Хадис

Ғайбат айтудан аулақ болу керектігі жайында

О необходимости избегать злословия

Риядус-салихин, 254-тақырып · 17 хадис · № 1512–1528

Хадистер

«وَلَا يَغْتَبْ بَعضُكُمْ بَعْضًا أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَنْ يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوهُ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ رَحِيمٌ» «Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма?! Міне, одан бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Аллаға қарсы келуден қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб (тәубелерді қабыл етуші етуші), Рахим (ерекше мейірімді)!» («Хужурат», 12-аят).

«وَلَا تَقْفُ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ إِنَّ السَّمْعَ وَالْبَصَرَ وَالْفُؤادَ كُلُّ أُولئِكَ كَانَ عَنْهُ مَسْئُولًا» «Өзің нақты білмейтін нәрсенің соңына түспе! Шынында, адам баласы құлақ, көз және жүрек үшін жауапқа тартылады» («Исра», 36-аят).

«مَا يَلْفِظُ مِنْ قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتيدٌ» «Адам баласының аузынан қандай сөз шықса да, дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф», 18-аят).

«Не следите друг за другом и не сплетничайте друг о друге. Ужель кому-то из вас понравится вкушать мясо своего мёртвого брата? Вы ведь почувствовали отвращение от этого? Так бойтесь же Аллаха! Поистине, Аллах – Принимающий покаяния, Милосердный» (сура «Худжурат», 49:12).

«Не следуй за тем, о чём у тебя нет знания! Воистину, ведь слух, зрение, сердце – все они будут призваны к ответу» (сура «Исра», 17:36).

«И какое бы слово ни произнёс он, всё записывает ангел при нём, следящий за всем и не оставляющий без внимания ни единого слова» (сура «Каф», 50:18).

1512
Риядус-салихин, № 1512Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَاليَوْمِ الْآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне анық сенсе, тек қана жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6019, Муслим: 176, Ахмад: 9967).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто истинно верует в Аллаха и Последний день, пусть говорит только благое или молчит» (Аль-Бухари: 6019; Муслим: 176; Ахмад: 9967).

1513
Риядус-салихин, № 1513Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَيُّ الْمُسْلمِينَ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): Бірде мен: «Уа, Расулалла! Мұсылмандардың ең абзалы кім?» – деп сұрағанымда, маған: «Тілінен және қолынан мұсылмандар зиян көрмеген адам», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 11, Муслим: 163).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я спросил: “О Посланник Аллаха! Кто из мусульман является наилучшим?” Он ответил мне: “Тот, от языка и рук которого другие мусульмане не терпят вреда”» (Аль-Бухари: 11; Муслим: 163).

1514
Риядус-салихин, № 1514Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهل بْنِ سعد، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يَضْمَنْ لِى مَا بَيْنَ لَحْيَيْهِ وَمَا بَيْنَ رِجْلَيْهِ أَضْمَنْ لَهُ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім маған екі жағы мен екі аяғының арасына қатысты кепілдік берсе, мен де оның жұмаққа кіруіне кепіл боламын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6474, Ахмад: 22823).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто поручится мне за то, что находится между его челюстями, и за то, что находится между его ногами, тому я поручусь за рай» (Аль-Бухари: 6474; Ахмад: 22823).

1515
Риядус-салихин, № 1515Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّهُ سمع النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بالكَلِمَةِ مَا يَتَبَيَّنُ فِيهَا يَزِلُّ بِهَا إِلَى النَّارِ أبْعَدَ مِمَّا بَيْنَ الْمَشْرِقِ والمَغْرِبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ: «Алланың пендесі ойланбай сөйлейді де, нәтижеде түпсіз тозақтың шығыс пен батыс арасындағы қашықтықтан да ұзақ түкпіріне дейін домалап кете барады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 6477, Муслим: 7481, Ахмад: 89230).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Я слышал, как Пророк ﷺ сказал: “Раб Аллаха порой произносит нечто, не задумавшись, и из-за этого низвергается в бездонные глубины ада на расстояние большее, чем между востоком и западом”» (Аль-Бухари: 6477; Муслим: 7481; Ахмад: 89230).

