Хадис

Кәпірлер мен шайтанға ұқсаудан сақтану

О необходимости остерегаться уподобления неверующим и шайтану

Риядус-салихин, 293-тақырып · 3 хадис · № 1636–1638

Хадистер

1636
Риядус-салихин, № 1636Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَأكُلُوا بِالشِّمَالِ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَأكُلُ ويَشربُ بِالشِّمَالِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сол қолдарыңмен ас ішпеңдер, өйткені шайтан сол қолымен тамақтанады», – деп айтты», – деген (Муслим: 5264, Ахмад: 14587).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не ешьте левой рукой, ибо шайтан ест и пьёт левой рукой”» (Муслим: 5264; Ахмад: 14587).

1637
Риядус-салихин, № 1637Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «لَا يَأكُلَنَّ أَحَدُكُمْ بِشِمَالِهِ، وَلَا يَشْرَبَنَّ بِهَا، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَأْكُلُ بِشِمَالِهِ وَيَشْرَبُ بِهَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің сол қолымен тамақ жемесін және сол қолымен сусын ішпесін! Өйткені шайтан сол қолымен ішіп-жейді», – деген (Муслим: 5265, Ахмад: 6117).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не ест левой рукой и не пьёт ею! Ведь шайтан ест и пьёт левой рукой» (Муслим: 5265; Ахмад: 6117).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте сол қолмен ішіп-жеу, біріншіден, сүннетке қайшы болғандықтан, екіншіден, сүннет бойынша сол қолмен үлкен және кіші дәреттен кейін тазалық жасалатындықтан, үшіншіден, тамақтың берекесін кетіретіндіктен шайтанға телінген. Ал оң қолды қолдана алмайтын үзірлі жағдайлардың жөні басқа, ондай жағдайда сол қолмен ішіп-жеуге рұқсат.

Түсіндірме (орысша)

В хадисе еда и питьё левой рукой связываются с шайтаном по трём причинам: во-первых, это противоречит Сунне; во-вторых, согласно Сунне левой рукой совершают очищение после справления большой и малой нужды; в-третьих, это лишает пищу благодати. Что касается человека, который по уважительной причине не может пользоваться правой рукой, то это иной случай: ему разрешается есть и пить левой рукой.

1638
Риядус-салихин, № 1638Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْيَهُودَ وَالنَّصَارى لَا يَصْبغُونَ، فَخَالِفُوهُمْ».

المُرَادُ: خِضَابُ شَعْرِ اللَّحْيَةِ والرَّأسِ الْأبْيَضِ بِصُفْرَةٍ أَوْ حُمْرَةٍ؛ وأَمَّا السَّوَادُ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Яһудилер мен христиандар шаштары мен сақал-мұрттарын боямайды. Сендер оларға кереғар әрекет етіңдер, (яғни, ағарған шаштарың мен сақал-мұрттарыңды бояңдар)», – деген (Бұхари: 5899, Муслим: 5510, Ахмад: 9209).

Хадисте ағарған шаш пен сақал-мұртты қара түстен басқа қызыл, сары, (қоңыр) түсті қынамен бояу меңзелген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Иудеи и христиане не окрашивают свои волосы, бороды и усы. Вы же поступайте вопреки им (то есть окрашивайте поседевшие волосы, бороды и усы)» (Аль-Бухари: 5899; Муслим: 5510; Ахмад: 9209).

В хадисе имеется в виду окрашивание поседевших волос, бороды и усов хной в красный, жёлтый или (коричневый) цвет, но не в чёрный.