Хадис

Риядус-салихин, № 1531

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
255. Ғайбат сөзді тыңдаудан аулақ болу керектігі жайында
Нөмірі
№ 1531 (қазақша басылым реті)
1531
Риядус-салихин, № 1531Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик

عَنْ كعب بْنِ مالك فِى حَدِيثه الطويل فِى قصةِ تَوْبَتِهِ وَقَدْ سبق فِى باب التَّوبةِ. قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ وَهُوَ جالِسٌ فِى الْقَومِ بِتَبُوكَ: «مَا فَعَلَ كَعبُ بْنِ مالكٍ؟» فَقَالَ رَجلٌ مِنْ بَنِى سَلمَةَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، حَبَسَهُ بُرْدَاهُ والنَّظَرُ فِى عِطْفَيْهِ. فَقَالَ لَهُ مُعاذُ بنُ جبلٍ: بِئْسَ مَا قُلْتَ، واللَّه يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا علمنا عَلَيْهِ إِلَّا خَيْرًا، فَسَكَتَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Мәлик (р.а.) өзінің тәубе еткен оқиғасына қатысты ұзын хадисінде1 былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ Тәбукте бір қауым адаммен бірге отырған кезінде: «Кағб ибн Мәлик не істеді екен, (неге жорыққа шықпады екен)?» – деді. Сонда Сәлима ұлдарынан бір кісі: «Уа, Расулалла! Оның шапан-шекпендері мен сымбатты түр-тұлғасы жорыққа шығуына кедергі болды», – дейді. Сол кезде Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.): «Айтқан сөзің қандай жаман еді! Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етейін, біз оны тек жақсы адам деп білеміз!» – деп айтады. Сонда Алла елшісі үндемеді» (Бұхари: 4418, Муслим: 7016, Ахмад: 27175).

Орысша аудармасы

Кааб ибн Малик (да будет доволен им Аллах) в длинном хадисе1, посвящённом истории его покаяния, сказал: «Когда Пророк ﷺ находился в Табуке и сидел вместе с группой людей, он спросил: “Что случилось с Каабом ибн Маликом (почему он не выступил в поход)?” Один человек из Бану Салама ответил: “О Посланник Аллаха! Его плащи и статная внешность помешали ему выступить в поход”. Тогда Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах) сказал: “Как скверно то, что ты сказал! О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, мы знаем его только как хорошего человека!” Посланник Аллаха ﷺ промолчал» (Аль-Бухари: 4418; Муслим: 7016; Ахмад: 27175).

  1. 1Хадистің толық нұсқасы «Тәубе» бөлімінде келген.
  1. 1Полная версия этого хадиса приведена в разделе «Покаяние».