1516
Риядус-салихин, № 1516Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ اللَّه تَعَالَى مَا يُلْقِى لَهَا بَالًا يَرْفَعُهُ اللَّهُ بِهَا دَرَجاتٍ، وإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالكَلَمَةِ مِنْ سَخَطِ اللَّهِ تَعَالَى لَا يُلْقِى لَهَا بَالًا يَهْوِى بِهَا فِى جَهَنَّمَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір пенде парқына бармастан Алланың разылығына бөлейтін бір сөз ауыз айтады да, сол үшін Алла оның дәрежесін көтереді. Енді бір пенде парқына бармастан Алланың қаһарына ұшырататын бір сөз ауыз айтады да, соның кесірінен тозаққа түседі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6478, Ахмад: 8411).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Раб Аллаха может, не сознавая значения сказанного, произнести одно слово, угодное Аллаху, и за это Аллах возвысит его степень. Другой раб может, также не сознавая значения сказанного, произнести одно слово, вызывающее гнев Аллаха, и из-за него окажется в аду» (Аль-Бухари: 6478; Ахмад: 8411).

Түсіндірме (қазақша)

Сондақтан да әр адам әр сөзін ойланып, елеп екшеп айтуы керек. Ауыз өзімдікі екен деп, ойланбай, парқына бармай не болса, соны айта бермеуі керек. Өйткені адам бұл дүниеде, болмаса о дүниеде әр сөзі үшін жауап береді. «Басқа бәле – тілден» деген аталы сөз де бекер айтылмаған. Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім маған екі жағы мен екі бұтының арасына қатысты кепілдік берсе, мен де оның жұмаққа кіруіне кепіл боламын», – деген. Демек, тіл адамды жұмаққа да кіргізуі, тозаққа да түсіруі мүмкін.

Түсіндірме (орысша)

Поэтому каждый человек должен тщательно обдумывать и взвешивать каждое своё слово. Нельзя рассуждать: «Мой рот – что хочу, то и говорю», – и бездумно произносить всё, что придёт на ум, не задумываясь о значении и последствиях сказанного. Ведь за каждое своё слово человек ответит либо в этом мире, либо в мире ином. Недаром говорится: «Все беды головы – от языка». Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто поручится мне за то, что находится между его челюстями, и за то, что находится между его ногами, тому я поручусь за рай». Следовательно, язык способен привести человека как в рай, так и в ад.

1517
Риядус-салихин, № 1517

عَنْ أَبِى عَبْد الرَّحْمَان بِلالِ بْنِ الْحارِثِ الْمُزَنِيِّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الرَّجُلَ لَيَتَكَلَّمُ بِالكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ اللَّهِ تَعَالَى مَا كَانَ يَظُنُّ أَنْ تَبْلُغَ مَا بَلَغَتْ يَكْتُبُ اللَّهُ لَهُ بِهَا رِضْوَانَهُ إِلَى يَوْمِ يَلْقَاهُ، وإِنَّ الرَّجُلَ لَيَتَكَلَّمُ بِالكَلِمَةِ مِنْ سَخَطِ اللَّهِ مَا كَانَ يَظُنُّ أَنْ تَبْلُغَ مَا بَلَغَتْ يَكْتُبُ اللَّه لَهُ بِهَا سَخَطَهُ إِلَى يَوْمِ يَلْقَاهُ»

Қазақша аудармасы

Биләл ибн Харис әл-Мүзәни (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, қайсыбір адам айтқан сөзінің қаншалықты маңызды екенін білмей Алланың разылығына бөлейтін бір ауыз сөз айтқаны үшін қиямет күніне дейін Алла одан разы болады. Сондай-ақ енді бір адам айтқан сөзінің қаншалықты кесірлі екенін аңдамай сөйлегені үшін, Алланың қаһарына ұшырайды. Әрі сол бір ауыз сөзі үшін қиямет күніне дейін Алланың оған деген ашуы басылмайды», – деп айтты», – деген (Мәлик: 985/2, Тирмизи: 2319, Ахмад: 15852).

