Хадис

Риядус-салихин, № 1795

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
362. Сиқырмен айналысу харам
Нөмірі
№ 1795 (қазақша басылым реті)
1795
Риядус-салихин, № 1795Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ». قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا هُنَّ؟ قَالَ: «الشِّرْكُ بِاللَّهِ، وَالسِّحْرُ، وَقَتْلُ النَّفْسِ الَّتِى حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالحَقِّ، وأكْلُ الرِّبَا، وأكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، وَالتَّوَلِّى يَوْمَ الزَّحْفِ؛ وَقَذْفُ الْمُحْصَنَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ الْغَافِلَاتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Адамды құрдымға кетіретін жеті бірдей күнәдан аулақ болыңдар!» – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Олар қандай күнәлар?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Аллаға серік қосу, сиқыр/дуа, шариғатта бекітілген хақ жолдан1 өзге Алла харам қылған жолдармен адам өлтіру, өсім жеу (беру һәм алу), жетімнің мал-дүниесін жеу, соғыс майданынан қашу,2 арсыздық атаулыдан ада һәм бейхабар болған арлы мүмін әйелдерге зина жаласын жабу», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2766, Муслим: 262).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах): «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Остерегайтесь семи губительных грехов!” Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Что это за грехи?” Он ответил: “Придавание Аллаху сотоварищей, колдовство (магия), убийство человека, жизнь которого Аллах объявил неприкосновенной, иначе как по праву, установленному шариатом1, ростовщичество (как получение, так и выплата процентов), присвоение имущества сироты, бегство с поля боя2 и ложное обвинение в прелюбодеянии целомудренных верующих женщин, непричастных к распутству и даже не помышляющих о нём”» (Аль-Бухари: 2766; Муслим: 262).

  1. 1Мұнда шариғат бойынша белгілі ауыр қылмыстар үшін өлім жазасы кесілетін жағдайлар меңзелуде, мысалы нақақтан-нақақ кісі өлтірген қылмыскерге кесілетін қысас жазасы сияқты.
  2. 2Мұнда Алла жолындағы қасиетті соғыста, сондай-ақ отан үшін, ел үшін болған соғыста дұшпанмен бепте-бет келгенде соғыс майданынан жалт беріп қашу жайлы айтылған. Ал соғыс айласы және тактикасы тұрғысынан дұшпанды алдау мақсатында қашу, яки қашқан сияқты болып көріну бұған жатпайды.
  1. 1Здесь имеются в виду предусмотренные шариатом случаи назначения смертной казни за определённые тяжкие преступления, например наказание кисас за убийство невиновного человека.
  2. 2Здесь говорится о бегстве с поля боя при встрече с противником в священной войне на пути Аллаха, а также в войне за родину и свой народ. Отступление ради военной хитрости или тактического обмана противника, в том числе притворное бегство, сюда не относится.