Хадис

Риядус-салихин, № 1487

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
250. Дұғаның артықшылығы
Нөмірі
№ 1487 (қазақша басылым реті)
1487
Риядус-салихин, № 1487Риуаят етуші: Әли

عَنْ عليّ أَنَّ مُكَاتبًا جاءهُ فَقَالَ: إِنِّى عَجِزْتُ عَنْ كِتَابَتِى فَأعِنِّى، قَالَ: ألا أُعَلِّمُكَ كَلِماتٍ عَلَّمَنِيهنَّ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، لَوْ كَانَ عَلَيْكَ مِثْلُ جَبَلٍ دَيْنًا أدَّاهُ اللَّهُ عَنْكَ؟ قُلْ: «اللَّهُمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِكَ عَنْ حَرَامِكَ، وَأغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِواكَ»

Қазақша аудармасы

Алиден (р.а.) жеткен риуаятта: «Бірде Алиге құлдықтан біржола құтылу үшін қожайынына белгілі мөлшерде төлемақы төлейтін болып, келісім шартқа отырған бір құл келіп: «Келісім шарттағы қарызымды өтей алмай жатырмын. Маған қолұшын берсеңіз», – деп өтінішін айтады. Сонда Али оған: «Алла елшісінің ﷺ маған үйреткен дұғасын саған да үйретейін бе? (Бұл дұғаның қасиеті): Мойныңда таудай қарызың болса-дағы Алла Тағала одан құтылуыңа жәрдем береді. Ендеше: «Аллаһуммә икфини бихаләликә ан харамикә, уә ағнини бифадликә аммән сиуәкә» (Уа, Алла! Харам қылғандарыңнан тыйылу үшін маған жеткілікті мөлшерде адал ризығыңнан нәсіп еткейсің! Шексіз шарапатыңмен мені Өзіңнен басқа ешкімге кіріптар етпегейсің!), – деп дұға ет», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 3563, Ахмад: 1319).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды ко мне пришёл раб, заключивший со своим хозяином договор о выплате определённой суммы за полное освобождение из рабства, и попросил: “Я не могу выплатить долг, предусмотренный договором. Помоги мне”. Тогда я сказал ему: “Не научить ли тебя мольбе, которой научил меня Посланник Аллаха ﷺ? (Достоинство этой мольбы заключается в том, что, даже если на тебе будет долг величиной с гору, Аллах Всевышний поможет тебе избавиться от него.) Произноси: ‘Аллахумма, икфини би халялика ‘ан харамика, ва агнини би фадлика ‘амман сивака’ (О Аллах! Даруй мне столько дозволенного Тобой удела, чтобы я мог воздерживаться от запрещённого Тобой! По Своей безграничной милости избавь меня от нужды в ком-либо, кроме Тебя!)”» (Ат-Тирмизи: 3563; Ахмад: 1319).