Хадис

Адамдардың сөздері мен істеріне қарап үкім беру және ішкі ниеттері мен жасырын істерін Аллаға тапсыру жайында

О вынесении суждения о людях на основании их слов и поступков и вверении Аллаху их сокровенных намерений и тайных дел

Риядус-салихин, 49-тақырып · 6 хадис · № 391–396

Хадистер

«فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُم» «...Егер олар тәубелеріне келіп, хақ дінді мойындап, намаз оқыса һәм де зекет берсе, оларды жөніне жіберіңдер...» («Тәубе» сүресі, 5-аят).

«Если же они покаются, признают истинную религию и будут совершать намаз и выплачивать закят, то откройте им путь» (сура «Тауба», 9:5).

391
Риядус-салихин, № 391Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَشْهَدُوا أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُول اللَّهِ، وَيُقيمُوا الصَّلَاةَ، وَيُؤتُوا الزَّكَاةَ، فَإِذَا فَعَلُوا ذَلِكَ عَصَمُوا مِنِّى دِمَاءهُمْ وَأمْوَالَهُمْ إِلَّا بحَقِّ الْإِسْلَامِ، وَحِسَابُهُمْ عَلَى اللَّهِ تَعَالَى»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мен мына адамдар (яғни, араб, соның ішінде Мекке мүшріктері) «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» – деп куәлік етпейінше, намаз оқып, зекетін толық бермейінше, олармен шайқасуға бұйрық алдым. Егер олар осы айтылғандарды бұлжытпай орындаса, Ислам шариғатының (жалпыға ортақ кейбір) талаптарын қоспағанда1, менен жандары мен мал-мүліктерін аман алып қалады. Ал енді ықылас-ниетіне келсек, оның есебін Аллаға беретін болады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 25; Муслим: 129)

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мне велено сражаться с этими людьми (то есть с арабами, в том числе с мекканскими многобожниками) до тех пор, пока они не засвидетельствуют, что нет божества, кроме Аллаха, а Мухаммад – Его Посланник, не станут совершать намаз и в полной мере выплачивать закят. Если они неукоснительно исполнят всё сказанное, то сохранят неприкосновенность своей жизни и имущества, кроме случаев, предусмотренных (некоторыми общеобязательными) требованиями исламского шариата1. Что же касается их искренности и намерений, то за них они дадут отчёт Аллаху» (Аль-Бухари: 25; Муслим: 129).

  1. 1Егер олар исламды қабылдағаннан кейін, дінде тыйым салынған зина, ұрлық секілді жаза кесілетін күнәларды істесе, олар да өзге мұсылмандар сияқты міндетті түрде жазаға тартылады.
  1. 1Если, приняв ислам, они совершат запрещённые религией грехи, за которые предусмотрено наказание, например прелюбодеяние или кражу, то будут непременно наказаны, как и остальные мусульмане.
392
Риядус-салихин, № 392

عَنْ أَبِى عَبْدِ اللَّهِ طارِق بْنِ أشَيْم قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ قَالَ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَكَفَرَ بما يُعْبَدُ مِنْ دُونِ اللَّهِ، حَرُمَ مَالُهُ وَدَمُهُ، وَحِسَابُهُ عَلَى اللَّهِ تَعَالَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуллаһ Тариқ ибн Әшиәм (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім «Лә иләһә иллаллаһ!» (Алладан өзге құдай жоқ!), – деп, Алладан өзге өздеріне ғибадат етілген жалған құдайлардың бәрін жоққа шығарса, оның мал-мүлкі мен өміріне қол сұғу харам болады. Ал оның (жақсы-жаман істерінің) есебі Алла Тағала беріледі», – деп айтқанын естідім», – деген. (Муслим: 130; Ахмад: 15875)

Орысша аудармасы

Абу Абдуллах Тарик ибн Ашьям (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Имущество и жизнь того, кто произнесёт слова ‘Ля иляха илляллах!’ (Нет божества, кроме Аллаха!) и отвергнет всех ложных богов, которым поклоняются помимо Аллаха, станут неприкосновенными. А отчёт его (за добрые и дурные дела) будет перед Аллахом Всевышним”» (Муслим: 130; Ахмад: 15875).

