Хадис

Басыбайлы құлды, жан-жануарды, әйел мен бала-шағаны жөн-жосықсыз азаптауға, ұрып-соғуға болмайды

О запрете безосновательно мучить и избивать рабов, животных, женщин и детей

Риядус-салихин, 282-тақырып · 9 хадис · № 1602–1610

Хадистер

«وَبِالوَالِدَيْنِ إِحْسانًا وَبِذي الْقُرْبَى واليَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالجَارِ ذِى الْقُرْبَى وَالجَارِ الْجُنُبِ والصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وابْنِ السَّبيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمانُكُمْ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ مَنْ كَانَ مُخْتالًا فَخُورًا» «Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Әрі жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, жора-жолдастарыңа, мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы қызметшілеріңе жақсылық жасаңдар. Шынында, өзін әлдеқандай көретін мақтаншақты Алла жақсы көрмейді» («Ниса», 36-аят).

«Родителям делайте добро, а также родственникам, и сиротам, и обездоленным, и близким соседям, и дальним соседям, и товарищам, что рядом с вами, и нуждающимся путникам, и слугам, которыми вы распоряжаетесь. Поистине, Аллах не любит высокомерных и хвастливых» (сура «Ниса», 4:36).

1602
Риядус-салихин, № 1602Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «عُذِّبَتِ امْرَأَةٌ فِى هِرَّةٍ سَجَنَتْها حَتَّى مَاتَتْ، فَدَخَلَتْ فِيهَا النَّارَ، لَا هِيَ أَطْعَمَتْهَا وَسَقَتْهَا، إِذْ حَبَسَتْهَا، وَلَا هِيَ تَرَكَتْهَا تَأكُلُ مِنْ خَشَاشِ الْأَرْضِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бір әйел мысықты қамап қойып аштан өлтіргені үшін азапқа лайық болып тозаққа кірді, өйткені ол байғұс мысыққа тамақ та, су да бермей, тіпті жердегі жәндіктерді де теріп жеуіне мұрсат берместен қамап қойған еді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 3482, Муслим: 5852, Ахмад: 9482).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Одна женщина заслужила наказание и вошла в ад за то, что заперла кошку и уморила её голодом: она не давала несчастной кошке ни пищи, ни воды и, держа её взаперти, не позволяла ей даже ловить и поедать живность на земле» (Аль-Бухари: 3482; Муслим: 5852; Ахмад: 9482).

1603
Риядус-салихин, № 1603Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ: أَنَّهُ مَرَّ بِفِتْيَانٍ مِنْ قُرَيْشٍ قَدْ نَصَبُوا طَيرًا وَهُمْ يَرْمُونَهُ، وَقَدْ جَعَلُوا لِصَاحِبِ الطَّيْرِ كُلَّ خَاطِئَةٍ مِنْ نَبْلِهمْ، فَلَمَّا رَأَوْا ابْنَ عُمَرَ تَفَرَّقُوا، فَقَالَ ابْنُ عُمَرَ: مَنْ فَعَلَ هَذَا؟ لَعَنَ اللَّهُ مَنْ فَعَلَ هَذَا، إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَعَنَ مَنِ اتَّخَذَ شَيْئًا فِيهِ الرُّوحُ غَرَضًا

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: Бірде ол бір құсты нысанаға қойып, оны оқпен атып жатқан бір топ құрайштық жастардың жанынан өтті. Олар нысанаға тимей қалған әрбір жебені ақы ретінде құстың иесіне беріп отырды. Содан олар Ибн Омарды көрген бойда жан-жаққа бытырап қашып кетті. Сонда Ибн Омар: «Мынаны кім істеді? Мұны істегенді Алла лағынеттесін. Алла елшісі ﷺ: «Кеудесінде жаны бар тіршілік иесін нысанаға тіккенге лағынет айтқан», – деп ашуланды» (Бұхари: 5515, Муслим: 5061, Ахмад: 5587).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) однажды проходил мимо группы юношей-курайшитов, которые сделали птицу мишенью и стреляли в неё из луков. Каждую стрелу, не попавшую в цель, они отдавали хозяину птицы в качестве платы. Увидев Ибн Умара, они разбежались в разные стороны. Тогда Ибн Умар разгневался и сказал: «Кто это сделал? Да проклянёт Аллах совершившего это! Посланник Аллаха ﷺ проклял того, кто делает мишенью живое существо» (Аль-Бухари: 5515; Муслим: 5061; Ахмад: 5587).

