عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: مَا غِرْتُ عَلَى أَحَدٍ مِنْ نِسَاءِ النَّبِيِّ ﷺ مَا غِرْتُ عَلَى خَدِيجَة، وَمَا رَأَيْتُهَا قَطُّ، وَلَكِنْ كَانَ يُكْثِرُ ذِكْرَهَا، وَرُبَّمَا ذَبَحَ الشَّاةَ، ثُمَّ يقَطِّعُهَا أعْضَاء، ثُمَّ يَبْعثُهَا فِى صَدَائِقِ خَديجَةَ، فَرُبَّمَا قُلْتُ لَهُ: كَأَنْ لَمْ يَكُنْ فِى الدُّنْيَا إِلَّا خَديجَةَ ! فَيَقُولُ: «إِنَّهَا كَانَتْ وَكَانَتْ وَكَانَ لِى مِنْهَا وَلَدٌ»
Айша (р.а.): «Пайғамбарымызды ﷺ Хадишадан (р.а.) қызғанғанымдай өзге жұбайларының ешбірінен соншалықты қызғанған емеспін. Асылында, мен Хадишаның (р.а.) көзін көрген емес едім. Алайда Расулалла оны жиі есіне алып, ол жайлы аузынан тастамай айтып отыратын. Тіпті қой сойған кезде де, оның етін жеке-жеке мүшелеп бөліп, бір бөлігін Хадишаның (р.а.) жақын құрбыларына беріп жіберетін еді. Сондай кездерде мен қызғаныштан: «Бұл дүниеде Хадишадан басқа әйел адамның болмағаны ма?» – дейтін едім. Сонда Алла елшісі оның асыл қасиеттерін есіне алып: «Ол сондай да сондай еді, әрі мен одан ұрпақ сүйдім», – деп айтатын» – деген. (Бұхари: 3818; Муслим: 6277; Ахмад: 24864).
Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Ни к одной из других жён Пророка ﷺ я не ревновала его так сильно, как к Хадидже (да будет доволен ею Аллах). И это при том, что Хадиджу (да будет доволен ею Аллах) я никогда не видела. Однако Посланник Аллаха часто вспоминал её и постоянно говорил о ней. Бывало, зарезав овцу, он разделывал тушу на части и отправлял часть мяса близким подругам Хадиджи (да будет доволен ею Аллах). В такие минуты я из ревности говорила: “Неужели, кроме Хадиджи, в этом мире не было других женщин?” Тогда Посланник Аллаха, вспоминая её благородные качества, отвечал: “Она была такой-то и такой-то, и от неё у меня были дети”» (Аль-Бухари: 3818; Муслим: 6277; Ахмад: 24864).