393
Риядус-салихин, № 393

عَنْ أَبِى معبد الْمقداد بْنِ الْأسْود قَالَ: قُلْتُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَقِيتُ رَجُلًا مِنَ الْكُفَّارِ، فَاقْتتَلْنَا، فَضَرَبَ إِحْدَى يَدَيَّ بِالسَّيْفِ، فَقَطَعَها، ثُمَّ لاذَ مِنِّى بِشَجَرَةٍ، فَقَالَ: أَسْلَمْتُ لِلَّهِ، أأقْتُلُهُ يَا رَسُولَ اللَّهِ بَعْدَ أَنْ قَالَهَا؟ فَقَالَ: «لَا تَقْتُلهُ» فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَطَعَ إِحْدَى يَدَيَّ، ثُمَّ قَالَ ذَلِكَ بَعْدَ مَا قَطَعَهَا؟! فَقَالَ: «لَا تَقتُلْهُ، فإِنْ قَتَلْتَهُ فَإِنَّهُ بِمَنْزِلَتِكَ قَبْلَ أَنْ تَقْتُلَهُ، وَإِنَّكَ بِمَنْزِلَتِهِ قَبْلَ أَنْ يَقُولَ كَلِمَتَهُ التي قَالَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мағбад Миқдад ибн Әсуад (р.а.): «Бірде Алла елшісінен ﷺ: «Айтыңызшы, егер мен бір дұшпан кәпірді жолықтырып, екеуіміз шайқассақ, сөйтіп ол қылышпен бір қолымды шауып түсірсе, сосын менен қашып, бір ағашқа тығылып: «Аллаға бойсұндым», – десе, сол сөзді айтқаннан кейін оны өлтіре аламын ба, уа, Расулалла?» – деп сұрадым. Сонда Алла елшісі: «Оны өлтірме!» – деді. Мен: «Уа, Расулалла! Ол менің бір қолымды шауып түсіріп, әлгі сөзін содан кейін ғана айтты емес пе?!» – дегенімде, Алла елшісі: «Оны өлтірме! Егер оны өлтірсең, шынында ол сенің оны өлтіруіңнен бұрынғы жағдайыңда болады1, ал сен оның әлгі сөзін айтпай тұрғандағы жағдайында боласың2», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 4019; Муслим: 274; Ахмад: 23817)

Орысша аудармасы

Абу Мабад Микдад ибн аль-Асвад (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “Скажите, если я встречу неверующего врага и вступлю с ним в бой, а он отрубит мне мечом одну руку, затем убежит от меня, укроется за деревом и скажет: ‘Я покорился Аллаху’, – могу ли я убить его после того, как он произнесёт эти слова, о Посланник Аллаха?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Не убивай его!” Я сказал: “О Посланник Аллаха! Но ведь он отрубил мне руку и лишь после этого произнёс те слова!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не убивай его! Если ты убьёшь его, то, поистине, он окажется в том положении, в котором находился ты до того, как убил его1, а ты окажешься в том положении, в котором находился он до того, как произнёс эти слова2”» (Аль-Бухари: 4019; Муслим: 274; Ахмад: 23817).

  1. 1Яғни, ол исламды қабылдады деп есептеледі және оның өміріне қол сұғу саған харам болады.
  2. 2Дегенмен бұл сөз оның бұрын кәпір болғанындай сен де кәпір боласың дегенді білдірмейді, керісінше, ол кәлима айтқандықтан оның қаны сенікі сияқты харам саналып жақын туыстары кек алу («қысас») тұрғысынан сені өлтіруге құқылы болады деген мағынаны аңдатады.
  1. 1То есть он будет считаться принявшим ислам, и посягать на его жизнь тебе будет запрещено.
  2. 2Однако это не означает, что ты станешь неверующим, каким он был прежде. Смысл этих слов в том, что, произнеся свидетельство веры, он обрёл такую же неприкосновенность жизни, как и ты, а его близкие родственники получат право лишить тебя жизни в порядке возмездия («кисас»).
394
Риядус-салихин, № 394Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامة بْنِ زيدٍ، قَالَ: بعثنا رَسُول اللَّهِ ﷺ إِلَى الْحُرَقَةِ مِنْ جُهَيْنَةَ فَصَبَّحْنَا الْقَوْمَ عَلَى مِيَاهِهِمْ، وَلَحقْتُ أَنَا وَرَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ رَجُلًا مِنْهُمْ، فَلَمَّا غَشَيْنَاهُ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، فَكفَّ عَنْهُ الْأَنْصَارِى، وطَعَنْتُهُ برُمْحِى حَتَّى قَتَلْتُهُ، فَلَمَّا قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ، بَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ لِى: «يَا أُسَامَة، أقَتَلْتَهُ بَعْدَ مَا قَالَ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ؟!» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّمَا كَانَ متعوِّذًا، فَقَالَ: «أقَتَلْتَهُ بَعْدَ مَا قَالَ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ؟!» فما زَالَ يُكَرِّرُهَا عَلَيَّ حَتَّى تَمنْيَّتُ أنِّى لَمْ أكُنْ أَسْلَمْتُ قَبْلَ ذَلِكَ الْيَوْمِ.

