Хадис

Мешітке жағымсыз иіспен кірмеу

О том, что не следует входить в мечеть с неприятным запахом

Риядус-салихин, 311-тақырып · 4 хадис · № 1703–1706

Хадистер

1703
Риядус-салихин, № 1703Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ أكَلَ مِنْ هَذِهِ الشَّجَرَةِ – يعني: الثُّومَ – فَلَا يَقْرَبَنَّ مَسْجِدَنَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім мына өсімдіктен (яғни сарымсақ) жеген болса, мешітімізге жоламасын», – деп айтқан. Имам Муслимнің риуаятында «мешіттерімізге жоламасын», – деген (Бұхари: 853, Муслим: 1248, Ахмад: 4619).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Кто ел это растение (то есть чеснок), пусть не приближается к нашей мечети». В версии имама Муслима сказано: «Пусть не приближается к нашим мечетям» (Аль-Бухари: 853; Муслим: 1248; Ахмад: 4619).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте сарымсақ, пияз, жуа сынды жегенде иісі аңқып тұратын көкөністерді мүлдем жеуге болмайды деген түбегейлі тыйым жоқ, мұнда негізінен оларды мешітке жамағатпен намаз оқуға барарда жеуге болмайды деген мағынада тыйым бар.

Түсіндірме (орысша)

Этот хадис не содержит категорического запрета на употребление чеснока, репчатого лука, лука-порея и других овощей, оставляющих после себя резкий запах. Смысл запрета заключается главным образом в том, что их не следует есть перед тем, как отправиться в мечеть для совершения коллективного намаза.

1704
Риядус-салихин, № 1704Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ أَكَلَ مِنْ هَذِهِ الشَّجَرَةِ فَلَا يَقْرَبَنَّا، وَلَا يُصَلِّيَنَّ مَعَنَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім мына өсімдіктен (яғни сарымсақ) жеген болса, (иісі кеткенше) бізге жоламасын және бізбен бірге намаз оқымасын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 856, Муслим: 1250, Ахмад: 12937).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Пророк ﷺ сказал: “Пусть тот, кто поел этого растения (то есть чеснока), не приближается к нам (пока не исчезнет запах) и не совершает намаз вместе с нами”» (Аль-Бухари: 856; Муслим: 1250; Ахмад: 12937).

1705
Риядус-салихин, № 1705Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ أكَلَ ثُومًا أَوْ بَصَلًا فَلْيَعْتَزلنا، أَوْ فَلْيَعْتَزِلْ مَسْجِدَنَا».

وَفِى رِوَايَةٍ لمسلم: «مَنْ أكَلَ الْبَصَلَ، والثُّومَ، والكُرَّاثَ، فَلَا يَقْرَبَنَّ مَسْجِدَنَا، فَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ تَتَأَذَّى مِمَّا يَتَأَذَّى مِنْهُ بَنُو آدَمَ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Сарымсақ, яки пияз жеген адам бізге немесе мешітімізге (иісі кеткенше) жоламасын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 855, Мусдим: 1252, Ахмад: 15299).

Имам Муслимнің жинағында келген басқа бір риуаятта: «Кімде-кім пияз, сарымсақ және жуа жеген болса, (иісі кеткенше) мешітімізге жоламасын. Өйткені адам баласына ұнамаған нәрсе періштелерге де ұнамайды», – деп айтылған.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Пророк ﷺ сказал: “Пусть тот, кто поел чеснока или лука, не приближается к нам или к нашей мечети (пока не исчезнет запах)”» (Аль-Бухари: 855; Муслим: 1252; Ахмад: 15299).

В другой версии, приведённой в сборнике имама Муслима, говорится: «Пусть тот, кто поел лука, чеснока или лука-порея, не приближается к нашей мечети (пока не исчезнет запах). Ведь ангелам неприятно то же, что неприятно и людям».

1706
Риядус-салихин, № 1706Риуаят етуші: Омар

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب أَنَّهُ خَطَبَ يَوْمَ الْجمْعَةِ فَقَالَ فِى خطبته: ثُمَّ إِنَّكُمْ أيُّهَا النَّاسُ تَأكُلُونَ شَجَرتَيْنِ مَا أَرَاهُمَا إِلَّا خَبِيثَتَيْن: الْبَصَلَ، وَالثُّومَ. لَقَدْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، إِذَا وَجدَ رِيحَهُمَا مِنَ الرَّجُلِ فِى الْمَسْجِدِ أَمَرَ بِهِ، فَأُخْرِجَ إِلَى الْبَقِيعِ، فَمَنْ أكَلَهُمَا، فَلْيُمِتْهُمَا طَبْخًا

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) бірде жұма күні құтба айтып, сол құтбасында былай деген: «Содан соң уа, жарандар! Сіздер екі өсімдік жейсіздер, ол екеуінің иісі өте жағымсыз деп білем. Ол – пияз бен сарымсақ. Кезінде Алла елшісі ﷺ мешітте біреуден сол екеуінің иісін сезгенде, оны «бақиғ» зираты жаққа қарай шығарып жіберуді тапсырғанын көрдім. Сондықтан да жейтін адам оларды пісіру арқылы иісін кетіріп жесін» (Муслим: 1258, Ахмад: 89).

Орысша аудармасы

Однажды Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах), произнося пятничную проповедь, сказал: «А затем, о люди! Вы употребляете в пищу два растения, запах которых я считаю крайне неприятным. Это лук и чеснок. Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ, почувствовав в мечети исходящий от человека запах одного из них, велел вывести его в сторону кладбища аль-Баки. Поэтому тот, кто желает есть их, пусть сначала приготовит их так, чтобы устранить запах» (Муслим: 1258; Ахмад: 89).