Хадис

Дәнекер болу жайында

О посредничестве

Риядус-салихин, 30-тақырып · 2 хадис · № 247–248

Хадистер

«مَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً حَسَنَةً يَكُنْ لَهُ نَصِيبٌ مِنْهَا» «Кімде-кім бір жақсы іске дәнекер болса, сол жақсылықтың сауабынан оның да алар үлесі бар...» («Ниса» сүресі, 85-аят).

«Кто станет посредником в благом деле – и тому доля из награды за это» (сура «Ниса», 4:85).

247
Риядус-салихин, № 247Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: كَانَ النَّبِيّ ﷺ إِذَا أتاهُ طَالِبُ حَاجَةٍ أقبَلَ عَلَى جُلَسَائِهِ، فَقَالَ: «اشْفَعُوا تُؤْجَرُوا، وَيَقْضِى اللَّه عَلَى لِسَانِ نَبِيِّهِ مَا أحبَّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ өзіне біреу мұң-мұқтажын айтып келсе, қасында отырғандарға: «Қане араша түсіңдер, әжір-сауап аласыңдар, ал Алла болса, пайғамбары арқылы ұнатқан1 үкімін айтады», – дейтін», – деп айтқан (Бұхари: 1432; Муслим: 6691; Ахмад: 19706).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда к Пророку ﷺ приходил кто-либо со своей нуждой, он говорил находившимся рядом с ним: “Ходатайствуйте за него – и вы получите награду, а Аллах через Своего пророка вынесет угодное Ему1 решение”» (Аль-Бухари: 1432; Муслим: 6691; Ахмад: 19706).

  1. 1Басқа бір риуаятта: «Қалаған үкімін айтады», – деп келген.
  1. 1В другой передаче: «Вынесет решение, какое пожелает».
248
Риядус-салихин, № 248Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس فِى قِصَّةِ برِيرَةَ وَزَوْجِهَا، قَالَ: قَالَ لَهَا النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْ رَاجَعْتِهِ؟» قَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ تَأمُرُنِى؟ قَالَ: «إِنَّمَا أَشْفَع» قَالَتْ: لَا حَاجَةَ لِى فِيهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Бәрира есімді әйел мен күйеуі (Муғистің) қиссасын1 баяндап былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ Бәрираға: «Мүмкін (Муғиске) ораларсың?!» – деді. Бәрира: «Уа, Расулалла! Маған (күйеуіме оралуды) бұйырып тұрсыз ба?» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Жоқ, тек араларыңда дәнекер болып тұрмын», – деді. Сонда Бәрира: «Олай болса, ол маған қажет емес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5273).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах), рассказывая историю женщины по имени Барира и её мужа (Мугиса)1, сказал: «Пророк ﷺ спросил Бариру: “Может быть, ты вернёшься (к Мугису)?” Барира спросила: “О Посланник Аллаха! Вы приказываете мне (вернуться к мужу)?” Пророк ﷺ ответил: “Нет, я лишь выступаю посредником между вами”. Тогда Барира сказала: “В таком случае он мне не нужен”» (Аль-Бухари: 5273).

  1. 1Барира Айша анамыздың күңі болған, Айша анамыз оны құлдықтан азат еткенде, Пайғамбарымыз ﷺ оған әлі де құл болып жүрген күйеуі Муғиспен бірге ерлі-зайыпты боп қалуларын ұсынады, өйткені күйеуі Муғис оны қатты жақсы көретін еді, ал Барира болса күйеуін онша ұнатпайтын еді.
  1. 1Барира была рабыней Аиши, матери правоверных. Когда Аиша освободила её, Пророк ﷺ предложил ей сохранить брак с её мужем Мугисом, который всё ещё оставался рабом: он очень любил Бариру, тогда как она не испытывала к нему особой привязанности.