وَفِى رِوَايَة: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أقَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وقَتَلْتَهُ؟!» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّمَا قَالَهَا خَوْفًا مِن السِّلاحِ، قَالَ: «أَفَلَا شَقَقْتَ عَنْ قَلْبِهِ حَتَّى تَعْلَمَ أَقَالَهَا أمْ لا؟!» فمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى تَمَنَّيْتُ أنِّى أَسْلَمْتُ يَوْمَئِذٍ

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.): «(Кезінде) Алла елшісі ﷺ бізді жуһайнә (тайпасының) хурақа (руына) жорыққа аттандырған еді. Біз оларға таң ата құдықтарының басында шабуыл жасадық. Мен және бір ансарлық сахаба екеуіміз олардың біреуін қуып жетіп, оған төніп келгенімізде ол: «лә иләһә иллаллаһ» (Алладан өзге құдай жоқ!), – деді. (Мұны естіген) әлгі ансарлық одан дереу тыйылды, ал мен оны найзаммен түйреп өлтірдім. Кейін Мәдинаға оралғанымызда әлгі болған жағдай Пайғамбарымызға жетті. Сонда Алла елшісі маған: «Әй, Усама! Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» десе де өлтірдің бе?» – деп (ашуланды). Мен: «Уа, Расулалла! Ол кәлиманы тек жан сауға үшін айтты ғой», – дегенімде, Алла елшісінің: «Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» десе де өлтірдің бе?» – деп, қайта-қайта айта бергені соншалық – мен сол күнге дейін исламды қабылдамағанымда ғой деп тіледім», – деген. (Бұхари: 4269; Муслим: 278: Ахмад: 21745)

Басқа бір риуаятта: «Сонда Алла елшісі: «Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» десе де өлтірдің бе?!» – деп (ашуланды). Мен: «Уа, Расулалла! Ол оны қарудан қорыққандықтан айтты ғой», – деп едім, Алла елшісі: «Оның қорыққандықтан айтып-айтпағанын білу үшін жүрегін жарып көрмедің бе!?» – деп, сол сөзін қайта-қайта айта бергені соншалық – мен Исламды сол күні ғана қабылдағанымда ғой деп тіледім», – деп келген. (Муслим: 277)

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) сказал: «(В своё время) Посланник Аллаха ﷺ отправил нас в поход против Хурака (одного из родов племени Джухайна). На рассвете мы напали на них у их колодцев. Мы с одним из сподвижников из числа ансаров настигли одного из них, и, когда уже приблизились к нему вплотную, он сказал: “Ля иляха илляллах” (Нет божества, кроме Аллаха!). Услышав это, тот ансар сразу оставил его, а я пронзил его копьём и убил.

Когда мы вернулись в Медину, о случившемся стало известно Пророку ﷺ. Тогда Посланник Аллаха (разгневавшись) спросил меня: “О Усама! Неужели ты убил его после того, как он сказал: ‘Ля иляха илляллах’?” Я ответил: “О Посланник Аллаха! Он произнёс эти слова лишь для того, чтобы спасти свою жизнь”. Однако Посланник Аллаха вновь и вновь повторял: “Неужели ты убил его после того, как он сказал: ‘Ля иляха илляллах’?” – так долго, что мне захотелось, чтобы до того дня я ещё не принял ислам» (Аль-Бухари: 4269; Муслим: 278; Ахмад: 21745).

В другой версии этого хадиса сообщается: «Тогда Посланник Аллаха (разгневавшись) воскликнул: “Неужели ты убил его после того, как он сказал: ‘Ля иляха илляллах’?!” Я ответил: “О Посланник Аллаха! Он сказал это лишь из страха перед оружием”. Тогда Посланник Аллаха сказал: “Почему же ты не рассёк ему сердце, чтобы узнать, сказал он это из страха или нет?!” Он повторял эти слова так долго, что мне захотелось, чтобы я принял ислам лишь в тот день» (Муслим: 277).

