Хадис

Риядус-салихин, № 393

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
49. Адамдардың сөздері мен істеріне қарап үкім беру және ішкі ниеттері мен жасырын істерін Аллаға тапсыру жайында
Нөмірі
№ 393 (қазақша басылым реті)
393
Риядус-салихин, № 393

عَنْ أَبِى معبد الْمقداد بْنِ الْأسْود قَالَ: قُلْتُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَقِيتُ رَجُلًا مِنَ الْكُفَّارِ، فَاقْتتَلْنَا، فَضَرَبَ إِحْدَى يَدَيَّ بِالسَّيْفِ، فَقَطَعَها، ثُمَّ لاذَ مِنِّى بِشَجَرَةٍ، فَقَالَ: أَسْلَمْتُ لِلَّهِ، أأقْتُلُهُ يَا رَسُولَ اللَّهِ بَعْدَ أَنْ قَالَهَا؟ فَقَالَ: «لَا تَقْتُلهُ» فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَطَعَ إِحْدَى يَدَيَّ، ثُمَّ قَالَ ذَلِكَ بَعْدَ مَا قَطَعَهَا؟! فَقَالَ: «لَا تَقتُلْهُ، فإِنْ قَتَلْتَهُ فَإِنَّهُ بِمَنْزِلَتِكَ قَبْلَ أَنْ تَقْتُلَهُ، وَإِنَّكَ بِمَنْزِلَتِهِ قَبْلَ أَنْ يَقُولَ كَلِمَتَهُ التي قَالَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мағбад Миқдад ибн Әсуад (р.а.): «Бірде Алла елшісінен ﷺ: «Айтыңызшы, егер мен бір дұшпан кәпірді жолықтырып, екеуіміз шайқассақ, сөйтіп ол қылышпен бір қолымды шауып түсірсе, сосын менен қашып, бір ағашқа тығылып: «Аллаға бойсұндым», – десе, сол сөзді айтқаннан кейін оны өлтіре аламын ба, уа, Расулалла?» – деп сұрадым. Сонда Алла елшісі: «Оны өлтірме!» – деді. Мен: «Уа, Расулалла! Ол менің бір қолымды шауып түсіріп, әлгі сөзін содан кейін ғана айтты емес пе?!» – дегенімде, Алла елшісі: «Оны өлтірме! Егер оны өлтірсең, шынында ол сенің оны өлтіруіңнен бұрынғы жағдайыңда болады1, ал сен оның әлгі сөзін айтпай тұрғандағы жағдайында боласың2», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 4019; Муслим: 274; Ахмад: 23817)

Орысша аудармасы

Абу Мабад Микдад ибн аль-Асвад (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “Скажите, если я встречу неверующего врага и вступлю с ним в бой, а он отрубит мне мечом одну руку, затем убежит от меня, укроется за деревом и скажет: ‘Я покорился Аллаху’, – могу ли я убить его после того, как он произнесёт эти слова, о Посланник Аллаха?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Не убивай его!” Я сказал: “О Посланник Аллаха! Но ведь он отрубил мне руку и лишь после этого произнёс те слова!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не убивай его! Если ты убьёшь его, то, поистине, он окажется в том положении, в котором находился ты до того, как убил его1, а ты окажешься в том положении, в котором находился он до того, как произнёс эти слова2”» (Аль-Бухари: 4019; Муслим: 274; Ахмад: 23817).

  1. 1Яғни, ол исламды қабылдады деп есептеледі және оның өміріне қол сұғу саған харам болады.
  2. 2Дегенмен бұл сөз оның бұрын кәпір болғанындай сен де кәпір боласың дегенді білдірмейді, керісінше, ол кәлима айтқандықтан оның қаны сенікі сияқты харам саналып жақын туыстары кек алу («қысас») тұрғысынан сені өлтіруге құқылы болады деген мағынаны аңдатады.
  1. 1То есть он будет считаться принявшим ислам, и посягать на его жизнь тебе будет запрещено.
  2. 2Однако это не означает, что ты станешь неверующим, каким он был прежде. Смысл этих слов в том, что, произнеся свидетельство веры, он обрёл такую же неприкосновенность жизни, как и ты, а его близкие родственники получат право лишить тебя жизни в порядке возмездия («кисас»).