогу продолжить путь лишь с помощью Аллаха, а затем – с твоей помощью. Прошу тебя ради Того, Кто вернул тебе зрение: дай мне овцу, которой мне хватит, чтобы продолжить путь”. Тот ответил: “Я был слепым, и Аллах вернул мне зрение. Бери что пожелаешь и оставляй что пожелаешь. Клянусь Аллахом, я не стану затруднять тебя, требуя вернуть что-либо из того, что ты сегодня возьмёшь ради Всемогущего и Великого Аллаха”. Тогда ангел сказал: “Оставь своё имущество себе. Вы лишь подверглись испытанию. Аллах остался доволен тобой и разгневался на двух твоих товарищей”». (Бухари 3464 и Муслим, (2964).