Хадис

Дұғаға қатысты бірнеше мәселелер

Некоторые вопросы, связанные с мольбой

Риядус-салихин, 252-тақырып · 7 хадис · № 1497–1503

Хадистер

1497
Риядус-салихин, № 1497Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أسَامة بْنِ زيد، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صُنِعَ إِلَيْهِ مَعْرُوفٌ، فَقَالَ لِفاعِلهِ: جَزَاكَ اللَّهُ خَيرًا، فَقَدْ أبْلَغَ فِى الثَّنَاءِ»

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Өзіне қандай да бір жақсылық жасалған адам, жақсылық жасағанға: «Жәзәкаллаһу хайран» (Бұның қарымын Алла саған жақсылықпен қайтарсын, деп айтса, ең керемет түрде алғыс білдірген болады), – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2035).

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если человек в ответ на оказанное ему добро скажет своему благодетелю: “Джазакаллаху хайран” (Да воздаст тебе Аллах благом за сделанное тобой добро!), то выразит ему благодарность самым прекрасным образом» (Ат-Тирмизи: 2035).

1498
Риядус-салихин, № 1498Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ؛ وَلَا تَدعُوا عَلَى أوْلادِكُمْ، وَلَا تَدْعُوا عَلَى أموَالِكُمْ، لَا تُوافِقُوا مِنَ اللَّهِ سَاعَةً يُسألُ فِيهَا عَطَاءً فَيَسْتَجِيبَ لَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Өз-өздеріңе лағынет айтпаңдар, бала-шағаларыңа және дүние-мүліктеріңе де қарғыс жаудырмаңдар, өйткені қарғыс айтылған сәт Алланың дұғаларды кері қайтармай қабыл алатын уақытқа дөп келіп қалса, айтқан қарғыстарыңды бірден қабыл етеді», – деп айтты» – делінген (Муслим: 7512).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не проклинайте самих себя, своих детей и своё имущество. Ведь если произнесённое вами проклятие совпадёт со временем, когда Аллах принимает мольбы, не отвергая их, Он тотчас примет и ваше проклятие» (Муслим: 7512).

1499
Риядус-салихин, № 1499Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَقْرَبُ مَا يكونُ الْعَبْدُ مِنْ رَبِّهِ وَهُوَ سَاجِدٌ، فَأكْثِرُوا الدُّعَاءَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Пенденің Раббысына ең жақын болған сәті – сәждеге бас қойған кезі. Олай болса, сол сәтті пайдаланып көп дұға етіңдер», – деп айтты» – делінген (Муслим: 1083, Ахмад: 9461).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ближе всего к своему Господу раб бывает во время земного поклона. Поэтому пользуйтесь этим мгновением и как можно чаще обращайтесь к Аллаху с мольбами» (Муслим: 1083; Ахмад: 9461).

1500
Риядус-салихин, № 1500Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «يُسْتَجَابُ لأَحَدِكُمْ مَا لَمْ يَعْجَلْ: يقُولُ: قَدْ دَعْوتُ رَبِّى، فَلَمْ يسْتَجب لِى» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَةٍ لمسلمٍ: «لَا يَزالُ يُسْتَجَابُ لِلعَبْدِ مَا لَمْ يَدْعُ بإِثْمٍ، أَوْ قَطيعَةِ رحِمٍ، مَا لَمْ يَسْتَعْجِلْ» قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا الاستعجال؟ قَالَ: «يَقُولُ: قَدْ دَعوْتُ، وَقَدْ دَعَوْتُ، فَلَمْ أرَ يسْتَجِبُ لي، فَيَسْتحْسِرُ عِنْدَ ذَلِكَ وَيَدَعُ الدُّعَاءَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің болса да: «Раббыма қанша дұға етсем де қабыл алмады», – деп асығыстық жасамаса болғаны, дұғасы міндетті түрде қабыл болады», – деген. (Бұхари: 6340, Муслим: 6934, 6935, Ахмад: 10312).

Имам Муслимнің риуаяты бойынша: «Алла елшісі ﷺ: «Алланың пендесі күнәға немесе туыстық қатынасты үзуге қатысты дұға етпейінше, әрі тағатсыздық танытпаса, дұғалары қабыл бола береді», – дегенде, (сахабалар) одан: «Уа, Расулалла! Тағатсыздық таныту дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда ол: «Пенденің асығыстық қылуы оның: «Бір кісідей-ақ, жалынып-жалбарынып, дұға етуін етіп жатырмын, бірақ қабыл болғанын көрмедім», – деп соңында дұға етуден жалығып, дұға қылуын қойып кетуі», – деп айтты», – делінген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мольба каждого из вас непременно будет принята, если только он не проявит поспешности, сказав: “Сколько бы я ни обращался с мольбами к своему Господу, Он их не принимает”» (Аль-Бухари: 6340; Муслим: 6934, 6935; Ахмад: 10312).

В версии хадиса, приведённой имамом Муслимом, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мольбы раба Аллаха будут приниматься до тех пор, пока он не станет просить о греховном или о разрыве родственных связей и не проявит нетерпения». Тогда (сподвижники) спросили его: «О Посланник Аллаха! Что значит проявлять нетерпение?» Он ответил: «Это когда раб начинает торопиться и говорит: “Я уже столько взывал к Аллаху и обращался к Нему с мольбами, но так и не увидел, чтобы они были приняты”, – а затем утомляется от мольбы и вовсе перестаёт обращаться к Аллаху».

