Хадис

Дұғаның артықшылығы

О достоинстве мольбы

Риядус-салихин, 250-тақырып · 29 хадис · № 1466–1494

Хадистер

«وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِى أَسْتَجِبْ لَكُمْ» «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін» («Ғафир», 60-аят).

«ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ» «Раббыларыңа іштей жалбарынып, дұға етіңдер. Шынында, Ол шектен шыққандарды ұнатпайды» («Ағраф», 55-аят).

«وَإِذا سَأَلَكَ عِبَادِى عَنِّى فإِنِّى قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ» «Егер пенделерім сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын. Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын» («Бақара», 186-аят).

«أَمَّنْ يُجِيبُ الْمُضْطرَّ إِذَا دَعَاهُ وَيَكْشِفُ السُّوءَ» «...Әлде Өзіне қысылғаннан жалбарынып, дұға еткен жанның дұға-тілегін қабыл алып, оны басына түскен жамандықтан құтқаратын (Алла)... қайырлы ма?!» («Нәміл», 62-аят).

«Ваш Господь говорит: “Взывайте ко Мне с мольбой, и Я отвечу вам!”» (сура «Гафир», 40:60).

«Обращайтесь с мольбами к вашему Господу смиренно и сокровенно. Поистине, Он не любит попирающих пределы!» (сура «Араф», 7:55).

«Если спросят тебя рабы Мои обо Мне – Я очень близок к ним. И Я не оставляю без ответа мольбу того, кто взывает ко Мне с мольбой» (сура «Аль-⁠Бакара», 2:186).

«Или же Тот, Кто отвечает на мольбу и прошение нуждающегося, когда тот взывает к Нему, и Кто удаляет вред, постигший того…» (сура «Намль», 27:62).

1466
Риядус-салихин, № 1466Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

عَنْ النعمان بْنِ بشيرٍ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «الدُّعَاءُ هُوَ الْعِبَادَةُ»

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Дұға – ғибадат!» – деген (Әбу Дәуіт: 1479, Тирмизи: 2969, 3247, Ахмад: 18353).

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Мольба – это поклонение!» (Абу Дауд: 1479; Ат-Тирмизи: 2969, 3247; Ахмад: 18353).

1467
Риядус-салихин, № 1467Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ يَسْتَحِبُّ الْجَوَامِعَ مِنَ الدُّعَاءِ، وَيَدَعُ مَا سِوَى ذَلِكَ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дұға еткенде, аз сөзге сыйып кететін мәні терең, мазмұны кең дұғаларды ұнататын. Ал одан өзгесін аузына алмайтын еді», – деп айтты (Әбу Дәуіт: 1482, Ахмад: 25151).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ предпочитал мольбы, немногословные по форме, но глубокие по смыслу и всеобъемлющие по содержанию, и не произносил иных» (Абу Дауд: 1482; Ахмад: 25151).

1468
Риядус-салихин, № 1468Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ أكثرُ دعاءِ النَّبِيّ ﷺ: «اللَّهُمَّ آتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً، وَفِى الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ» زاد مسلم فِى روايتهِ قَالَ: وَكَانَ أَنَسٌ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَدْعُوَ بِدَعْوَةٍ دَعَا بِهَا، وَإِذَا أَرَادَ أَنْ يَدْعُوَ بِدُعَاءٍ دَعَا بِهَا فِيهِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ аузынан тастамайтын дұғасы: «Раббанә әтинә фид-дүниә хасәнәтән уә фил-ахирати хасәнәтән уә қинә азәбән-нар» (Уа, Раббымыз! Бізге дүние тіршілігінде де, ақыретте де (тек қана) жақсылық бере көр және бізді тозақ отының азабынан сақтай көр!), – деген дұға еді», – деген (Бұхари: 6389, Муслим: 6840, Ахмад: 11981).

Имам Муслимнің риуаятында қосымша ретінде: «Әнәс (р.а.) бір ғана дұға оқығысы келсе, осы дұғаны оқитын. Ал ұзағынан дұға еткісі келсе, дұғасының арасына міндетті түрде осы дұғаны да қосатын еді», – делінген.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Чаще всего Пророк ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: “Раббана атина фид дунья хасанатан ва филь ахирати хасанатан ва кына ‘азабан нар” (О Господь наш! Даруй нам и в земной жизни, и в мире вечном (только) благо и убереги нас от мучений адского огня!)» (Аль-Бухари: 6389; Муслим: 6840; Ахмад: 11981).

