Хадистер
«وَإِذَا سَمِعُوا اللَّغْوَ أَعْرَضُوا عَنْهُ» «Олар бос, бейәдеп сөз естігенде, одан теріс айналады» («Қасас, 55-аят»).
«والَّذينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ» «Олар – бос, пайдасыз сөз бен істен теріс айналып, іргесін аулақ салатындар» («Муминун», 3-аят»).
«إِنَّ السَّمْعَ وَالْبَصَرَ وَالْفُؤَادَ كُلُّ أُولَئِكَ كَانَ عَنْهُ مَسْؤُولًا» «Өзің нақты білмейтін нәрсенің соңына түспе! Шынында, адам баласы құлақ, көз және жүрек үшін жауапқа тартылады!» («Исра», 36-аят).
«وَإِذَا رَأَيْتَ الَّذِينَ يَخُوضُونَ فِى آيَاتِنا فَأعْرِضْ عَنْهُمْ حَتَّى يَخُوضُوا فِى حَدِيثٍ غَيْرِهِ وإِمَّا يُنْسِيَنَّكَ الشَّيْطانُ فَلَا تَقْعُدْ بَعْدَ الذِّكْرَى مَعَ الْقَومِ الظَّالِمِينَ» «Аяттарымыз жайлы кекесінге толы әңгіме айтып отырғандарды көрсең, олар басқа әңгімеге көшкенге дейін, олардан іргеңді аулақ сал. Егер шайтан саған мұны ұмыттырса, есіңе түсер-түспес ол жерден кетіп қал. Залым қауыммен бірге бір сәт те отырма!» («Әнғам», 68-аят)
«Когда же они слышат пустые и праздные речи, то отворачиваются от них…» (сура «Касас», 28:55).
«Те, кто сторонятся всякой праздности и бесполезных дел» (сура «Муминун», 23:3).
«Не следуй за тем, о чём у тебя нет знания! Воистину, ведь слух, зрение, сердце – все они будут призваны к ответу» (сура «Исра», 17:36).
«Когда же ты увидишь тех, кто погрязает в суесловии и насмехательстве над Нашими аятами, то сторонись их до тех пор, покуда они не погрузятся в другой разговор. Ежели шайтан заставит тебя забыть это, то оставь их и не сиди с общиной притеснителей, когда вспомнишь об этом» (сура «Анам», 6:68).
عَنْ أَبِى الدردَاء عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ رَدَّ عَنْ عِرْضِ أخيهِ، رَدَّ اللَّهُ عَنْ وَجْهِهِ النَّارَ يَوْمَ الْقيَامَةِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім діндес бауырының ар-намысын қорғап, (бауыры жайлы айтылған ғайбат сөзді тыңдамай ғайбаттаушыны тыйып тастаса), қиямет күні Алла Тағала тозақ отын оның жүзінен қашық етеді», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 1931, Ахмад: 27543).
Орысша аудармасы
Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах Всевышний отведёт адский огонь от лица того, кто защитит честь своего брата по вере (не станет слушать злословие о своём брате и остановит того, кто злословит о нём)» (Ат-Тирмизи: 1931; Ахмад: 27543).
عَنْ عِتبَانَ بْنِ مَالكٍ فِى حَدِيثه الطويل الْمشهور الَّذِى تقدَّمَ فِى بابِ الرَّجاء قَالَ: قام النَّبِيّ ﷺ يُصَلِّى فَقَالَ: «أيْنَ مالِكُ بنُ الدُّخْشُمِ؟» فَقَالَ رَجُلٌ: ذَلِكَ مُنَافِقٌ لَا يُحِبُّ اللَّهَ وَلَا رَسُولهُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تَقُلْ ذَلِكَ أَلَا تَراهُ قَدْ قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يُرِيدُ بِذَلكَ وَجْهَ اللَّهِ! وإِنَّ اللَّهَ قَدْ حَرَّمَ عَلَى النَّارِ مَنْ قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَبْتَغي بِذَلِكَ وَجْهَ اللَّهِ»
Қазақша аудармасы
Итбан ибн Мәлик (р.а.) «Алланың мейірінен үміт үзбеу» деп аталатын бөлімде келген ұзын һәм мәшһүр бір хадисте айтылғандай, былай деген: «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ намазға тұрып, артынша жамағаттан: «Мәлик ибн Духшум қайда?» – деп сұрады. Жамағат ішінен бір кісі: «Ол Алланы да, елшісін де жақсы көрмейтін екі жүзді адам ғой», – деді. Сонда Пайғамбарымыз оған: «Олай айтпа! Оның Алланың разылығын қалап, «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтқанын көрмедің бе? Алланың разылығын қалап, «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтқан пендені Алла тозаққа харам етеді», – деп айтады (Бұхари: 425, Муслим: 149, Ахмад: 23770).