Орысша аудармасы

Билял ибн аль-Харис аль-Музани (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, человек может произнести слово, угодное Аллаху, не осознавая всей значимости сказанного, и за одно это слово Аллах будет доволен им вплоть до Судного дня. Другой же человек может произнести слово, вызывающее гнев Аллаха, не осознавая всей пагубности сказанного, и за это единственное слово гнев Аллаха на него не утихнет вплоть до Судного дня» (Малик: 2/985; Ат-Тирмизи: 2319; Ахмад: 15852).

1518
Риядус-салихин, № 1518

عَنْ سفيان بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ حدِّثنِى بأَمْرٍ أَعْتَصِمُ بِهِ قَالَ: «قلْ: رَبِّيَ اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقِمْ» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا أخْوَفُ مَا تَخَافُ عَلَيَّ؟ فَأَخَذَ بِلِسانِ نَفْسِهِ، ثُمَّ قَالَ: «هَذَا»

Қазақша аудармасы

Суфиян ибн Абдуллаһ (р.а.) былай деген: «Бірде мен: «Уа, Расулалла! Маған мықтап ұстанатын бір істі айтыңызшы», – дегенімде, маған: «Раббым Алла деп айт та, содан соң ұдайы тура жолда бол1», – деді. Мен тағы да: «Уа, Расулалла! Сіз мен үшін ең көп не нәрседен қорқасыз?» – дегенімде, Алла елшісі ﷺ өзінің тілін ұстап тұрып: «Міне, мынадан», – деді» (Тирмизи: 2410, Ахмад: 15417).

Орысша аудармасы

Суфьян ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я попросил: “О Посланник Аллаха! Назовите мне нечто, чего я мог бы твёрдо придерживаться”. Он ответил мне: “Скажи: ‘Мой Господь – Аллах’, – а затем неуклонно следуй прямым путём1”. Тогда я вновь спросил: “О Посланник Аллаха! Чего Вы больше всего опасаетесь за меня?” Посланник Аллаха ﷺ взялся рукой за свой язык и сказал: “Вот этого”» (Ат-Тирмизи: 2410; Ахмад: 15417).

  1. 1Яғни, Алланың бұйрықтарын бұлжытпай орындап, тыйғандарынан толықтай тыйыл.
  1. 1То есть неукоснительно исполняй веления Аллаха и полностью воздерживайся от всего, что Он запретил.
1519
Риядус-салихин, № 1519Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُكْثِرُوا الْكَلَامَ بِغَيْرِ ذِكْرِ اللَّهِ؛ فَإِنَّ كَثْرَةَ الْكَلَامِ بِغَيْرِ ذِكْرِ اللَّهِ تَعَالَى قَسْوَةٌ لِلقَلْبِ! وإِنَّ أبْعَدَ النَّاسِ مِنَ اللَّهِ الْقَلْبُ الْقَاسِى»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Алланы еске алып сөйлеуден басқа, көп сөйлемеңдер. Өйткені Алла Тағала еске алынбастан сөйленген көп сөз жүректі қатайтады. Алладан ең алыс адам – тас жүрек», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 2411).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не предавайтесь многословию, кроме как поминая Аллаха. Ведь многословие, лишённое поминания Аллаха Всевышнего, ожесточает сердце, а дальше всех от Аллаха находится человек с ожесточённым сердцем» (Ат-Тирмизи: 2411).

1520
Риядус-салихин, № 1520Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ وَقَاهُ اللَّهُ شَرَّ مَا بَيْنَ لَحْيَيْهِ، وَشَرَّ مَا بَيْنَ رِجْلَيْهِ دَخَلَ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Алла кімді екі жағының арасындағы нәрсенің жамандығы мен екі бұтының арасындағы нәрсенің жамандығынан сақтаса, сол жаннатқа кіреді», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 2409).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кого Аллах убережёт от зла того, что находится между его челюстями, и от зла того, что находится между его ногами, тот войдёт в рай» (Ат-Тирмизи: 2409).

