Хадис

Риядус-салихин, № 1703

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
311. Мешітке жағымсыз иіспен кірмеу
Нөмірі
№ 1703 (қазақша басылым реті)
1703
Риядус-салихин, № 1703Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ أكَلَ مِنْ هَذِهِ الشَّجَرَةِ – يعني: الثُّومَ – فَلَا يَقْرَبَنَّ مَسْجِدَنَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім мына өсімдіктен (яғни сарымсақ) жеген болса, мешітімізге жоламасын», – деп айтқан. Имам Муслимнің риуаятында «мешіттерімізге жоламасын», – деген (Бұхари: 853, Муслим: 1248, Ахмад: 4619).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Кто ел это растение (то есть чеснок), пусть не приближается к нашей мечети». В версии имама Муслима сказано: «Пусть не приближается к нашим мечетям» (Аль-Бухари: 853; Муслим: 1248; Ахмад: 4619).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте сарымсақ, пияз, жуа сынды жегенде иісі аңқып тұратын көкөністерді мүлдем жеуге болмайды деген түбегейлі тыйым жоқ, мұнда негізінен оларды мешітке жамағатпен намаз оқуға барарда жеуге болмайды деген мағынада тыйым бар.

Түсіндірме (орысша)

Этот хадис не содержит категорического запрета на употребление чеснока, репчатого лука, лука-порея и других овощей, оставляющих после себя резкий запах. Смысл запрета заключается главным образом в том, что их не следует есть перед тем, как отправиться в мечеть для совершения коллективного намаза.