Хадис

Көрші ақысы

Права соседа

Риядус-салихин, 39-тақырып · 9 хадис · № 304–312

Хадистер

«وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِى الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِى الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ» «Бір Аллаға құлшылық қылып, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Әрі жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, жора-жолдастарыңа, мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы қызметшілеріңе жақсылық жасаңдар...» («Ниса» сүресі, 36-аят).

«Поклоняйтесь лишь одному Аллаху и не придавайте Ему сотоварищей. Родителям делайте добро, а также родственникам, и сиротам, и обездоленным, и близким соседям, и дальним соседям, и товарищам, что рядом с вами, и нуждающимся путникам, и слугам, которыми вы распоряжаетесь» (сура «Ниса», 4:36).

304
Риядус-салихин, № 304

عَنِ ابْنِ عُمَرَ وعَائِشَة، قالا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا زَالَ جِبْرِيلُ يُوصِينِى بِالجَارِ حَتَّى ظَنَنْتُ أَنَّهُ سَيُورِّثُهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар және Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жәбірейіл періштенің маған көршімен жақсы қарым-қатынаста болу керектігі жөнінде көп өсиет айтқандығы соншалық – тіпті көршіні көршіге мұрагер етіп қоя ма деген ойға қалдым», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6014,6015; Муслим: 6685,6687; Ахмад: 8045).

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Умара и Аиши (да будет доволен ими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ангел Джибрил так часто наставлял меня хорошо относиться к соседу, что я даже подумал, что он сделает соседа наследником» (Аль-Бухари: 6014, 6015; Муслим: 6685, 6687; Ахмад: 8045).

305
Риядус-салихин, № 305Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا ذَرٍّ، إِذَا طَبَخْتَ مَرَقَةً، فَأكثِرْ مَاءهَا، وَتَعَاهَدْ جيرَانَكَ».

وَفِى رِوَايَة لَهُ عَنْ أَبِى ذر، قَالَ: إِنَّ خليلي ﷺ أوْصَاني: «إِذَا طَبَخْتَ مَرَقًَا فَأكْثِرْ مَاءها، ثُمَّ انْظُرْ أَهْلَ بَيْتٍ مِنْ جِيرَانِكَ، فَأصِبْهُمْ مِنْهَا بِمعرُوفٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «(Бірде) Алла елшісі ﷺ: «Уа, Әбу Зәрр! Егер сорпа қайнатсаң, суын көбірек қосып, көршілеріңе де қарайлас», – деп айтты», – деген (Муслим: 6688; Ахмад: 21326)

Сондай-ақ, имам Муслимде келген хадис мәтінінде Әбу Зәрр (р.а.): «Менің ең сүйікті досым: «Егер сорпа қайнатсаң, суын көбірек қос. Сосын көршілеріңнің үй ішіне назар салып, (ас-ауқатқа мұқтаж жандар болса) оларға да тиісінше ас ауыз тигіз», – деп өсиет етті», – делінген. (Муслим: 6689; Ахмад: 21381)

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О Абу Зарр! Когда будешь варить бульон, добавь побольше воды и позаботься также о своих соседях”» (Муслим: 6688; Ахмад: 21326).

В тексте хадиса, приведённого имамом Муслимом, также сообщается, что Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мой самый любимый друг ﷺ наставлял меня: “Когда будешь варить бульон, добавь побольше воды. Затем поинтересуйся, как живут семьи твоих соседей, и (если среди них есть нуждающиеся в пище) поделись с ними едой в должной мере”» (Муслим: 6689; Ахмад: 21381).

306
Риядус-салихин, № 306Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «واللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ، وَاللَّهِ لَا يُؤْمِنُ!» قِيلَ: مَنْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «الَّذِى لَا يَأمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ!» وَفِى رِوَايَة لمسلم: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ لَا يَأمَنُ جَارُهُ بَوَائِقَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың атымен ант етейін, иман еткен болып саналмайды!» – деп үш қайтара айтты. Қасындағы сахабалары: «Уа, Расулалла! Кім иман еткен болып саналмайды?» – деп сұрады. Сонда Расулалла оларға: «Көршісіне қауіп төндірген адам иман еткен болып саналмайды», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6016; Ахмад: 8432).

Имам Муслимнен жеткен хадисте: «Қайсыбір адамнан көршісі өзін қауіпсіздікте сезінбейтін болса, ондай адам жаннатқа кірмейді», – деп келген. (Муслим: 172)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ трижды повторил: “Клянусь Аллахом, не считается верующим!” Находившиеся рядом сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Кто не считается верующим?” Посланник Аллаха ﷺ ответил им: “Тот, кто представляет опасность для своего соседа, не считается верующим”» (Аль-Бухари: 6016; Ахмад: 8432).

В хадисе, переданном имамом Муслимом, сказано: «Не войдёт в рай тот, от кого его сосед не чувствует себя в безопасности» (Муслим: 172).