В версии, приведённой имамом Муслимом, дополнительно сообщается: «Когда Анас (да будет доволен им Аллах) хотел произнести лишь одну мольбу, он произносил именно эту. Когда же он хотел обратиться к Аллаху с более продолжительной мольбой, то непременно включал в неё и эту мольбу».

1469
Риядус-салихин, № 1469Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أسْألُكَ الْهُدَى، والتُّقَى، والعَفَافَ، والغِنَى»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Аллаһуммә инни әсәлукәл-һудә уәт-туқа уәл-афәфә уәл-ғина» (Уа, Алла! Бір Өзіңнен тура жол, шынайы тақуалық, ар-ұят және көңіл байлығы мен ешкімге кіріптар болмайтындай байлық сұраймын), – деп дұға жасайтын еді», – деген (Муслим: 6904, Ахмад: 3904).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: “Аллахумма, инни ас’алюкаль худа ват тука валь афафа валь гина” (О Аллах! У Тебя одного прошу наставления на прямой путь, истинной богобоязненности, целомудрия, душевного богатства и достатка, позволяющего ни от кого не зависеть)» (Муслим: 6904; Ахмад: 3904).

1470
Риядус-салихин, № 1470

عَنْ طارق بْنِ أَشْيَمَ قَالَ: كَانَ الرَّجُلُ إِذَا أَسْلَمَ عَلَّمَهُ النَّبِيُّ ﷺ الصَّلَاةَ ثُمَّ أَمَرَهُ أَنْ يَدْعُوَ بِهؤلَاءِ الْكَلِمَاتِ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى، وَارْحَمْنِى، وَاهْدِني، وَعَافِني، وَارْزُقْنِى»

وَفِى رِوَايَةٍ له عَنْ طارق: أَنَّهُ سمع النَّبِيَّ ﷺ، وأتاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ أَقُولُ حِيْنَ أسْأَلُ رَبِّى؟ قَالَ: «قُلْ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى، وَارْحَمْنِى، وَعَافِني، وارْزُقْنِى، فَإِنَّ هؤلَاءِ تَجْمَعُ لَكَ دُنْيَاكَ وَآخِرَتَكَ»

Қазақша аудармасы

Тариқ ибн Әйшәм (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған кісіге алдымен намаз оқуды үйрететін. Содан кейін: «Аллаһуммағфир ли уархамни уәһдини уә афини уарзуқни» (Уа, Алла! Мені кешіре көр! Мейіріміңе бөлеп, тура жолға сала көр! Маған тән және жан саулығы мен адал ризық-несібе бере көр!), – деп дұға етуді бұйыратын еді», – деп айтты (Муслим: 6849).

Басқа бір риуаятта Тариқ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Раббымнан мұң-мұқтажымды сұрағанымда не деп дұға етейін?» – деген еді. Сонда Алла елшісінің оған: «Уа, Алла! Мені кешіре көр! Мені мейіріміңе бөлей көр! Маған тән және жан саулығы мен адал ризық-несібе бере көр!» – деп дұға ет. Шынында, бұл дұға дүние мен ақыретке қатысты барлық мұң-мұқтажыңды қамтиды деп айтқанын естідім», – деген.

Орысша аудармасы

Тарик ибн Ашьям (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда человек произносил свидетельство веры и принимал ислам, Пророк ﷺ сначала обучал его совершению намаза, а затем велел обращаться к Аллаху со следующей мольбой: “Аллахумма гфир ли, вархамни, вахдини, ва ‘афини, варзукни” (О Аллах! Прости меня! Окружи меня Своей милостью и наставь на прямой путь! Даруй мне телесное и душевное здравие и дозволенный удел!)» (Муслим: 6849).

В другой версии Тарик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и спросил: “О Посланник Аллаха! Что мне говорить в мольбе, когда я обращаюсь к своему Господу со своими нуждами?” Я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Говори: ‘О Аллах! Прости меня! Окружи меня Своей милостью! Даруй мне телесное и душевное здравие и дозволенный удел!’ Поистине, эта мольба охватывает всё, в чём ты нуждаешься в этом мире и мире вечном”».

1471
Риядус-салихин, № 1471Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ مُصَرِّفَ الْقُلُوبِ صَرِّفْ قُلُوبنَا عَلَى طَاعَتِكَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Аллаһуммә Мусаррифәл-қулуби сарриф қулубәнә а’лә та’атикә. (Уа, жүректерді (әртүрлі күйге түсіріп) құбылтушы Алла! Біздің жүрегімізді әркез Өзіңе мойынсұнуға бағыттай көр)», – деп дұға жасаған еді», – деген (Муслим: 6750, Ахмад: 6569).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: «Аллахумма, Мусаррифаль кулюби, сарриф кулюбана ‘аля та‘атика» (О Аллах, обращающий сердца (и переводящий их из одного состояния в другое)! Всегда направляй наши сердца к покорности Тебе) (Муслим: 6750; Ахмад: 6569).