1604
Риядус-салихин, № 1604Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: نهى رسُولُ اللَّهِ ﷺ أن تُصْبَرَ الْبَهَائِمُ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ жан-жануарларды (өлтіру мақсатында) байлап, нысана ретінде қолдануға қатаң тыйым салды», – деген (Бұхари: 5513, Муслим: 5057, Ахмад: 12161).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ строго запретил связывать животных (с целью их умерщвления) и использовать их в качестве мишеней» (Аль-Бухари: 5513; Муслим: 5057; Ахмад: 12161).

1605
Риядус-салихин, № 1605

عَنْ أَبِى عليٍّ سويدِ بْنِ مُقَرِّنٍ قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُنِى سَابِعَ سَبْعَةٍ مِنْ بَنِى مُقَرِّنٍ مَا لَنَا خَادِمٌ إِلَّا وَاحِدَةٌ لَطَمَهَا أصْغَرُنَا فَأَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ نُعْتِقَهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Али Суәйд ибн Муқаррин (р.а.): «Мен Муқарриннің жеті ұлының бірі едім. Біздің бір ғана күңіміз болған еді. Бірде кенже ініміз соны шапалақпен тартып жіберген еді. Сонда Алла елшісі ﷺ бізге оны азат етуді бұйырды», – деген (Муслим: 4301).

Орысша аудармасы

Абу Али Сувайд ибн Мукаррин (да будет доволен им Аллах) передал: «Я был одним из семерых сыновей Мукаррина. У нас была лишь одна рабыня. Однажды наш младший брат ударил её по лицу, и тогда Посланник Аллаха ﷺ велел нам отпустить её на волю» (Муслим: 4301).

1606
Риядус-салихин, № 1606Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри

عَنْ أَبِى مَسْعُودٍ الْبدْرِيِّ قَالَ: كُنْتُ أضْرِبُ غُلَامًَا لِى بِالْسَّوْطِ، فَسَمِعْتُ صَوْتًا مِنْ خَلْفِى: «اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ» فَلَمْ أفْهَمِ الصَّوْتِ مِنَ الْغَضَبِ، فَلَمَّا دَنَا مِنِّى إِذَا هُوَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فإِذا هُوَ يَقُولُ: «اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ أَنَّ اللَّهَ أقْدَرُ عَلَيْكَ مِنْكَ عَلَى هَذَا الْغُلَامِ». فَقُلتُ: لَا أضْرِبُ مَمْلُوكًا بَعْدَهُ أَبَدًا

وَفِى رِوَايَةٍ: فَسَقَطَ السَّوْطُ مِنْ يَدِى مِنْ هَيْبَتِهِ

وَفِى رِوَايَةٍ: فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ حُرٌّ لِوَجْهِ اللَّهِ تَعَالَى، فَقَالَ: «أمَا لَوْ لَمْ تَفْعَلْ، لَلَفَحَتْكَ النَّارُ، أَوْ لَمَسَّتْكَ النَّارُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Бір күні басыбайлы құлымды қамшымен сабап жатқанымда, арқа тұсымнан шыққан: «Уа, Әбу Масғуд, біліп қой!» – деген дауысты естідім. Ашудан түтігіп, кімнің дауысы екенін бірден ажырата алмадым. Әлгі дауыстың иесі маған әбден жақындап келгенде, қарасам, Алла елшісі ﷺ екен. Сонда ол: «Уа, Әбу Масғуд, біліп қой! (Егер) Алла Тағала (сені азаптайтын болса), Оның құдіреті, сенің мына құлға көрсеткен күшіңнен әлдеқайда артық», – деді. Сонда мен оған: «Бұдан былай құл атаулыға қол көтермеймін», – деп сөз бердім», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Әбу Масғуд (р.а.): «Сонда Алла елшісінен қорыққанымнан қолымдағы қамшыны жерге түсіріп алдым», – деп айтты» – делінген.

Енді бір риуаятта: «Әбу Масғуд (р.а.): «Уа, Расулалла! Алланың разылығы үшін ол бұдан былай азат», – дедім. Сонда ол маған: «Егер солай істемегеніңде, тозақ отына күйетін едің (немесе тозақ оты сені сәл ғана жалап өтетін еді)», – деп айтты» – делінген (Муслим: 4306, Ахмад: 22350).

