Хадис

Риядус-салихин, № 306

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
39. Көрші ақысы
Нөмірі
№ 306 (қазақша басылым реті)
306
Риядус-салихин, № 306Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «واللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ!» قِيلَ: مَنْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «الَّذِى لَا يَأمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ!» وَفِى رِوَايَة لمسلم: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ لَا يَأمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың атымен ант етейін, иман еткен болып саналмайды!» – деп үш қайтара айтты. Қасындағы сахабалары: «Уа, Расулалла! Кім иман еткен болып саналмайды?» – деп сұрады. Сонда Расулалла оларға: «Көршісіне қауіп төндірген адам иман еткен болып саналмайды», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6016; Ахмад: 8432).

Имам Муслимнен жеткен хадисте: «Қайсыбір адамнан көршісі өзін қауіпсіздікте сезінбейтін болса, ондай адам жаннатқа кірмейді», – деп келген. (Муслим: 172)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ трижды повторил: “Клянусь Аллахом, не считается верующим!” Находившиеся рядом сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Кто не считается верующим?” Посланник Аллаха ﷺ ответил им: “Тот, кто представляет опасность для своего соседа, не считается верующим”» (Аль-Бухари: 6016; Ахмад: 8432).

В хадисе, переданном имамом Муслимом, сказано: «Не войдёт в рай тот, от кого его сосед не чувствует себя в безопасности» (Муслим: 172).