1472
Риядус-салихин, № 1472Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «تَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنْ جَهْدِ الْبَلَاءِ، وَدَرَكِ الشَّقَاءِ، وَسُوءِ الْقَضَاءِ، وَشَمَاتَةِ الْأَعْدَاءِ»

وَفِى رِوَايَةٍ قَالَ سفيان: أَشُكُّ أنِّى زِدْتُ واحدةً مِنْهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Тіршіліктің ауыртпалығынан, құрдымға кетіретін қиындықтан, тағдырдың тауқыметінен және дұшпанның табасынан сақтай көр», – деп Аллаға сиыныңдар», – деп айтқан (Бұхари: 6616, Муслим: 6877, Ахмад: 7355).

Басқа бір риуаятта Суфиян: «Мен бұлардың біреуін өзімнен қосып жібердім бе деп күмәнданамын», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Просите у Аллаха защиты от тягот жизни, губительных невзгод, тяжкой участи и злорадства врагов» (Аль-Бухари: 6616; Муслим: 6877; Ахмад: 7355).

В другой версии хадиса Суфьян сказал: «Я сомневаюсь: не добавил ли я одно из них от себя».

1473
Риядус-салихин, № 1473Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: كَانَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ أصْلِحْ لِى دِينِى الَّذِى هُوَ عِصْمَةُ أمْرِى، وأصْلِحْ لِى دُنْيَايَ الَّتِى فِيهَا مَعَاشِى، وأصْلِحْ لِى آخِرتِى الَّتِى فِيهَا مَعَادي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِى فِى كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوتَ رَاحَةً لِى مِنْ كُلِّ شَرٍّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Аллаһуммә аслих ли дини әл-ләзи һуа ’исмату әмри, уә аслих ли дуниәйә әл-ләти фиһә ма’аши, уә аслих ли әхирати әл-ләти фиһә ма’ади, уаж’али-л-хаятә зиядәтән ли фи кулли хайрин, уаж’али-л-мәутә рахатан ли мин кулли шәррин. (Уа, Алла! Барлық ісімнің негізі һәм қорғаны болған дінімді оңғара көр! Тіршілігімнің тұрағы болған дүниемді оңғара көр! Қайтатын жерім, мәңгілік тұрағым болатын ақыретімді оңғара көр! Бұл өмірді мен үшін жақсылық атаулыны барынша атқаратын мүмкіндік ете көр, ал өлімді жамандық атаулыдан құтылып, жай табатын нығмет ете көр!)», – деп айтатын еді», – деген (Муслим: 6903).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ произносил следующую мольбу: «Аллахумма аслих ли дини аллязи хува ‘исмату амри, ва аслих ли дуняйа алляти фиха ма‘аши, ва аслих ли ахирати алляти фиха ма‘ади, вадж‘алиль хаята зиядатан ли фи кулли хайрин, вадж‘алиль маута рахатан ли мин кулли шаррин» (О Аллах! Приведи в порядок мою религию, которая является основой и защитой всех моих дел! Приведи в порядок мою земную жизнь, в которой я живу! Приведи в порядок мою жизнь в мире вечном, куда я вернусь и где пребуду навечно! Сделай эту жизнь для меня возможностью совершить как можно больше всякого добра, а смерть – благом, благодаря которому я избавлюсь от всякого зла и обрету покой!) (Муслим: 6903).

1474
Риядус-салихин, № 1474Риуаят етуші: Әли

عَنْ علي قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُلْ: اللَّهُمَّ اهْدِني، وسَدِّدْنِى»

وفي رواية: «اللَّهمَّ إنِّي أسْألُكَ الهُدَى والسَّدَادَ»

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Аллаһуммә иһдини, уә сәддидни! (Уа, Алла! Мені тура жолға сала көр және дәйім дұрыстық пен туралықта табанды қыла көр!)», – деп айт», – деді».

Басқа бір риуаятта: «Аллаһуммә инни әсәлукә-л-һудә уә-с-сәдәдә (Уа, Алла! Өзіңнен тура жол және дұрыстық пен туралықты сұраймын)», – делінген (Муслим: 6911, Ахмад: 1321).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Произноси: ‘Аллахумма, ихдини ва саддидни!’ (О Аллах! Наставь меня на прямой путь и даруй мне постоянство в праведности и неуклонном следовании истине!)”».