395
Риядус-салихин, № 395Риуаят етуші: Жундуб ибн Абдулла

عَنْ جندب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ بَعْثًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ إِلَى قَومٍ مِنَ الْمُشرِكينَ، وَأَنَّهُمْ التَقَوْا، فَكَانَ رَجُلٌ مِنَ الْمُشْركِينَ إِذَا شَاءَ أَنْ يَقْصِدَ إِلَى رَجُل مِنَ الْمُسْلِمِينَ قَصَدَ لَهُ فَقَتَلَهُ، وَأَنَّ رَجُلًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ قَصَدَ غَفْلَتَهُ. وَكُنَّا نتحَدَّثُ أَنَّهُ أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، فَلَمَّا رَفَعَ عَلَيْهِ السَّيفَ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، فَقَتَلهُ، فَجَاءَ الْبَشيرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَسَأَلَهُ وَأخبَرَهُ، حَتَّى أخْبَرَهُ خَبَرَ الرَّجُلِ كَيْفَ صَنَعَ، فَدَعَاهُ فَسَأَلَهُ، فَقَالَ: «لِمَ قَتَلْتَهُ؟» فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أوْجَعَ فِى الْمُسلِمِينَ، وَقَتَلَ فُلَانًا وفُلَانًا، وسمى لَهُ نَفرًا، وَإِنِّى حَمَلْتُ عَلَيْهِ، فَلَمَّا رَأَى السَّيفَ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أقَتَلْتَهُ؟» قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: «فَكَيفَ تَصْنَعُ بِلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، إِذَا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، اسْتَغْفِرْ لِى. قَالَ: «وكَيفَ تَصْنَعُ بِلَا إِلهَ إِلَّا اللَّهُ إِذَا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» فَجَعَلَ لَا يَزِيدُ عَلَى أَنْ يَقُولَ: «كَيفَ تَصْنَعُ بِلَا إِلهَ إِلَّا اللَّهُ إِذَا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ мүшріктерге қарсы мұсылман жасағын аттандырды. Көп ұзамай екі жақ бетпе-бет келеді. Мүшріктердің ішінде мұсылмандардың бірін алыстан көзімен шалып, соның қыр соңынан қалмай өлтіріп тынатын қаскөй біреу бар еді. Мұсылмандардың ішінен бір кісі (әңгімеміздің барысында оның Усама ибн Зәйд екенін айта отырған едік) әлгі қаскөй мүшріктің ұрымтал тұстан қапысын тауып, қылышымен үстінен түскенде, мүшрік бірден: «Лә иләһә иллаллаһ» (Алладан басқа тәңір жоқ!), – деп кәлима айтады. Алайда Усама оны өлтіріп тастайды. (Соңында мұсылмандар жеңіске жетіп) Пайғамбарымызға хабаршы келіп, сүйінші сұрағанда, одан мүшріктермен болған шайқастың барысын сұрайды. Хабаршы Алла елшісіне ұрыстың барысын түгел тәптіштеп, тіпті мұсылман жауынгерінің әлгі мүшрікті қалай өлтіргені туралы да айтып береді. Сонда Алла елшісі оны шақыртып алып: «Оны неге өлтірдің?» – деп сұрайды. Усама: «Уа, Расулалла! Ол қаншама мұсылманның қанын судай ағызды. Пәленшені, түгеншені өлтірді», – деп, соның қолынан қаза тапқан мұсылмандардың атын атап беріп, екі әлем Сардарына: «Сол үшін оған тап бергенімде, төбесінен төнген қылышты көріп (қорыққанынан) «Лә иләһә иллаллаһ» деді», – деп жауап қатты. Алла елшісі одан: «Сөйтіп оны өлтірдің ғой?» – деп қайыра сұрады. Усама: «Иә, өлтірдім», – деді. Сонда Алла елшісі: «Қиямет күні келгенде «лә иләһә иллаллаһ» деген кәлиманы қайтпексің?!»1 – деді. Сонда Усама (ісіне қатты өкініп): «Уа, Расулалла! Алладан мен үшін жарылқау тілеуіңізді өтінемін», – деді. Алла елшісі болса, оның өтінішін естімегендей тек: «Қиямет күні келгенде «лә иләһә иллаллаһ» деген кәлиманы қайтпексің?!» – деп бір қойған сауалын қайталай берді, қайталай берді», – деп айтты. (Муслим: 279)

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил мусульманский отряд против многобожников. Вскоре обе стороны встретились лицом к лицу. Среди многобожников был один злодей, который, завидев издали кого-нибудь из мусульман, неотступно преследовал его, пока не убивал. Один из мусульман (как мы уже упоминали в ходе рассказа, это был Усама ибн Зайд), улучив удобный момент, застал того злодея врасплох и обрушился на него с мечом. Тогда многобожник тотчас произнёс слова свидетельства веры: “Ля иляха илляллах” (Нет божества, кроме Аллаха!). Однако Усама убил его.