Орысша аудармасы

Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я бил плетью своего раба, я услышал позади себя голос: “Знай же, о Абу Масуд!” Охваченный гневом, я не сразу понял, чей это был голос. Когда говоривший подошёл ко мне совсем близко, я увидел, что это Посланник Аллаха ﷺ. Тогда он сказал: “Знай же, о Абу Масуд! Аллах Всевышний более властен над тобой (и способен подвергнуть тебя наказанию), чем ты над этим рабом”. Тогда я пообещал ему: “Отныне я никогда не подниму руку ни на одного раба”».

В другой версии передаётся, что Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Тогда от страха перед Посланником Аллаха ﷺ я выронил на землю плеть, которую держал в руке».

Ещё в одной версии передаётся, что Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я сказал: “О Посланник Аллаха! Ради довольства Аллаха отныне он свободен”. Тогда он сказал мне: “Если бы ты не сделал этого, тебя опалил бы огонь ада (или коснулся бы тебя)”» (Муслим: 4306; Ахмад: 22350).

1607
Риядус-салихин, № 1607Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ ضَرَبَ غُلَامًَا لَهُ حَدًّا لَمْ يَأْتِهِ، أَوْ لَطَمَهُ، فَإِنَّ كَفَارَتَهُ أَنْ يُعْتِقَهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім қол астындағы қызметшісіне істемеген ісі үшін хад жасасын кесіп, дүре соқса немесе ұрса, оның өтемі оны азат ету болмақ», – деп айтқан (Муслим: 4298, Ахмад: 5051).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо назначит своему слуге наказание хадд и высечет его за проступок, которого тот не совершал, или ударит его, то искуплением за это станет освобождение этого слуги» (Муслим: 4298; Ахмад: 5051).

1608
Риядус-салихин, № 1608

عَنْ هِشام بْنِ حكيمِ بْنِ حِزَامٍ أَنَّهُ مَرَّ بِالْشَّامِ عَلَى أُنَاسٍ مِنَ الْأَنْبَاطِ، وَقَدْ أُقيِمُوا فِى الشَّمْسِ، وَصُبَّ عَلَى رُؤُوسِهِمُ الزَّيْتُ! فَقَالَ: مَا هَذَا؟ قيل: يُعَذَّبُونَ فِى الْخَرَاجِ – وَفِى رِوَايَة: حُبِسُوا فِى الْجِزْيَةِ – فَقَالَ هِشَامٌ: أشهدُ لَسَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يُعَذِّبُ الَّذِينَ يُعَذِّبُونَ النَّاس فِى الدُّنْيَا». فَدَخَلَ عَلَى الْأمِيرِ، فَحَدَّثَهُ، فَأَمَرَ بِهِمْ فَخُلُّوا

Қазақша аудармасы

Һишам ибн Хаким ибн Хизам (р.а.) жеткізген хадисте былай баяндалған: «Бірде ол Шам жерінде сапарда болғанында, бастарына май құйылып, ыстық күннің астына тұрғызылып азапталып жатқан жат жұрттық диқандарды көріп: «Бұл не жағдай?» – деп сұрағанда, оған: «Хараж1 төлемегендері үшін азапталып жатыр», – деген жауап айтылады. Басқа бір риуаятта: «Жизя салығын төлемегендері үшін тұтылып қамалған», – делінген. Сонда Һишам: Мен Алла елшісінің ﷺ: «Бұл дүниеде адамдарды азаптағандарды2 Алла азаптайды!» – деп айтқанын естігеніме куәлік келтіремін!, деді де, сол аймақтың әміршісінің3 құзырына кіріп, оған осы хадисті жеткізіп, насихат айтады. Содан әмірші оларды дереу босатуды бұйырады да, барлығы бірдей босатылады» (Муслим: 6657, Ахмад: 15330).

Орысша аудармасы

Хишам ибн Хаким ибн Хизам (да будет доволен им Аллах) передал следующее: «Однажды, находясь в путешествии по землям Шама, он увидел чужеземных земледельцев, которых истязали, заставив стоять под палящим солнцем и полив им головы маслом. Он спросил: “Что здесь происходит?” Ему ответили: “Их подвергают мучениям за неуплату хараджа1”. В другой версии говорится: “Их задержали и заключили под стражу за неуплату джизьи”. Тогда Хишам сказал: “Свидетельствую, что я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Аллах подвергнет мучениям тех, кто мучает людей в этом мире2!’” После этого он явился к правителю той области3, передал ему этот хадис и увещевал его. Тогда правитель повелел немедленно освободить этих людей, и все они были освобождены» (Муслим: 6657; Ахмад: 15330).