В другой версии хадиса говорится: «Аллахумма, инни ас’алюкаль худа вас садада» (О Аллах! Прошу у Тебя наставления на прямой путь, праведности и неуклонного следования истине) (Муслим: 6911; Ахмад: 1321).

1475
Риядус-салихин, № 1475Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ، وَالكَسَلِ، وَالجُبْنِ، والهَرَمِ، والبُخْلِ، وأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وأعوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ»

وَفِى رِوَايَة: «وَضَلَعِ الدَّيْنِ، وَغَلَبَةِ الرِّجَالِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә минәл-а’жзи уәл-кәсәли, уәл-жубни, уәл-һарами, уәл-бухли. Уә ә’узу бикә мин а’забил-қабри, уә ә’узу бикә мин фитнәтил-махя уәл-мәмәти (Уа, Алла! Мені қауқарсыздық пен жалқаулықтан, қорқақтықтан, қаусаған қарттықтан және сараңдықтан Өзің сақтай көр! Сондай-ақ мені қабір азабынан және өмір мен өлімнің сынақтарынан Өзің сақтай көр!)», – деп айтатын еді», – деді», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Уә дала’йд-дәини, уә ғалабатир-рижәли (Қарызға батудан және адамдардың озбырлығынан сақтай көр!)», – делінген (Муслим: 6873, Бұхари: 6367, Ахмад: 13304).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ произносил следующую мольбу: “Аллахумма инни а‘узу бика миналь ‘аджзи валь касали, валь джубни, валь харами, валь бухли. Ва а‘узу бика мин ‘азабиль кабри, ва а‘узу бика мин фитнатиль махйа валь мамати” (О Аллах! Убереги меня от бессилия и лени, трусости, дряхлой старости и скупости! Убереги меня также от мучений могилы и испытаний жизни и смерти!)».

В другой версии добавлено: «Ва даля‘ид дайни ва галябатир риджали» (Убереги меня от того, чтобы погрязнуть в долгах, и от людского произвола!) (Муслим: 6873; Аль-Бухари: 6367; Ахмад: 13304).

1476
Риядус-салихин, № 1476Риуаят етуші: Әбу Бәкір

عَنْ أَبِى بَكْر الصديق: أَنَّهُ قَالَ لرسُولِ اللَّه ﷺ: عَلِّمْنِى دُعَاءً أَدْعُو بِهِ فِى صَلَاتِى، قَالَ: «قُلْ: اللَّهُمَّ إِنِّى ظَلَمتُ نَفْسِى ظُلْمًا كَثِيرًا، وَلَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِى مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ، وارْحَمْنِى، إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкр әс-Сыддық (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ: «Маған намазда оқитын бір дұға үйретсеңіз – деп өтініш білдірдім. Сонда ол маған: «Аллаһуммә инни заләмту нәфси зулмән кәсииран уә лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә, фәғфир ли мағфиратән мин ’индикә уәрхамни иннәкә әнтәл-ғафурур-рахим» (Уа, Алла! Шынында, мен өз-өзіме көп зұлымдық жасадым.1 Күнәларымды бір Өзіңнен өзге ешкім кешіре алмайды. Мені кешіріп, шексіз кеңшілігің мен мейіріміңе бөлей көр! Шүбәсіз, Сен өте кешірімді, аса мейірімдісің!), – деп дұға ет», – деп айтты», – деген (Бұхари: 834, Муслим: 6869, Ахмад: 8).

Орысша аудармасы

Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я попросил Посланника Аллаха ﷺ: “Научи меня мольбе, которую я мог бы произносить во время молитвы”. Он сказал мне: “Произноси: ‘Аллахумма, инни залямту нафси зульман касиран, ва ля ягфируз зунуба илля Анта, фагфир ли магфиратан мин ‘индика, вархамни, иннака Анталь Гафурур Рахим’ (О Аллах! Поистине, я многократно поступал несправедливо по отношению к самому себе1. Никто, кроме Тебя, не может простить мои грехи. Прости меня и окружи Своей безграничной щедростью и милостью! Воистину, Ты – Всепрощающий, Милосердный!)”» (Аль-Бухари: 834; Муслим: 6869; Ахмад: 8).

