وَعَنْهُ: أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «يُسْتَجَابُ لأَحَدِكُمْ مَا لَمْ يَعْجَلْ: يقُولُ: قَدْ دَعْوتُ رَبِّى، فَلَمْ يسْتَجب لِى» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَةٍ لمسلمٍ: «لَا يَزالُ يُسْتَجَابُ لِلعَبْدِ مَا لَمْ يَدْعُ بإِثْمٍ، أَوْ قَطيعَةِ رحِمٍ، مَا لَمْ يَسْتَعْجِلْ» قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا الاستعجال؟ قَالَ: «يَقُولُ: قَدْ دَعوْتُ، وَقَدْ دَعَوْتُ، فَلَمْ أرَ يسْتَجِبُ لي، فَيَسْتحْسِرُ عِنْدَ ذَلِكَ وَيَدَعُ الدُّعَاءَ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің болса да: «Раббыма қанша дұға етсем де қабыл алмады», – деп асығыстық жасамаса болғаны, дұғасы міндетті түрде қабыл болады», – деген. (Бұхари: 6340, Муслим: 6934, 6935, Ахмад: 10312).
Имам Муслимнің риуаяты бойынша: «Алла елшісі ﷺ: «Алланың пендесі күнәға немесе туыстық қатынасты үзуге қатысты дұға етпейінше, әрі тағатсыздық танытпаса, дұғалары қабыл бола береді», – дегенде, (сахабалар) одан: «Уа, Расулалла! Тағатсыздық таныту дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда ол: «Пенденің асығыстық қылуы оның: «Бір кісідей-ақ, жалынып-жалбарынып, дұға етуін етіп жатырмын, бірақ қабыл болғанын көрмедім», – деп соңында дұға етуден жалығып, дұға қылуын қойып кетуі», – деп айтты», – делінген.
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мольба каждого из вас непременно будет принята, если только он не проявит поспешности, сказав: “Сколько бы я ни обращался с мольбами к своему Господу, Он их не принимает”» (Аль-Бухари: 6340; Муслим: 6934, 6935; Ахмад: 10312).
В версии хадиса, приведённой имамом Муслимом, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мольбы раба Аллаха будут приниматься до тех пор, пока он не станет просить о греховном или о разрыве родственных связей и не проявит нетерпения». Тогда (сподвижники) спросили его: «О Посланник Аллаха! Что значит проявлять нетерпение?» Он ответил: «Это когда раб начинает торопиться и говорит: “Я уже столько взывал к Аллаху и обращался к Нему с мольбами, но так и не увидел, чтобы они были приняты”, – а затем утомляется от мольбы и вовсе перестаёт обращаться к Аллаху».