عَنِ ابْنِ عَبَّاس فِى قِصَّةِ برِيرَةَ وَزَوْجِهَا، قَالَ: قَالَ لَهَا النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْ رَاجَعْتِهِ؟» قَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ تَأمُرُنِى؟ قَالَ: «إِنَّمَا أَشْفَع» قَالَتْ: لَا حَاجَةَ لِى فِيهِ
Ибн Аббас (р.а.) Бәрира есімді әйел мен күйеуі (Муғистің) қиссасын1 баяндап былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ Бәрираға: «Мүмкін (Муғиске) ораларсың?!» – деді. Бәрира: «Уа, Расулалла! Маған (күйеуіме оралуды) бұйырып тұрсыз ба?» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Жоқ, тек араларыңда дәнекер болып тұрмын», – деді. Сонда Бәрира: «Олай болса, ол маған қажет емес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5273).
Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах), рассказывая историю женщины по имени Барира и её мужа (Мугиса)1, сказал: «Пророк ﷺ спросил Бариру: “Может быть, ты вернёшься (к Мугису)?” Барира спросила: “О Посланник Аллаха! Вы приказываете мне (вернуться к мужу)?” Пророк ﷺ ответил: “Нет, я лишь выступаю посредником между вами”. Тогда Барира сказала: “В таком случае он мне не нужен”» (Аль-Бухари: 5273).
- 1Барира Айша анамыздың күңі болған, Айша анамыз оны құлдықтан азат еткенде, Пайғамбарымыз ﷺ оған әлі де құл болып жүрген күйеуі Муғиспен бірге ерлі-зайыпты боп қалуларын ұсынады, өйткені күйеуі Муғис оны қатты жақсы көретін еді, ал Барира болса күйеуін онша ұнатпайтын еді.
- 1Барира была рабыней Аиши, матери правоверных. Когда Аиша освободила её, Пророк ﷺ предложил ей сохранить брак с её мужем Мугисом, который всё ещё оставался рабом: он очень любил Бариру, тогда как она не испытывала к нему особой привязанности.