1521
Риядус-салихин, № 1521Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عقبة بْنِ عامرٍ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا النَّجَاةُ؟ قَالَ: «أَمْسِكْ عَلَيْكَ لِسَانَكَ، وَلْيَسَعْكَ بَيْتُكَ، وابْكِ عَلَى خَطِيئَتِكَ»

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Расулалла, (ақырзаман таяп, ел ішінде бүлік пен бассыздық белең алған шақта) аман қалудың жолы қандай?» – деп сұрадым. Сонда Расулалла ﷺ: «Тіліңе ие бол! Үйің саған таршылық етпесін! Істеген күнәларыңды көз жасыңмен жуып-шай», – деп жауап берді», – деген (Тирмизи: 2406, Ахмад: 17334).

Орысша аудармасы

Укба ибн Амир (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я спросил: “О Посланник Аллаха! Как спастись (когда приблизится конец времён, а среди людей широко распространятся смута и беззаконие)?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Обуздай свой язык! Пусть собственный дом не кажется тебе тесным! Омывай слезами совершённые тобой грехи!”» (Ат-Тирмизи: 2406; Ахмад: 17334).

1522
Риядус-салихин, № 1522Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَصْبَحَ ابْنُ آدَمَ، فَإِنَّ الْأعْضَاءَ كُلَّهَا تَكْفُرُ اللِّسانَ، تَقُولُ: اتَّقِ اللَّهَ فِينَا، فَإِنَّمَا نَحنُ بِكَ؛ فَإِنِ اسْتَقَمْتَ اسْتَقَمْنَا، وإِنِ اعْوَجَجْتَ اعْوَجَجْنَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағидтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Адам баласы таңертең ұйқыдан тұрғанда, бүкіл дене мүшелері тілдің алдында бас иіп: «Біз үшін Алладан қорық. Шынында біз саған тәуелдіміз. Егер сен туралықты ұстансаң, біз де тура жолда боламыз. Ал егер тура жолдан тайсаң, біз де таямыз», – деп айтады», – деген (Тирмизи: 2407, Ахмад: 11908).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Когда человек утром пробуждается ото сна, все части его тела склоняются перед языком и говорят: “Бойся Аллаха ради нас! Поистине, мы зависим от тебя. Если ты будешь следовать прямым путём, то и мы останемся на прямом пути. Если же ты уклонишься от прямого пути, уклонимся и мы”» (Ат-Тирмизи: 2407; Ахмад: 11908).