  1. 1Яғни, ақыретте өзіме жүк болатын және зиян келтіретін көп күнә жасадым.
  1. 1То есть я совершил много грехов, которые станут для меня бременем в Последней жизни и причинят мне вред.
1477
Риядус-салихин, № 1477Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ كَانَ يدْعُو بِهذا الدُّعَاءِ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى خَطِيئَتِى وَجَهْلِى، وإِسرافِى فِى أمْرِى، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنّي، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى جِدِّى وَهَزْلِي؛ وَخَطَئِى وَعَمْدِي؛ وَكُلُّ ذَلِكَ عِنْدِى، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى مَا قَدَّمْتُ وَمَا أخَّرْتُ، وَمَا أسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّى، أَنْتَ الْمُقَدِّمُ، وأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ، وأَنْتَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ мына дұғамен мінәжат ететін еді: «Аллаһуммә иғфир ли хатыйати уә жәһли, уә исрафи фи әмри, уә мә әнтә а’ләму биһи минни. Аллаһуммә иғфир ли жидди уә һәзли, уә хатаи уә а’мди, уә куллу зәлика и’нди. Аллаһуммә иғфир ли мә қаддамту уә мә аххарту, уә мә әсрарту, уә мә а’ләнту, уә мә әнтә а’ләму биһи минни, әнтә-л-муқаддиму, уә әнтә-л-муаххиру, уә әнтә а’лә кулли шәйин қадир! (Уа, Алла! Менің күнәмді, надандығымды, шектен шыққан істерімді және (санын, мөлшерін және үкімін) Өзің жақсы білетін (бірақ мен білмейтін) барлық күнәларымды кешіре көр! Уа, Алла! Менің шындап немесе әзілдеп, қателесіп немесе әдейі істеген күнәларымды кешіре көр! Өйткені соның барлығы менде бар. Уа, Алла! Менің бұған дейін жасаған әрі алдағы уақытта жасайтын, жасырын және жария түрде жасаған күнәларымды, сондай-ақ (санын, мөлшерін және үкімін) Өзің жақсы білетін (бірақ мен білмейтін) барлық күнәларымды кешіре көр! Қалағаныңды қолдап, жаннатқа ұсынасың, қалағаныңды қолдаусыз қалдырып, тозаққа тоғытылуға лайық етесің және Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді!)», – деді», – деген (Бұхари: 6398, Муслим: 6901, Ахмад: 19738).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ обращался к Аллаху со следующей мольбой: “Аллахумма гфир ли хатиати ва джахли, ва исрафи фи амри, ва ма анта а‘ляму бихи минни. Аллахумма гфир ли джидди ва хазли, ва хатаи ва ‘амди, ва куллу залика ‘инди. Аллахумма гфир ли ма каддамту ва ма аххарту, ва ма асрарту, ва ма а‘лянту, ва ма анта а‘ляму бихи минни. Анталь Мукаддиму, ва Анталь Муаххиру, ва Анта ‘аля кулли шайин кадир!” (О Аллах! Прости мой грех, моё невежество, поступки, в которых я перешёл границы, и все мои грехи, о которых Ты знаешь лучше меня (Ты знаешь их число, меру и оценку, тогда как я сам их не знаю)! О Аллах! Прости мои грехи, совершённые всерьёз или в шутку, по ошибке или намеренно! Ведь всё это мне присуще.

О Аллах! Прости мои грехи, совершённые прежде, и те, которые я совершу в будущем, совершённые тайно и явно, а также все мои грехи, о которых Ты знаешь лучше меня (Ты знаешь их число, меру и оценку, тогда как я сам их не знаю)! Кого пожелаешь, Ты поддерживаешь и продвигаешь к раю, а кого пожелаешь, оставляешь без поддержки и делаешь достойным быть ввергнутым в ад. Твоё могущество объемлет всё!)» (Аль-Бухари: 6398; Муслим: 6901; Ахмад: 19738).

1478
Риядус-салихин, № 1478Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّﷺ كَانَ يَقُولُ فِى دُعَائِهِ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا عَمِلْتُ ومنْ شَرِّ مَا لَمْ أعْمَلْ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ дұғасында: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин шәрри мә а’милту уә мин шәрри мә ләм а’мәл (Уа, Алла! Мені істеген істерімнің кесірінен және әлі істемеген істерімнің кесірінен бір Өзің сақтай көр!)», – деп дұға жасайтын еді», – деп айтылған (Муслим: 6895, Ахмад: 25084).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: «Аллахумма, инни а‘узу бика мин шарри ма ‘амильту ва мин шарри ма лям а‘маль» (О Аллах! У Тебя одного ищу защиты от зла того, что я совершил, и от зла того, чего ещё не совершил!) (Муслим: 6895; Ахмад: 25084).