(В конце концов мусульмане одержали победу.) Когда к Пророку ﷺ прибыл гонец с радостной вестью, он спросил его о ходе сражения с многобожниками. Гонец подробно рассказал Посланнику Аллаха ﷺ обо всём, что произошло в битве, поведав даже о том, как мусульманский воин убил того многобожника. Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел позвать Усаму и спросил: “Почему ты убил его?” Усама ответил: “О Посланник Аллаха! Он лил кровь мусульман как воду: убил такого-то и такого-то”, – и перечислил имена мусульман, погибших от его руки, после чего сказал Предводителю двух миров: “Поэтому я бросился на него, а он, увидев занесённый над своей головой меч, (от страха) сказал: ‘Ля иляха илляллах’”.

Посланник Аллаха ﷺ вновь спросил его: “И всё же ты убил его?” Усама ответил: “Да, убил”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Что же ты будешь делать со словами ‘Ля иляха илляллах’, когда настанет День воскресения?!1” Усама (глубоко раскаявшись в содеянном) сказал: “О Посланник Аллаха! Прошу вас попросить Аллаха простить меня”. Однако Посланник Аллаха ﷺ, словно не услышав его просьбы, лишь повторял и повторял один и тот же вопрос: “Что же ты будешь делать со словами ‘Ля иляха илляллах’, когда настанет День воскресения?!”» (Муслим: 279).

  1. 1Яғни, Алланың алдына барғанда тілін кәлимаға келтірген пендесін өлтіргенің үшін қалай жауап бересің?
  1. 1То есть как ты будешь отвечать перед Аллахом за то, что убил Его раба, произнёсшего свидетельство веры?
396
Риядус-салихин, № 396

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عتبة بنْ مَسْعُود، قَالَ: سَمِعْتُ عمر بْنِ الْخطاب يَقُولُ: إِنَّ نَاسًا كَانُوا يُؤْخَذُونَ بِالوَحْيِ فِى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَإِنَّ الْوَحْيَ قَدِ انْقَطَعَ، وإِنَّمَا نَأْخُذُكُمُ الآن بما ظَهَرَ لَنَا مِنْ أَعمَالِكُمْ، فَمَنْ أظْهَرَ لَنَا خَيْرًا أمَّنَّاهُ وَقَرَّبْنَاهُ، وَلَيْسَ لَنَا مِنْ سَرِيرَتِهِ شَيْء، اللَّهُ يُحَاسِبُهُ فِى سَرِيرَتِهِ، وَمَنْ أظْهَرَ لَنَا سُوءًا لَمْ نَأمَنْهُ وَلَمْ نُصَدِّقْهُ وَإِنْ قَالَ: إِنَّ سَرِيرَتَهُ حَسَنَةٌ

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Утба ибн Масғуд: «Бірде Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) былай дегенін естідім: «Расында, Алла елшісінің ﷺ көзі тірісінде адамдар уахи арқылы жауапқа тартылатын еді, енді уахи тоқтады. Ендеше, біз сендерді сырт көріністегі іс-әрекеттеріңе қарай жауапқа тартамыз. Сондықтан да бізге жақсы істерімен көрінген адамға сеніммен қараймыз (немесе амандығына кепілдік береміз) және өзімізге жақын тұтамыз, ішкі жан дүниесінде не бар екеніне қарамаймыз, ішіндегі ниет-пиғылы үшін оны жауап тартатын – Алла. Ал бізге жаман істерімен көрінгенді, ішкі жан дүниесінің игі (ниетінің жақсы) екенін айтса да, оған сеніммен қарамаймыз да, еш сенбейміз де», – деген. (Бұхари: 2641; Ахмад: 286)

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Утба ибн Масуд сказал: «Однажды я услышал, как Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: “Поистине, при жизни Посланника Аллаха ﷺ о людях судили на основании откровения, но теперь ниспослание откровения прекратилось. Отныне мы будем судить вас по вашим поступкам, которые проявляются внешне. Поэтому тому, кто проявит себя перед нами в благих делах, мы доверимся (или гарантируем ему безопасность) и приблизим его к себе. Мы не станем доискиваться, что скрыто у него в душе, ибо за сокровенные намерения с него спросит Аллах. Тому же, кто проявит себя перед нами в дурных делах, мы не станем доверять и не поверим ему, даже если он будет утверждать, что в душе у него благо (что намерения его добры)”» (Аль-Бухари: 2641; Ахмад: 286).