1523
Риядус-салихин, № 1523Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ مُعَاذٍ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَخْبِرْنِى بِعَمَلٍ يُدْخِلُنِى الْجَنَّةَ وَيُبَاعِدُنِى مِنَ النَّارِ؟ قَالَ: «لَقَدْ سَألتَ عَنْ عَظيمٍ، وإِنَّهُ لَيَسيرٌ عَلَى مَنْ يَسَّرَهُ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِ: تَعْبُدُ اللَّه لَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وتُؤتِى الزَّكَاةَ، وتَصُومُ رَمَضَانَ، وتَحُجُّ الْبَيْتَ» ثُمَّ قَالَ: «ألَا أدُلُّكَ عَلَى أبْوابِ الْخَيْرِ؟ الصَّوْمُ جُنَّةٌ، وَالصَّدَقَةُ تُطْفِئُ الْخَطِيئَةَ كَما يُطْفِئُ الْمَاءُ النَّارَ، وَصَلَاةُ الرَّجُلِ مِنْ جَوْفِ اللَّيْلِ» ثُمَّ تَلا: «تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ [حَتَّى بَلَغَ] يَعْمَلُونَ» [النور: 16] ثُمَّ قَالَ: «ألا أُخْبِرُكَ بِرَأسِ الْأَمْرِ، وَعَمُودِهِ، وَذِرْوَةِ سِنَامِهِ» قُلْتُ: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «رَأسُ الْأمْر الْإِسْلَامُ، وَعَمُودُهُ الصَّلَاةُ، وَذِرْوَةِ سِنَامِهِ الْجِهادُ» ثُمَّ قَالَ: «ألَا أُخْبِرُكَ بِمِلاكِ ذَلِكَ كُلِّهِ!» قُلْتُ: بلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَأَخَذَ بِلِسانِهِ وَقَالَ: «كُفَّ عَلَيْكَ هَذَا» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ وإِنَّا لَمُؤاخَذُونَ بما نَتَكَلَّمُ بِهِ؟ فَقَالَ: «ثَكِلَتْكَ أُمُّكَ! وَهَلْ يَكُبُّ الناسَ فِى النَّارِ عَلَى وُجُوهِهِمْ إِلَّا حَصَائِدُ أَلْسِنَتِهِمْ؟»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ: «Уа, Расулалла! Мені тозақтан алыстатып, жұмаққа кіргізетін қандай іс бар?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Расында, сен орасан зор (тым ауыр) іс жайлы сұрадың. Алайда Алла Тағала оны кім үшін жеңілдетсе, соған оңай болады. Ендеше, жақсылап ұғып ал: «Аллаға (ешкімді және еш нәрсені) серік етіп қоспай құлшылық ет. Бес уақыт намазды шарттарына сай толық оқы. Зекет беріп, рамазан айының оразасын ұста. Жағдайың келсе, Алланың үйіне барып қажылық парызын өте», – деп, кейін: «Сондай-ақ, саған жақсылықтың қақпалары жайлы да айта кетейін бе? Ораза – (тозақ отынан қорғайтын) қалқан. Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды. Сондай-ақ адамның түннің бір уағында оқыған намазының (қаншалықты сауапты екенін білсең ғой)», – деп: «Олар (түн намазын оқу үшін ұйқыларын қиып) төсектерінен тұрып, Раббыларына Оның азабынан қорқып, мейірімінен үміттеніп, жалбарынады. Сондай-ақ олар берген нығметтеріміздің бір бөлігін ізгілік жолында жұмсайды. Істеген игі істерінің қарымы ретінде оларды қуанышқа бөлейтін қандай сый-сияпаттың сақтаулы екенін ешбір жан білмейді» деген аятты оқыды. Содан кейін: «Саған діннің басы, оның тірегі және шыңы жайлы да айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда ол: «Діннің басы – Ислам (яғни, Исламды қабылдау), тірегі – намаз және шыңы – Алла жолындағы күрес», – деді. Содан соң: «Ал енді осы айтылғандардың барлығының негізін қалайтын нәрсенің не екенін де айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда ол тілін ұстап көрсетіп: «Мынаған ие бол», – деп айтты. Мен: «Уа, Расулалла! Сонда біз айтқан сөзіміз үшін де жауапқа тартыламыз ба?» – дедім. Сол кезде ол: «Анаң сенен айырылып қалсын Мұғаз! Адамдарды етпетінен тозаққа құлататын (күнәлары) тілінен тапқандары емей немене?» – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2616, Ахмад: 22016).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Какое деяние отдалит меня от ада и введёт в рай?” Он ответил: “Поистине, ты спросил о великом (чрезвычайно трудном) деле. Однако оно будет лёгким для того, кому Аллах Всевышний облегчит его. Поэтому хорошо усвой: поклоняйся Аллаху, не приобщая к Нему (никого и ничего) в сотоварищи; совершай в полной мере пять ежедневных молитв, соблюдая все их условия; выплачивай закят; соблюдай пост в месяц рамадан и, если имеешь возможность, отправляйся к Дому Аллаха, чтобы исполнить обязанность хаджа”.

Затем он сказал: “Не рассказать ли тебе также о вратах благого? Пост – это щит (защищающий от огня ада). Подобно тому как вода гасит огонь, милостыня уничтожает грехи. А ещё – молитва, которую человек совершает глубокой ночью (если бы ты только знал, сколь велика награда за неё!)”.

После этого он прочитал аят: “Они (лишая себя сна ради совершения ночной молитвы) покидают свои ложа и взывают к своему Господу со страхом перед Его наказанием и надеждой на Его милость. Они расходуют на благие дела часть того, чем Мы их наделили. Ни одна душа не знает, какие радующие их дары сокрыты для них в воздаяние за совершённые ими благие дела” (Коран, 32:16⁠–⁠17).

Затем он спросил: “Не рассказать ли тебе также о начале религии, её опоре и вершине?” Я ответил: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Начало религии – ислам (то есть принятие ислама), её опора – молитва, а вершина – борьба на пути Аллаха”.