1479
Риядус-салихин, № 1479Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَ مِن دعاءِ رسُولِ اللَّه ﷺ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ زَوالِ نِعْمَتِكَ، وتَحَوُّلِ عَافِيَتِكَ، وفُجَاءةِ نِقْمَتِكَ، وَجَميعِ سَخَطِكَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ бір дұғасы мынадай еді: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин зәуәли ни’матикә, уә тахауули а’фиятикә, уә фужәати ниқматикә, уә жами’и сахатикә (Уа, Алла! Берген нығметтеріңнен айырылып қалудан, берген саулығың мен есендігіңнен айырылудан, аяқ астынан келетін жазаң мен қазаңнан және қаһарыңа қалдыратын барлық істерден сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын)», – деді », – деген (Муслим: 6943).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Одной из мольб Посланника Аллаха ﷺ была следующая: “Аллахумма, инни а‘узу бика мин завали ни‘матика, ва тахаввули ‘афиятика, ва фуджаати никматика, ва джами‘и сахатика” (О Аллах! Прибегаю к Тебе одному, прося защиты от утраты дарованных Тобой благ, лишения ниспосланных Тобой здоровья и благополучия, внезапной кары и бедствия, а также от всех деяний, навлекающих Твой гнев)» (Муслим: 6943).

1480
Риядус-салихин, № 1480Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам

عَنْ زيد بْنِ أرقم قَالَ: كَانَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ وَالكَسَلِ، والبُخْلِ والهَرَمِ، وَعَذابِ الْقَبْرِ، اللَّهُمَّ آتِ نَفْسِى تَقْوَاهَا، وَزَكِّها أَنْتَ خَيْرُ مَنْ زَكَّاهَا، أَنْتَ وَلِيُّهَا وَمَوْلَاهَا، اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لَا يَنْفَعُ؛ وَمِنْ قَلْبٍ لَا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لَا تَشْبَعُ؛ وَمِنْ دَعْوَةٍ لَا يُسْتَجابُ لَهَا»

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқам (р.а.): «Алла елшісі ﷺ былай деп дұға жасайтын еді: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә минәл-а’жзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли, уәл-һарами, уә а’забил-қабри. Аллаһуммә әәти нәфси тақуаһә, уә зәккиһә, әнтә хайру мән зәккәһә, әнтә уәлиюһә уә мәуләһә. Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин и’лмин лә иәнфә’у, уә мин қалбин лә иахша’у, уә мин нәфсин лә тәшба’у, уә мин да’уатин лә иустажәбу ләһә (Уа, Алла! Мені қауқарсыздықтан, жалқаулықтан, сараңдықтан, қаусаған қарттықтан және қабір азабынан Өзің сақтай көр! Уа, Алла! Менің жан-дүниеме тақуалық беріп, оны жағымсыз мінездер мен сезімдерден тазарта көр! Жан-дүниені ең жақсы тазартушы бір Өзіңсің! Өйткені оның қамқоршысы да, иесі де бір Өзіңсің! Уа, Алла! Мені пайдасыз, қайырсыз білімнен, Өзіңнен қорықпайтын жүректен, тоймайтын нәпсіден және қабыл болмайтын дұғадан сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын)», – деген» (Муслим: 6906, Ахмад: 13304).

Орысша аудармасы

Зайд ибн Аркам (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ обращался к Аллаху со следующей мольбой: “Аллахумма инни а‘узу бика миналь ‘аджзи, валь касали, валь бухли, валь харами, ва ‘азабиль кабри. Аллахумма ати нафси такваха, ва заккиха, анта хайру ман заккаха, анта валийюха ва мауляха. Аллахумма инни а‘узу бика мин ‘ильмин ля янфа‘у, ва мин кальбин ля яхша‘у, ва мин нафсин ля ташба‘у, ва мин да‘ватин ля юстаджабу ляха” (О Аллах! Убереги меня от бессилия, лени, скупости, дряхлой старости и мучений могилы! О Аллах! Надели мою душу богобоязненностью и очисти её от дурных качеств и чувств! Никто не очистит душу лучше Тебя! Ведь Ты один – её Покровитель и Владыка! О Аллах! Я прибегаю к Тебе одному, прося уберечь меня от бесполезного знания, не несущего блага, от сердца, которое не страшится Тебя, от ненасытной души и от мольбы, которая не будет принята!)» (Муслим: 6906; Ахмад: 13304).

