Хадис

Мұсылманға қол ұшын беру

Об оказании помощи мусульманину

Риядус-салихин, 29-тақырып · 2 хадис · № 245–246

Хадистер

«وَافْعَلُوا الْخَيْرَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ» «...Жақсылық жасаңдар! Міне, сонда мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер!» («Хаж» сүресі, 77-аят).

«И творите благое, дабы вы преуспели и достигли своих целей» (сура «Хадж», 22:77).

245
Риядус-салихин, № 245Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «المُسْلِمُ أخُو الْمُسْلِمِ، لَا يَظْلِمُهُ، وَلَا يُسْلِمُهُ. مَنْ كَانَ فِى حَاجَة أخِيه، كَانَ اللَّهُ فِى حَاجَتِهِ، وَمَنْ فَرَّجَ عَنْ مُسْلِمٍ كُرْبَةً، فَرَّجَ اللَّهُ عَنْهُ بِهَا كُرْبَةً مِنْ كرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман – бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2442; Муслим: 6578; Ахмад: 5646).

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин – брат мусульманину. Истинный мусульманин не притесняет своего брата и не предаёт его. Кто поможет своему брату-мусульманину в его нужде, тому Аллах Всевышний поможет в его собственной нужде. Кто избавит своего брата-мусульманина от скорби, того Аллах Всевышний избавит от одной из скорбей Дня воскресения. А кто скроет недостаток мусульманина, недостаток того Аллах Всевышний также скроет в День воскресения» (Аль-Бухари: 2442; Муслим: 6578; Ахмад: 5646).

246
Риядус-салихин, № 246Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ نَفَّسَ عَنْ مُؤْمِنٍ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ الدُّنيَا، نَفَّسَ اللَّه عَنْهُ كُربَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ يَسَّر عَلَى مُعْسِرٍ يَسَّرَ اللَّه عَلَيْهِ فِى الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا سَتَرَهُ اللَّه فِى الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، واللَّه فِى عَونِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ فِى عَونِ أخِيهِ، وَمَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَلْتَمِسُ فِيهِ عِلْمًا سَهَّلَ اللَّهُ لَهُ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ. وَمَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِى بَيْت مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ تَعَالَى، يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ، وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ، وَغَشِيتْهُمُ الرَّحْمَةُ، وَحَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ، وَذَكَرَهُمُ اللَّه فِيمَنْ عِنْدَهُ. وَمَنْ بَطَّأ بِهِ عَمَلُهُ لَمْ يُسْرِع بِهِ نَسَبُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе (яғни, қарызын кешсе немесе асықпай күтсе), Алла Тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Алла Тағала екі дүниеде де оның айыбын жасырады. Сондай-ақ Алланың пендесі мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла Тағала да пендесіне жәрдем етуін тоқтатпайды. Ал кім білім іздену жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Алланың үйлерінің бірінде бас қосып Құран оқып, оны өзара талқылап түсінуге тырысқан қауым жан тыныштығына кенеледі, Раббыларының шексіз мейіріміне бөленеді, оларды періштелер айнала қоршап алады және Алла Тағала құзырындағыларға олар жайлы мақтау айтады. Игі істері жеткіліксіз болып, артта қалған пендені тектілігі көш ілгері ете алмас»1, – деп айтты» – делінген (Муслим: 6853; Ахмад: 7427).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто поможет своему верующему брату избавиться от одной из скорбей этого мира, того Аллах Всевышний избавит от одной из скорбей Дня воскресения. Кто с пониманием отнесётся к должнику, оказавшемуся в затруднительном положении, и облегчит его участь (то есть простит ему долг или предоставит отсрочку и терпеливо подождёт), тому Аллах Всевышний облегчит дела и в этом мире, и в мире ином. Кто скроет недостаток своего брата-мусульманина, недостатки того Аллах Всевышний скроет и в этом мире, и в мире ином. Аллах Всевышний будет помогать Своему рабу до тех пор, пока тот помогает своему брату-мусульманину.

А тому, кто вступит на путь поиска знания, Аллах Всевышний облегчит путь, ведущий в рай.

Люди, собравшиеся в одном из домов Аллаха, чтобы читать Коран и, обсуждая его между собой, стремиться понять смысл прочитанного, обретут душевный покой, их объемлет безграничная милость их Господа, их окружат ангелы, а Аллах Всевышний похвалит их перед теми, кто находится у Него. Человека, оставшегося позади из-за недостатка благих дел, знатное происхождение не продвинет вперёд»1 (Муслим: 6853; Ахмад: 7427).

  1. 1Яғни, о дүниеге барғанда сауапты істері жеткіліксіз болған пендеге пәни дүниедегі тектілігі мен атағы, абыройы мен беделі ешбір пайда бермейді.
  1. 1То есть в вечной жизни человеку, у которого недостаточно благих дел, не принесут никакой пользы ни его знатное происхождение, ни слава, ни почёт и авторитет, которыми он обладал в этом мире.