После этого он спросил: “А теперь не рассказать ли тебе о том, что служит основой всего сказанного?” Я ответил: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда он взялся за свой язык, показал на него и сказал: “Держи это под контролем”. Я спросил: “О Посланник Аллаха! Неужели нас будут призывать к ответу даже за произнесённые нами слова?” Он воскликнул: “Да лишится тебя твоя мать, о Муаз! Разве людей ввергает лицом вниз в ад что-либо иное, кроме (грехов), приобретённых их языками?”» (Ат-Тирмизи: 2616; Ахмад: 22016).

1524
Риядус-салихин, № 1524Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «أَتَدْرُونَ مَا الْغِيبَةُ؟» قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: «ذِكْرُكَ أخَاكَ بِما يَكْرَهُ» قِيلَ: أفَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ فِى أخِى مَا أَقُولُ؟ قَالَ: «إِنْ كَانَ فِيهِ مَا تَقُولُ، فقد اغْتَبْتَهُ، وإِنْ لَمْ يَكُنْ فِيهِ مَا تَقُولُ فَقَدْ بَهَتَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме?» – дегенде, сахабалар: «Алла мен Оның елшісі бізден жақсы біледі», – деді. Алла елшісі: «Ғайбат – мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың», – деді. Сахабалардың бірі: «Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше?» – деп сұрады. Сонда ол: «Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың», – деп айтты», – деген (Муслим: 6593, Ахмад: 9901).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Знаете ли вы, что такое злословие?” Сподвижники ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Злословие – это когда ты говоришь о своём брате-мусульманине то, что ему не понравилось бы (если бы он это услышал)”. Один из сподвижников спросил: “А если мои слова правдивы и упомянутый мною недостаток действительно есть у него?” Тогда он ﷺ ответил: “Если упомянутый тобою недостаток у него есть, значит, ты злословил о нём. Если же его у него нет, значит, ты оклеветал его”» (Муслим: 6593; Ахмад: 9901).

1525
Риядус-салихин, № 1525Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِى بَكْرة أَنَّ رَسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ فِى خُطْبَتِهِ يَوْمَ النَّحْرِ بِمِنًى فِى حَجَّةِ الْوَدَاعِ: «إِنَّ دِماءكُمْ، وَأمْوَالَكُمْ، وأعْرَاضَكُمْ، حَرَامٌ عَلَيْكُمْ كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا، فِى شَهْرِكُمْ هَذَا، فِى بَلَدِكُمْ هَذَا، ألا هَلْ بَلَّغْتُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ қоштасу қажылығында, Мина алқабында, құрбан айт күні айтқан құтбасында былай деген: «Қандарың (жандарың), мал-дүниелерің және ар-намыстарың – осы мекендеріңде (Меккеде), осынау айдағы (зулхижжа айы), осы күндерің сияқты харам (қасиетті)! Осынау ақиқатты айтып, жеткіздім бе?!» (Бұхари: 105, Муслим: 4383).

Орысша аудармасы

Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) передал, что в проповеди, произнесённой во время прощального паломничества в долине Мина в день праздника жертвоприношения, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ваша кровь (ваша жизнь), ваше имущество и ваша честь запретны для посягательства (священны), подобно тому как священны это ваше место (Мекка), этот месяц (месяц зуль-хиджа) и этот день! Донёс ли я до вас эту истину?!» (Аль-Бухари: 105; Муслим: 4383).

Түсіндірме (қазақша)

Осы мекендерің, осынау ай және осы құрбан айт күні қандай харам болса, яғни, бұлар күнә істеуге болмайтын қандай қасиетті мекен және уақыттар болса, сендердің қандарың, мал-дүниелерің және ар-намыстарың да сондай харам болмақ, яғни қол сұғуға болмайтын сондай қасиетті де аса қадірлі дүниелер болмақ.

Түсіндірме (орысша)

Подобно тому как это ваше место, этот месяц и этот день праздника жертвоприношения являются священными местом и временем, в которые запрещено совершать грехи, так же запретны для посягательства ваша кровь, ваше имущество и ваша честь, то есть они являются столь же священными и особо почитаемыми ценностями, на которые нельзя посягать.