1481
Риядус-салихин, № 1481Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْ ابْن عَبَّاس أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وإِلَيْكَ أنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، وإِلَيْكَ حَاكَمْتُ. فَاغْفِرْ لِى مَا قَدَّمْتُ، وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ، وَمَا أَعْلَنْتُ، أَنْتَ الْمُقَدِّمُ، وأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ» زَادَ بَعْضُ الرُّوَاةِ: «وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Аллаһуммә ләкә әсламту, уә бикә әмәнту, уә а’лейкә тәуәккәлту, уә иләйкә әнәбту, уә бикә хасамту, уә иәәйкә хакамту. Фағфир ли мә қаддамту, уә мә аххарту, уә мә әсрарту, уә мә а’ләнту. Әнтә-л-муқаддиму уә әнтә-л-муаххиру лә иәһә иллә Әнтә! (Уа, Алла! Бір Өзіңе бойсұндым, бір Өзіңе иман келтірдім, Өзіңе ғана тәуекел еттім және тәубе еттім, Өзіңнің жолыңда дұшпанға қарсы тұрдым және үкім беруде Өзіңе жүгіндім. Менің бұған дейін істеген әрі алдағы уақытта істейтін күнәларымды, сондай-ақ жасырын һәм жария түрде жасаған күнә-қателіктерімді кешіре көр! Қалағаныңды қолдап, жаннатқа ұсынасың, қалағаныңды қолдаусыз қалдырып, тозаққа тоғытылуға лайық етесің! Өзіңнен басқа тәңір жоқ!)», – деп дұға жасайтын еді!)», – деген.

Осы хадисті жеткізген кейбір рауилер: «Лә хаулә уә лә қууаттә иллә биллаһ (Алладан басқа күш-қуат та, құдірет те жоқ!)» деген сөзді қосқан (Бұхари: 1120, Муслим: 1808).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: «Аллахумма, ляка асламту, ва бика аманту, ва ‘алейка таваккальту, ва иляйка анабту, ва бика хасамту, ва иляйка хакамту. Фагфир ли ма каддамту, ва ма аххарту, ва ма асрарту, ва ма а‘лянту. Анталь Мукаддиму ва Анталь Муаххиру, ля иляха илля Анта!» (О Аллах! Тебе одному я покорился, в Тебя одного уверовал, лишь на Тебя уповаю и перед Тобой каюсь. На Твоём пути я противостоял врагам и обращался к Тебе за судом. Прости мои прежние и будущие грехи, а также грехи и проступки, совершённые мною тайно и явно! Кого пожелаешь, Ты поддерживаешь и направляешь к раю, а кого пожелаешь, оставляешь без поддержки и делаешь достойным низвержения в ад. Нет божества, кроме Тебя!).

Некоторые передатчики этого хадиса добавляли слова: «Ля хауля ва ля куввата илля биллях» (Нет ни силы, ни мощи, ни могущества ни у кого, кроме Аллаха!) (Аль-Бухари: 1120; Муслим: 1808).

1482
Риядус-салихин, № 1482Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيّ ﷺ كَانَ يدعو بِهؤُلاءِ الْكَلِمَاتِ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ النَّارِ، وَعَذَابِ النَّارِ، وَمِنْ شَرِّ الْغِنَى وَالْفَقْرِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ мына сөздерді айтып дұға жасайтын еді делінген: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин фитнәтин-нәәр, уә а’забин-нәәр, уә мин шәрри-л-ғинә уәл-фақр (Уа, Алла! Мені тозақ отымен сыналудан, тамұқ азабынан және байлық пен кедейліктің жамандығынан Өзің сақтай көр!)» (Әбу Дәуіт: 1543, Тирмизи: 3495).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: «Аллахумма, инни а‘узу бика мин фитнатин нари, ва ‘азабин нари, ва мин шарриль гина валь факр» (О Аллах! У Тебя прошу защиты от испытания адским огнём, мучений ада и зла богатства и бедности!) (Абу Дауд: 1543; Ат-Тирмизи: 3495).

1483
Риядус-салихин, № 1483

عَنْ زياد بْنِ عِلَاقَةَ عَنْ عمه، وَهُوَ قُطْبَةُ بنُ مالِكٍ قَالَ: كَانَ النَّبِيّ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ مُنْكَرَاتِ الْأخْلَاقِ، وَالْأَعْمَالِ، والأهْواءِ»

Қазақша аудармасы

Зияд ибн Илақа (р.а.) көкесі Қутба ибн Мәликтен (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин мункаратил-ахлақ, уәл-а’мәл, уәл-аһуә (Уа, Алла! Мені жағымсыз мінез-құлықтар мен жағымсыз, күнәлі істерден, жағымсыз құмарлықтардан бір Өзің сақтай көр!)», – деп айтатын еді», – деген (Тирмизи: 3591).

