Хадис

Сиқырмен айналысу харам

О запрещении заниматься колдовством

Риядус-салихин, 362-тақырып · 1 хадис · № 1795

Хадистер

«وَمَا كَفَرَ سُلَيْمَانُ وَلكِنَّ الشَّيَاطِينَ كَفَرُوا يُعَلِّمُونَ النَّاسَ السِّحْرَ» «Негізі, Сүлеймен күпірлік қылған жоқ, керісінше, шайтандар күпірлік қылды, өйткені олар адамдарға сиқырды және Бабылдағы Һарут пен Мәрут атты екі періштеге түсірілген (сиқыр ілімін) үйрететін еді» («Бақара», 102-аят).

«Но не становился неверным Сулейман, напротив, стали неверными шайтаны, ибо обучали людей колдовству и тому, что было ниспослано двум ангелам в Вавилоне – Харуту и Маруту» (сура «Бакара», 2:102).

1795
Риядус-салихин, № 1795Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ». قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا هُنَّ؟ قَالَ: «الشِّرْكُ بِاللَّهِ، وَالسِّحْرُ، وَقَتْلُ النَّفْسِ الَّتِى حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالحَقِّ، وأكْلُ الرِّبَا، وأكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، وَالتَّوَلِّى يَوْمَ الزَّحْفِ؛ وَقَذْفُ الْمُحْصَنَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ الْغَافِلَاتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Адамды құрдымға кетіретін жеті бірдей күнәдан аулақ болыңдар!» – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Олар қандай күнәлар?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Аллаға серік қосу, сиқыр/дуа, шариғатта бекітілген хақ жолдан1 өзге Алла харам қылған жолдармен адам өлтіру, өсім жеу (беру һәм алу), жетімнің мал-дүниесін жеу, соғыс майданынан қашу,2 арсыздық атаулыдан ада һәм бейхабар болған арлы мүмін әйелдерге зина жаласын жабу», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2766, Муслим: 262).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах): «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Остерегайтесь семи губительных грехов!” Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Что это за грехи?” Он ответил: “Придавание Аллаху сотоварищей, колдовство (магия), убийство человека, жизнь которого Аллах объявил неприкосновенной, иначе как по праву, установленному шариатом1, ростовщичество (как получение, так и выплата процентов), присвоение имущества сироты, бегство с поля боя2 и ложное обвинение в прелюбодеянии целомудренных верующих женщин, непричастных к распутству и даже не помышляющих о нём”» (Аль-Бухари: 2766; Муслим: 262).

  1. 1Мұнда шариғат бойынша белгілі ауыр қылмыстар үшін өлім жазасы кесілетін жағдайлар меңзелуде, мысалы нақақтан-нақақ кісі өлтірген қылмыскерге кесілетін қысас жазасы сияқты.
  2. 2Мұнда Алла жолындағы қасиетті соғыста, сондай-ақ отан үшін, ел үшін болған соғыста дұшпанмен бепте-бет келгенде соғыс майданынан жалт беріп қашу жайлы айтылған. Ал соғыс айласы және тактикасы тұрғысынан дұшпанды алдау мақсатында қашу, яки қашқан сияқты болып көріну бұған жатпайды.
  1. 1Здесь имеются в виду предусмотренные шариатом случаи назначения смертной казни за определённые тяжкие преступления, например наказание кисас за убийство невиновного человека.
  2. 2Здесь говорится о бегстве с поля боя при встрече с противником в священной войне на пути Аллаха, а также в войне за родину и свой народ. Отступление ради военной хитрости или тактического обмана противника, в том числе притворное бегство, сюда не относится.