1526
Риядус-салихин, № 1526Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قُلْتُ لِلنَّبِيِّّ ﷺ: حَسْبُكَ مِنْ صَفِيَّةَ كذَا وكَذَا. قَالَ بعضُ الرواةِ: تَعْنِى قَصيرَةً، فَقَالَ: «لَقَدْ قُلْتِ كَلِمَةً لَوْ مُزِجَتْ بِمَاءِ الْبَحْرِ لَمَزَجَتْهُ» قَالَتْ: وَحَكَيْتُ لَهُ إِنْسَانًا فَقَالَ: «مَا أُحِبُّ أنِّى حَكَيْتُ إِنْسَانًا وإِنَّ لِى كَذَا وَكَذَا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): Бірде мен қызғанышпен Пайғамбарымызға ﷺ: «Сізге Сафияның (р.а.) анадай-мынадай болғаны (оны ұнатпауға) жеткілікті ғой», – дедім. (Кейбір рауилер: Сонда Айша (р.а.) оның бойының қысқалығын меңзеген еді деген). Сонда Алла елшісі: «Сен сондай (жаман) сөз айттың. Егер сол сөз теңізге тасталса, дәмі мен иісін өзгертіп жіберетін еді», – деп айтты.

Айша (р.а.): «Бірде мен оған бір адам жайлы айтқанымда, ол: «Маған мынанша және мынанша дүние берілсе де, біреу жайлы жағымсыз сөз айтуды ұнатпаймын», – деді», – деген (Әбу Дәуіт: 4875, Тирмизи: 2502, Ахмад: 25560).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды из ревности я сказала Пророку ﷺ: “Тебе достаточно того, что Сафия (да будет доволен ею Аллах) такая-то и такая-то (чтобы испытывать к ней неприязнь)”. (Некоторые передатчики говорили: “Этими словами Аиша (да будет доволен ею Аллах) указала на её низкий рост”.) Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ты произнесла такое (дурное) слово, что, если бы его бросили в море, оно изменило бы его вкус и запах”.

Аиша (да будет доволен ею Аллах) также сказала: “Однажды я в его присутствии передразнила одного человека, и он сказал: ‘Даже если бы мне дали столько-то и столько-то мирских благ, я не стал бы передразнивать кого-либо’”» (Абу Дауд: 4875; Ат-Тирмизи: 2502; Ахмад: 25560).

1527
Риядус-салихин, № 1527Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَمَّا عُرِجَ بي مَرَرْتُ بِقَومٍ لَهُمْ أظْفَارٌ مِنْ نُحَاسٍ يَخْمِشُونَ وُجُوهَهُمْ وَصُدُورَهُمْ فَقُلْتُ: مَنْ هؤُلاءِ يَا جِبرِيلُ؟ قَالَ: هؤُلاءِ الَّذِينَ يَأكُلُونَ لُحُومَ النَّاسِ، وَيَقَعُونَ فِى أعْرَاضِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Миғражға көтерілгенімде тырнақтары мыс болған адамдардың жанынан өттім. Олар өз-өздерінің беттері мен кеуделерін аяусыз тырнап жатты. Сонда мен: «Уа, Жәбірейіл, мыналар кімдер?» деп сұрағанымда, маған: «Олар адамдардың етін жеп, ар-намыстарын таптайтындар», – деп айтты», – деді», – деген (Әбу Дәуіт: 4878, 4879, Ахмад: 13340).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Во время Мираджа я прошёл мимо людей с медными ногтями. Они безжалостно раздирали собственные лица и грудь. Тогда я спросил: “О Джибрил! Кто эти люди?” Он ответил мне: “Это те, кто поедал плоть людей и попирал их честь и достоинство”» (Абу Дауд: 4878, 4879; Ахмад: 13340).

1528
Риядус-салихин, № 1528Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حَرَامٌ: دَمُهُ وَعِرْضُهُ وَمَالُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Әрбір мұсылманның қаны, ар-намысы және дүние-мүлкі өзге мұсылманға харам», – деп айтты», – деген (Муслим: 6541, Ахмад: 7727).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кровь, честь и имущество каждого мусульманина неприкосновенны для другого мусульманина» (Муслим: 6541; Ахмад: 7727).