307
Риядус-салихин, № 307Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا نِسَاء الْمُسْلِمَاتِ، لَا تَحْقِرَنَّ جَارةٌ لِجَارَتِهَا وَلَوْ فِرْسِنَ شَاة»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Уа, мұсылман әйелдер! Көрші әйел көршісіне қойдың қу сирағын берсе де, сый-сияпат жасаудың ешбір түрін қомсынбасын», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2566; Муслим: 2379; Ахмад: 7591).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «О мусульманки! Пусть ни одна соседка не считает слишком скромным подарок, который она делает своей соседке, даже если это будет всего лишь тощая овечья голень» (Аль-Бухари: 2566; Муслим: 2379; Ахмад: 7591).

308
Риядус-салихин, № 308Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَمْنَعْ جَارٌ جَارَهُ أَنْ يَغْرِزَ خَشَبَةً فِى جِدَارِهِ»، ثُمَّ يقُولُ أَبُو هُرَيْرَة: مَا لِى أَرَاكُمْ عَنْهَا مُعْرِضينَ! وَاللَّهِ لأرْمِيَنَّ بِهَا بَيْنَ أكْتَافِكُمْ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ешкім өзінің дуалына көршісінің тақта орнатуына тыйым салмасын», – деген. Содан кейін Әбу Һурайра (тыңдап отырғандарға): «Сендер неге (осынау сүннеттен) бас тартып жүрсіңдер?! Алланың атымен ант етейін, мен мұны араларыңда (үнемі ескертіп) айта беремін», – деп айтқан (Бұхари: 2463; Муслим: 4130; Ахмад: 7154).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не запрещайте своим соседям прикреплять доски к вашим стенам». Затем Абу Хурайра сказал (слушавшим его): «Почему вы отказываетесь (от этой сунны)?! Клянусь Аллахом, я и впредь буду говорить об этом среди вас (постоянно напоминая)!» (Аль-Бухари: 2463; Муслим: 4130; Ахмад: 7154).

309
Риядус-салихин, № 309Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخرِ، فَلَا يُؤْذِ جَارَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَسْكُتْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, көршісіне зиян тигізбесін, кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағына сый-құрмет көрсетсін, кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деген (Бұхари: 6018; Муслим174; Ахмад: 7626).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть тот, кто верует в Аллаха и в Последний день, не причиняет вреда своему соседу; пусть тот, кто верует в Аллаха и в Последний день, почитает своего гостя; и пусть тот, кто верует в Аллаха и в Последний день, говорит доброе либо молчит» (Аль-Бухари: 6018; Муслим: 174; Ахмад: 7626).

310
Риядус-салихин, № 310

عَنْ أَبِى شُرَيْح الْخُزَاعيِّ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيُحْسِنْ إِلَى جَارِهِ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَسْكُتْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Шурәйх әл-Хузаиден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақыретке сенсе, көршісіне жақсылық жасасын. Кімде-кім Аллаға және ақыретке сенсе, қонағын сыйлап, күтсін. Сондай-ақ кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – деп айтты» (Муслим: 176; Бұхари: 6019; Ахмад: 16370).

Орысша аудармасы

Абу Шурайх аль-Хузаи (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто верует в Аллаха и Последний день, пусть делает добро своему соседу. Кто верует в Аллаха и Последний день, пусть почитает своего гостя и оказывает ему радушный приём. И кто верует в Аллаха и Последний день, пусть говорит благое или молчит» (Муслим: 176; Аль-Бухари: 6019; Ахмад: 16370).

311
Риядус-салихин, № 311Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَت: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِى جارَيْنِ، فإِلَى أيِّهِمَا أُهْدِى؟ قَالَ: «إِلَى أقْرَبِهِمَا مِنكِ بَابًا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «(Бірде Алла елшісінен ﷺ) Уа, Расулалла! Расында, менің екі көршім бар, солардың қайсысына (құрмет көрсетіп) сый берейін?» – дегенімде, ол: «Өзіңе есігі ең жақын болғанға...», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2259).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «(Однажды я спросила Посланника Аллаха ﷺ): “О Посланник Аллаха ﷺ! У меня ведь два соседа. Кому из них мне преподнести подарок (в знак уважения)?” Он ответил: “Тому, чья дверь ближе всего к твоей двери…”» (Аль-Бухари: 2259).

312
Риядус-салихин, № 312Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَيْرُ الْأَصْحَابِ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى خَيْرُهُمْ لِصَاحِبِهِ، وَخَيرُ الْجِيرَانِ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى خَيْرُهُمْ لِجَارِهِ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алланың дәргейінде дос-жаранның ең жақсысы – жолдасына ең қайырлы болғаны, (сол сияқты) Алланың дәргейінде көрші-қолаңның ең жақсысы – көршісіне ең қайырлы болғаны», – деп айтқан (Тирмизи: 1944; Ахмад: 6566).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лучший из друзей пред Аллахом – тот, кто лучше всех относится к своему товарищу, и (точно так же) лучший из соседей пред Аллахом – тот, кто лучше всех относится к своему соседу» (Ат-Тирмизи: 1944; Ахмад: 6566).