  1. 1Жерден өндірілген егін, көкөніс, жеміс-жидек сынды өнімдерге салынатын салық түрі. Хараж салығының мөлшері фиқһ ілімінде өнімнің түрі және жауын суымен немесе қолдан суғарылған өнімдердің түрлеріне қарай белгіленген.
  2. 2Мұнда адамдарды нақақтан-нақақ азаптау немесе белгілі бір кінәсі үшін жазалағанда шектен шығу меңзелген.
  3. 3Бұл хадистегі әмірші – Умайр ибн Сағд еді, сол кезде ол Палестина аймағының әміршісі болған еді.
  1. 1Харадж – налог на выращенную сельскохозяйственную продукцию, в том числе на зерновые, овощи, фрукты и ягоды. В фикхе его размер определяется в зависимости от вида урожая и от того, орошались ли посевы дождевой водой или искусственно.
  2. 2Здесь имеются в виду истязания людей без вины, а также превышение меры при наказании за определённую провинность.
  3. 3Упомянутым в хадисе правителем был Умайр ибн Саад, который в то время управлял областью Палестины.
1609
Риядус-салихин, № 1609Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: رأى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِمَارًا مَوْسُومَ الْوَجْهِ، فَأَنْكَرَ ذَلِكَ؟ فَقَالَ: «واللَّهِ لَا أسِمُهُ إِلَّا أقْصَى شَيْءٍ مِنَ الْوَجْهِ» وأَمَرَ بِحِمَارِهِ فَكُوِيَ فِى جَاعِرَتَيْهِ، فَهُوَ أَوَّلُ مَنْ كَوَى الْجَاعِرَتَيْنِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ тұмсығына таңба басылған бір есекті көріп, соны жақтырмай, қатты жазғырған еді» – деді. Сол себепті Ибн Аббас: «Алланың атымен ант етемін, егер мен өз жануарыма таңба басатын болсам, тек қана тұмсығынан барынша аулақ жеріне басамын!» – деді де, есегін алдырып, құйрық тұсына таңба бастырды. Осылайша ол жануардың құйрық тұсына таңба басқан алғашқы адам болды», – деген (Муслим: 5553).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ увидел осла с клеймом на морде и, выразив своё неодобрение, строго осудил это». Поэтому Ибн Аббас сказал: «Клянусь Аллахом, если я и стану клеймить своё животное, то поставлю клеймо лишь в месте, наиболее удалённом от его морды!» Затем он велел привести своего осла и поставить ему клеймо в области хвоста. Так он стал первым человеком, поставившим животному клеймо в области хвоста (Муслим: 5553).

1610
Риядус-салихин, № 1610Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْهُ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ مَرَّ عَلَيْهِ حِمَارٌ قَدْ وُسِمَ فِى وَجْهِهِ، فَقَالَ: «لَعَنَ اللَّهُ الَّذِى وَسَمَهُ».

وَفِى رِوَايَة لمسلم أَيضًا: نهى رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنِ الضَّرْبِ فِى الْوَجْهِ، وَعَنِ الْوَسْمِ فِى الْوَجْهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ жанынан тұмсығына күйдіріліп таңба басылған бір есек өткен еді. Мұны көрген рақым пайғамбары: «Бұған таңба басқанға Алла Тағала лағынет айтсын», – деді», – деген (Муслим: 5552).

Имам Муслимнің жинағында келген басқа бір риуаятта: «Алла елшісі бет-жүзден ұрудан және (жан-жануарлардың) тұмсығына таңба басудан қатаң түрде тыйған», – деп айтылған.

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды мимо Пророка ﷺ прошёл осёл с выжженным на морде клеймом. Увидев это, Пророк милосердия сказал: “Да проклянёт Аллах Всевышний того, кто поставил ему это клеймо!”» (Муслим: 5552).

В другой версии, приведённой в сборнике имама Муслима, сказано: «Посланник Аллаха ﷺ строго запрещал бить по лицу и ставить клеймо на морды (животных)».