1501
Риядус-салихин, № 1501Риуаят етуші: Әбу Умама

عَنْ أَبِى أمامة قَالَ: قيل لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: أَيُّ الدُّعاءِ أَسْمَعُ؟ قَالَ: «جَوْفَ اللَّيْلِ الْآخِرِ، وَدُبُرَ الصَّلَواتِ الْمَكْتُوباتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәма (р.а.): «Сахабалар Алла елшісінен ﷺ: «Қандай дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көбірек?» – деп сұрағанда, ол: «Түннің соңғы бөлігінде және парыз намаздардан кейін айтылатын дұға», – деп жауап берді», – деген (Тирмизи: 3499).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда сподвижники спросили Посланника Аллаха ﷺ: “Какая мольба скорее всего будет принята?”, он ответил: “Мольба, произнесённая в последней части ночи и после обязательных намазов”» (Ат-Тирмизи: 3499).

1502
Риядус-салихин, № 1502Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصامت أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا عَلَى الْأَرْضِ مُسْلِمٌ يَدْعُو اللَّه تَعَالَى بِدَعْوَةٍ إِلَّا آتَاهُ اللَّهُ إِيَّاها، أَوْ صَرفَ عَنْهُ مِنَ السُّوءِ مِثْلَهَا، مَا لَمْ يَدْعُ بإِثْمٍ، أَوْ قَطِيعَةِ رَحِمٍ»، فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَومِ: إِذًا نُكْثِرُ قَالَ: «اللَّهُ أَكْثَرُ»

Қазақша аудармасы

Убада ибн ас-Самит (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Жер бетінде кез келген мұсылман Аллаға қандай да бір дұға-тілек айтып жалбарынатын болса, сол дұға-тілектің ішінде күнә яки туыстық қатынасты үзу болмаған жағдайда, Алла оған тілегенін береді немесе сол дұға-тілегінің мөлшеріндей басына төнген бір жамандықтың бетін қайтарады», – деді. Сонда жамағат ішіндегі бір кісі: «Олай болса, дұға жасауды көбейтеміз», – дегенде, Алла елшісі: «Алла – (құлшылық пен дұға-мінәжаттың қарымын) еселеп, одан да көп етіп қайтарушы!1», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 3573, Хаким: 493/1, Ахмад: 11133).

Орысша аудармасы

Убада ибн ас-Самит (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если какой-либо мусульманин на земле обратится к Аллаху с какой-либо мольбой или просьбой, то, при условии что в ней нет ничего греховного либо просьбы о разрыве родственных связей, Аллах дарует ему просимое или отведёт от него соразмерное этой мольбе зло, угрожавшее ему». Тогда один из присутствующих сказал: «В таком случае мы станем обращаться с мольбами ещё чаще». Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Аллах воздаёт (за поклонение и обращения к Нему с мольбами) многократно, даруя ещё больше!1» (Ат-Тирмизи: 3573; Аль-Хаким: 493/1; Ахмад: 11133).

  1. 1Пенделері Аллаға қанша жерден көп құлшылық жасап, қаншалықты мінәжат қылса да, Алла Тағала оларға жасаған құлшылықтары мен мінәжаттарынан да асырып, көп етіп қарымта қайтарушы.
  1. 1Сколько бы рабы Аллаха ни поклонялись Ему и ни обращались к Нему с мольбами, Аллах Всевышний воздаёт им ещё больше, чем они совершили поклонений и произнесли мольб.
1503
Риядус-салихин, № 1503Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنْ ابنِ عباس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ عِنْدَ الْكَرْبِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَليمُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَاواتِ، وَرَبُّ الْأَرْضِ، وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ басына қиындық түскенде: «Лә иләһә иллаллаһ, әл-Азиз, әл-Халим! Лә иләһә иллаллаһу Раббул-Аршил-азийм! Лә иләһә иллаллаһу Раббус-сәмәәуәәти уә Раббул-арди, уә Раббул-Аршил-карийм (Бәрінен үстем, ерекше мейірбан Алладан басқа тәңір жоқ! Ұлы (яғни ең үлкен жаратылыс болған) Аршының Раббысы Алладан басқа тәңір жоқ! Жеті қат көктің Раббысы, жердің Раббысы және ең көркем/керім (жаратылыс болған) Аршының Раббысы Алладан басқа тәңір жоқ!)», – деп айтатын еді», – делінген (Бұхари: 6346, Муслим: 6921, Ахмад: 2568).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Когда Посланника Аллаха ﷺ постигала какая-либо беда, он произносил: “Ля иляха илляллах, аль-Азым, аль-Халим! Ля иляха илляллаху Раббуль Аршиль Азым! Ля иляха илляллаху Раббус самавати ва Раббуль арди ва Раббуль Аршиль Карим!” (Нет божества, кроме Великого и Снисходительного Аллаха! Нет божества, кроме Аллаха – Господа великого Трона (то есть величайшего из творений)! Нет божества, кроме Аллаха – Господа семи небес, Господа земли и Господа прекрасного и благородного Трона (являющегося творением)!)» (Аль-Бухари: 6346; Муслим: 6921; Ахмад: 2568).