عَنْ أَبِى أُسَيد – بضم الْهمزة وفتح السين – مالك بْنِ ربيعة الساعدي قَالَ: بَيْنَا نَحْنُ جُلُوسٌ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذ جَاءهُ رَجُلٌ مِنْ بَنِى سَلَمَةَ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ بَقِيَ مِنْ برِّ أَبَوَيَّ شَيْء أبرُّهُمَا بِهِ بَعْدَ مَوتِهِمَا؟ فَقَالَ: «نَعَمْ، الصَّلَاةُ عَلَيْهِمَا، والاسْتغْفَارُ لَهُمَا، وَإِنْفَاذُ عَهْدِهِمَا مِنْ بَعْدِهِمَا، وَصِلَةُ الرَّحِمِ الَّتِى لَا تُوصَلُ إِلَّا بِهِمَا، وَإِكرامُ صَدِيقهمَا»
Әбу Усәйд Мәлик ибн Рабиға әс-Сағиди (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің ﷺ жанында отырғанымызда Бәну Сәләмалық бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жасай алатын қандай да бір жақсылық бар ма?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Әлбетте, олар үшін дұға етіп, кешірім тілеу, олардың өздерінен кейін қалдырған (өсиет, мұра, нәзір, садақа сынды) уәделерін орындау, сол екеуі арқылы ғана мүмкін болған туысқандық қарым-қатынастарды үзбей жалғастыру және екеуінің жора-жолдастарына сый-құрмет көрсету. (Мұның баршасы оларға жасаған жақсылығың болып есептеледі)», – деп жауап берді», – деген (Әбу Дәуіт: 5132; Ахмад: 16059).
Абу Усайд Малик ибн Рабига ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда мы сидели рядом с Посланником Аллаха ﷺ, к нему пришёл человек из рода Бану Салама и спросил: “О Посланник Аллаха! Могу ли я сделать для родителей какое-либо добро после их смерти?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Конечно: молиться за них и просить для них прощения, исполнять оставленные ими обязательства (касающиеся завещания, наследства, обетов, милостыни и тому подобного), поддерживать родственные связи, существующие лишь благодаря им обоим, и оказывать почтение их друзьям. (Всё это будет считаться добром, сделанным тобой для них)”» (Абу Дауд: 5132; Ахмад: 16059).