Хадис

Риядус-салихин, № 64

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
5. Мурақаба (мүміннің әркез Алланың бақылауында екенін сезінуі)
Нөмірі
№ 64 (қазақша басылым реті)
64
Риядус-салихин, № 64Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هرِيْرَةَ، رضي اللَّه عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَغَارُ، وَغَيْرَةُ اللَّهِ تَعَالَى، أَنْ يَأْتِيَ الْمَرْءُ مَا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамарымыз ﷺ: «Расында, Алла Тағала қызғанады. Алланың қызғанышы адам баласы (шайтанға еріп) Раббысының харам еткендерін істегенде оянады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5223; Муслим: 6995; Ахмад: 10928).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что наш Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллаху Всевышнему присуща ревность. Ревность Аллаха проявляется, когда человек (следуя за шайтаном) совершает то, что запретил ему Господь» (Аль-Бухари: 5223; Муслим: 6995; Ахмад: 10928).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «Алла Тағала қызғанады» дегенді – ұлылығына лайық абыройын ешкімге таптатпайды және Өзі ардақтап жаратқан пендесінің шайтанның жетегінде кетіп, күнәға батқанын қаламайды, деп түсінеміз, өйткені иләһи бұйрықтарға құлақ аспай, шайтанға еріп, күнә жасау Алланың қаһарына ұшыратады.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса «Аллаху Всевышнему присуща ревность» следует понимать в том смысле, что Он никому не позволяет посягать на честь и достоинство, подобающие Его величию, и не желает, чтобы Его раб, которого Он сотворил и возвеличил, последовав за шайтаном, погряз в грехах. Ведь неповиновение Божественным повелениям, следование за шайтаном и совершение грехов навлекают на человека гнев Аллаха.