Орысша аудармасы
Итбан ибн Малик (да будет доволен им Аллах), как сообщается в длинном и известном хадисе, приведённом в разделе под названием «Не отчаиваться в милости Аллаха», передал: «Однажды Пророк ﷺ встал на молитву, а затем спросил у собравшихся: “Где Малик ибн Духшум?” Один человек из присутствовавших ответил: “Он ведь лицемер, который не любит ни Аллаха, ни Его Посланника”. Тогда Пророк ﷺ сказал ему: “Не говори так! Разве ты не видел, что он произнёс: ‘Ля иляха илляллах’, – стремясь к довольству Аллаха? Аллах сделает запретным для ада того, кто произнесёт: ‘Ля иляха илляллах’, – стремясь к Его довольству”» (Аль-Бухари: 425; Муслим: 149; Ахмад: 23770).
عَنْ كعب بْنِ مالك فِى حَدِيثه الطويل فِى قصةِ تَوْبَتِهِ وَقَدْ سبق فِى باب التَّوبةِ. قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ وَهُوَ جالِسٌ فِى الْقَومِ بِتَبُوكَ: «مَا فَعَلَ كَعبُ بْنِ مالكٍ؟» فَقَالَ رَجلٌ مِنْ بَنِى سَلمَةَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، حَبَسَهُ بُرْدَاهُ والنَّظَرُ فِى عِطْفَيْهِ. فَقَالَ لَهُ مُعاذُ بنُ جبلٍ: بِئْسَ مَا قُلْتَ، واللَّه يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا علمنا عَلَيْهِ إِلَّا خَيْرًا، فَسَكَتَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ
Қазақша аудармасы
Кағб ибн Мәлик (р.а.) өзінің тәубе еткен оқиғасына қатысты ұзын хадисінде1 былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ Тәбукте бір қауым адаммен бірге отырған кезінде: «Кағб ибн Мәлик не істеді екен, (неге жорыққа шықпады екен)?» – деді. Сонда Сәлима ұлдарынан бір кісі: «Уа, Расулалла! Оның шапан-шекпендері мен сымбатты түр-тұлғасы жорыққа шығуына кедергі болды», – дейді. Сол кезде Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.): «Айтқан сөзің қандай жаман еді! Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етейін, біз оны тек жақсы адам деп білеміз!» – деп айтады. Сонда Алла елшісі үндемеді» (Бұхари: 4418, Муслим: 7016, Ахмад: 27175).
Орысша аудармасы
Кааб ибн Малик (да будет доволен им Аллах) в длинном хадисе1, посвящённом истории его покаяния, сказал: «Когда Пророк ﷺ находился в Табуке и сидел вместе с группой людей, он спросил: “Что случилось с Каабом ибн Маликом (почему он не выступил в поход)?” Один человек из Бану Салама ответил: “О Посланник Аллаха! Его плащи и статная внешность помешали ему выступить в поход”. Тогда Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах) сказал: “Как скверно то, что ты сказал! О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, мы знаем его только как хорошего человека!” Посланник Аллаха ﷺ промолчал» (Аль-Бухари: 4418; Муслим: 7016; Ахмад: 27175).
- 1Хадистің толық нұсқасы «Тәубе» бөлімінде келген.
- 1Полная версия этого хадиса приведена в разделе «Покаяние».