عَنْ هِشام بْنِ حكيمِ بْنِ حِزَامٍ أَنَّهُ مَرَّ بِالْشَّامِ عَلَى أُنَاسٍ مِنَ الْأَنْبَاطِ، وَقَدْ أُقيِمُوا فِى الشَّمْسِ، وَصُبَّ عَلَى رُؤُوسِهِمُ الزَّيْتُ! فَقَالَ: مَا هَذَا؟ قيل: يُعَذَّبُونَ فِى الْخَرَاجِ – وَفِى رِوَايَة: حُبِسُوا فِى الْجِزْيَةِ – فَقَالَ هِشَامٌ: أشهدُ لَسَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يُعَذِّبُ الَّذِينَ يُعَذِّبُونَ النَّاس فِى الدُّنْيَا». فَدَخَلَ عَلَى الْأمِيرِ، فَحَدَّثَهُ، فَأَمَرَ بِهِمْ فَخُلُّوا
Һишам ибн Хаким ибн Хизам (р.а.) жеткізген хадисте былай баяндалған: «Бірде ол Шам жерінде сапарда болғанында, бастарына май құйылып, ыстық күннің астына тұрғызылып азапталып жатқан жат жұрттық диқандарды көріп: «Бұл не жағдай?» – деп сұрағанда, оған: «Хараж1 төлемегендері үшін азапталып жатыр», – деген жауап айтылады. Басқа бір риуаятта: «Жизя салығын төлемегендері үшін тұтылып қамалған», – делінген. Сонда Һишам: Мен Алла елшісінің ﷺ: «Бұл дүниеде адамдарды азаптағандарды2 Алла азаптайды!» – деп айтқанын естігеніме куәлік келтіремін!, деді де, сол аймақтың әміршісінің3 құзырына кіріп, оған осы хадисті жеткізіп, насихат айтады. Содан әмірші оларды дереу босатуды бұйырады да, барлығы бірдей босатылады» (Муслим: 6657, Ахмад: 15330).
Хишам ибн Хаким ибн Хизам (да будет доволен им Аллах) передал следующее: «Однажды, находясь в путешествии по землям Шама, он увидел чужеземных земледельцев, которых истязали, заставив стоять под палящим солнцем и полив им головы маслом. Он спросил: “Что здесь происходит?” Ему ответили: “Их подвергают мучениям за неуплату хараджа1”. В другой версии говорится: “Их задержали и заключили под стражу за неуплату джизьи”. Тогда Хишам сказал: “Свидетельствую, что я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Аллах подвергнет мучениям тех, кто мучает людей в этом мире2!’” После этого он явился к правителю той области3, передал ему этот хадис и увещевал его. Тогда правитель повелел немедленно освободить этих людей, и все они были освобождены» (Муслим: 6657; Ахмад: 15330).
- 1Жерден өндірілген егін, көкөніс, жеміс-жидек сынды өнімдерге салынатын салық түрі. Хараж салығының мөлшері фиқһ ілімінде өнімнің түрі және жауын суымен немесе қолдан суғарылған өнімдердің түрлеріне қарай белгіленген.
- 2Мұнда адамдарды нақақтан-нақақ азаптау немесе белгілі бір кінәсі үшін жазалағанда шектен шығу меңзелген.
- 3Бұл хадистегі әмірші – Умайр ибн Сағд еді, сол кезде ол Палестина аймағының әміршісі болған еді.
- 1Харадж – налог на выращенную сельскохозяйственную продукцию, в том числе на зерновые, овощи, фрукты и ягоды. В фикхе его размер определяется в зависимости от вида урожая и от того, орошались ли посевы дождевой водой или искусственно.
- 2Здесь имеются в виду истязания людей без вины, а также превышение меры при наказании за определённую провинность.
- 3Упомянутым в хадисе правителем был Умайр ибн Саад, который в то время управлял областью Палестины.