عَنْ أَبِى مَسْعُودٍ الْبدْرِيِّ قَالَ: كُنْتُ أضْرِبُ غُلَامًَا لِى بِالْسَّوْطِ، فَسَمِعْتُ صَوْتًا مِنْ خَلْفِى: «اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ» فَلَمْ أفْهَمِ الصَّوْتِ مِنَ الْغَضَبِ، فَلَمَّا دَنَا مِنِّى إِذَا هُوَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فإِذا هُوَ يَقُولُ: «اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ أَنَّ اللَّهَ أقْدَرُ عَلَيْكَ مِنْكَ عَلَى هَذَا الْغُلَامِ». فَقُلتُ: لَا أضْرِبُ مَمْلُوكًا بَعْدَهُ أَبَدًا
وَفِى رِوَايَةٍ: فَسَقَطَ السَّوْطُ مِنْ يَدِى مِنْ هَيْبَتِهِ
وَفِى رِوَايَةٍ: فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ حُرٌّ لِوَجْهِ اللَّهِ تَعَالَى، فَقَالَ: «أمَا لَوْ لَمْ تَفْعَلْ، لَلَفَحَتْكَ النَّارُ، أَوْ لَمَسَّتْكَ النَّارُ»
Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Бір күні басыбайлы құлымды қамшымен сабап жатқанымда, арқа тұсымнан шыққан: «Уа, Әбу Масғуд, біліп қой!» – деген дауысты естідім. Ашудан түтігіп, кімнің дауысы екенін бірден ажырата алмадым. Әлгі дауыстың иесі маған әбден жақындап келгенде, қарасам, Алла елшісі ﷺ екен. Сонда ол: «Уа, Әбу Масғуд, біліп қой! (Егер) Алла Тағала (сені азаптайтын болса), Оның құдіреті, сенің мына құлға көрсеткен күшіңнен әлдеқайда артық», – деді. Сонда мен оған: «Бұдан былай құл атаулыға қол көтермеймін», – деп сөз бердім», – деген.
Басқа бір риуаятта: «Әбу Масғуд (р.а.): «Сонда Алла елшісінен қорыққанымнан қолымдағы қамшыны жерге түсіріп алдым», – деп айтты» – делінген.
Енді бір риуаятта: «Әбу Масғуд (р.а.): «Уа, Расулалла! Алланың разылығы үшін ол бұдан былай азат», – дедім. Сонда ол маған: «Егер солай істемегеніңде, тозақ отына күйетін едің (немесе тозақ оты сені сәл ғана жалап өтетін еді)», – деп айтты» – делінген (Муслим: 4306, Ахмад: 22350).
Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я бил плетью своего раба, я услышал позади себя голос: “Знай же, о Абу Масуд!” Охваченный гневом, я не сразу понял, чей это был голос. Когда говоривший подошёл ко мне совсем близко, я увидел, что это Посланник Аллаха ﷺ. Тогда он сказал: “Знай же, о Абу Масуд! Аллах Всевышний более властен над тобой (и способен подвергнуть тебя наказанию), чем ты над этим рабом”. Тогда я пообещал ему: “Отныне я никогда не подниму руку ни на одного раба”».
В другой версии передаётся, что Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Тогда от страха перед Посланником Аллаха ﷺ я выронил на землю плеть, которую держал в руке».
Ещё в одной версии передаётся, что Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я сказал: “О Посланник Аллаха! Ради довольства Аллаха отныне он свободен”. Тогда он сказал мне: “Если бы ты не сделал этого, тебя опалил бы огонь ада (или коснулся бы тебя)”» (Муслим: 4306; Ахмад: 22350).