عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «لَا يَأكُلَنَّ أَحَدُكُمْ بِشِمَالِهِ، وَلَا يَشْرَبَنَّ بِهَا، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَأْكُلُ بِشِمَالِهِ وَيَشْرَبُ بِهَا»
Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің сол қолымен тамақ жемесін және сол қолымен сусын ішпесін! Өйткені шайтан сол қолымен ішіп-жейді», – деген (Муслим: 5265, Ахмад: 6117).
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не ест левой рукой и не пьёт ею! Ведь шайтан ест и пьёт левой рукой» (Муслим: 5265; Ахмад: 6117).
Түсіндірме (қазақша)
Хадисте сол қолмен ішіп-жеу, біріншіден, сүннетке қайшы болғандықтан, екіншіден, сүннет бойынша сол қолмен үлкен және кіші дәреттен кейін тазалық жасалатындықтан, үшіншіден, тамақтың берекесін кетіретіндіктен шайтанға телінген. Ал оң қолды қолдана алмайтын үзірлі жағдайлардың жөні басқа, ондай жағдайда сол қолмен ішіп-жеуге рұқсат.
Түсіндірме (орысша)
В хадисе еда и питьё левой рукой связываются с шайтаном по трём причинам: во-первых, это противоречит Сунне; во-вторых, согласно Сунне левой рукой совершают очищение после справления большой и малой нужды; в-третьих, это лишает пищу благодати. Что касается человека, который по уважительной причине не может пользоваться правой рукой, то это иной случай: ему разрешается есть и пить левой рукой.