Хадис

Сөйлегенде, жүріп-тұрғанда, киінгенде ер адамдардың әйелдерге, әйелдердің еркектерге еліктеуі және ұқсауы харам

О запрете мужчинам уподобляться женщинам, а женщинам – мужчинам в речи, поведении и одежде

Риядус-салихин, 292-тақырып · 3 хадис · № 1633–1635

Хадистер

1633
Риядус-салихин, № 1633Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: لَعَنَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمُخَنَّثِينَ مِنَ الرِّجَالِ، وَالْمُتَرَجِّلَاتِ مِنَ النِّسَاءِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ (сөйлегенде, жүріп-тұрғанда, киінгенде) әйелдерге ұқсаған ерлер мен ерлерге ұқсаған әйелдерді лағынеттеді», – деген (Бұхари: 5885-5886, Ахмад: 1982).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ проклял мужчин, уподобляющихся женщинам, и женщин, уподобляющихся мужчинам (в речи, поведении и одежде)» (Аль-Бухари: 5885–5886; Ахмад: 1982).

1634
Риядус-салихин, № 1634Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لَعَنَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ الرَّجُلَ يَلْبَسُ لِبْسَةَ الْمَرْأَةِ، والمَرْأَةَ تَلْبِسُ لِبْسَةَ الرَّجُلِ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ әйелдердің киімін киетін еркекті және ерлердің киімін киетін әйелді лағынеттеген», – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 4098, Ибн Хиббан: 5751).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ проклял мужчину, надевающего женскую одежду, и женщину, надевающую мужскую одежду» (Абу Дауд: 4098; Ибн Хиббан: 5751).

1635
Риядус-салихин, № 1635Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «صِنْفَانِ مِنْ أَهْلِ النَّارِ لَمْ أَرَهُمَا: قَومٌ مَعَهُمْ سِيَاطٌ كَأذْنَابِ الْبَقَرِ يَضْرِبُونَ بِهَا النَّاسَ، وَنِسَاءٌ كَاسِيَاتٌ عَارِيَاتٌ مُمِيلَاتٌ مَائِلَاتٌ، رُؤُوسُهُنَّ كَأَسْنِمَةِ الْبُخْتِ الْمائِلَةِ لَا يَدْخُلْنَ الْجَنَّةَ، وَلَا يَجِدْنَ رِيحَهَا، وإِنَّ رِيحَهَا لَيُوجَدُ مِنْ مَسِيرَةِ كَذَا وَكذَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Өз басым әлі күнге көрмеген екі түрлі тозаққа кіретін адамдар бар. Біріншісі, қолына өгіздің құйрығындай қамшы ұстап алып, өзіне бағынышты адамдарды қамшының астына алатын қатыгез залымдар. Екіншісі, Алланың нығметіне бөленсе де шүкіршілік етуді білмейтін, ашық-шашық киінетін немесе тәнін көрсетіп жұп-жұқа киінетін, Аллаға бағынудан бас тартып, сәнденіп алып кердең басып жүретін, өзгелерді де өздері сияқты болуға үндейтін және бастары түйенің өркешіндей қоқырайған әйелдер. Міне, осындай әйелдер жұмаққа кірмейді, тіпті оның хош иісін де сезбейді. Ал жұмақтың иісі өте алыстан сезіледі», – деп айтты», – делінген (Муслим: 5582, Ахмад: 9680).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Есть две категории людей, которые войдут в ад и которых я лично до сих пор не видел. Первые – жестокие тираны, держащие в руках плети, подобные бычьим хвостам, и избивающие подвластных им людей. Вторые – женщины, которые, будучи одарены благами Аллаха, не умеют быть благодарными; одеваются открыто либо носят настолько тонкую одежду, что сквозь неё видно тело; отказываются повиноваться Аллаху; наряжаются и ходят надменно; призывают других быть такими же, как они; а их головы возвышаются подобно верблюжьим горбам. Такие женщины не войдут в рай и даже не ощутят его благоухания, хотя благоухание рая ощущается с очень далёкого расстояния» (Муслим: 5582; Ахмад: 9680).