Орысша аудармасы

Зияд ибн Иляка (да будет доволен им Аллах) передал со слов своего дяди Кутбы ибн Малика (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ произносил: «Аллахумма, инни а‘узу бика мин мункаратиль ахляки, валь а‘мали, валь ахва» (О Аллах! У Тебя одного ищу защиты от дурных нравственных качеств, предосудительных и греховных деяний и порочных страстей!) (Ат-Тирмизи: 3591).

1484
Риядус-салихин, № 1484

عَنْ شَكَلِ بْنِ حُمَيدٍ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، علِّمْنِى دعاءً، قَالَ: «قُلْ: اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ سَمْعِى، وَمِنْ شَرِّ بَصَرِى، وَمِنْ شَرِّ لِسَانِى، وَمِنْ شَرِّ قَلْبِى، وَمِنْ شَرِّ مَنِيِّى»

Қазақша аудармасы

Шәкәл ибн Хумайд (р.а.): Бірде мен: «Уа, Расулалла! ﷺ Маған бір дұға үйретіңізші», – дегенімде, маған: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин шәрри сам’ий, уә мин шәрри басарий, уә мин шәрри лисәний, уә мин шәрри қалбий, уә мин шәрри мәнии (Уа, Алла! Мені құлағымның, көзімнің, тілімнің, жүрегімнің және шәуетімнің жамандығынан Өзің сақтай көр!)», – деп айт», – деді (Әбу Дәуіт: 1551, Тирмизи: 3492, Ахмад: 15541).

Орысша аудармасы

Шакаль ибн Хумайд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я попросил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Научи меня какой-нибудь мольбе”. Он сказал мне: “Говори: ‘Аллахумма инни а‘узу бика мин шарри сам‘и, ва мин шарри басари, ва мин шарри лисани, ва мин шарри кальби, ва мин шарри манийи’ (О Аллах! Убереги меня от зла моего слуха, зрения, языка, сердца и семени!)”» (Абу Дауд: 1551; Ат-Тирмизи: 3492; Ахмад: 15541).

1485
Риядус-салихин, № 1485Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس -رضي اللَّه عَنْهُ أنَّ النَّبِيَّّ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْبَرَصِ، والجُنُونِ، والجُذَامِ، وَسَيِّيءِ الْأسْقَامِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин әл-бараси, уәл-жунуни, уәл-жуззами, уә сәиил-асқам (Уа, Алла! Мені алапестен, ақылдан адасып жынданудан, тері ауруларынан және басқа да жаман аурулардан Өзің сақтай көр!)», – деп дұға жасайтын еді», – делінген (Әбу Дәуіт: 1554, Ахмад: 13004).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ обращался к Аллаху со следующей мольбой: «Аллахумма инни а‘узу бика миналь бараси, валь джунуни, валь джуззами, ва сайииль аскам» (О Аллах! Убереги меня от витилиго, проказы, потери рассудка и безумия, кожных заболеваний и прочих тяжёлых недугов!) (Абу Дауд: 1554; Ахмад: 13004).

1486
Риядус-салихин, № 1486Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْجُوعِ، فَإِنَّهُ بِئْسَ الضَّجِيعُ، وأعوذُ بِكَ منَ الْخِيَانَةِ، فَإِنَّهَا بِئْسَتِ الْبِطَانَةُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Аллаһуммә инни әу’зу бикә минәл-жууғ, фәиннәһу би’сә-д-дажи’, ә’узу бикә минәл-хиянә фәиннәһә би’сати-л-битана (Уа, Алла! Мені аштықтан сақтай көр, өйткені аштық неткен жаман бас көтертпейтін ауыр жағдай еді! Сондай-ақ мені қиянаттан сақтай көр, өйткені ол неткен жаман пиғыл еді!)», – деп айтатын еді», – деген (Әбу Дәуіт: 1547, Ибн Хиббан: 1029).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: «Аллахумма, инни а‘узу бика мин альджу‘и, фа иннаху би‘сад даджи‘у, ва а‘узу бика мин альхиянати, фа иннаха би‘сатиль битана» (О Аллах! Убереги меня от голода, ведь голод – тяжкое, изнуряющее состояние, не дающее поднять головы! Убереги меня и от вероломства, ведь какое же это скверное душевное качество!) (Абу Дауд: 1547; Ибн Хиббан: 1029).

1487
Риядус-салихин, № 1487Риуаят етуші: Әли

عَنْ عليّ أَنَّ مُكَاتبًا جاءهُ فَقَالَ: إِنِّى عَجِزْتُ عَنْ كِتَابَتِى فَأعِنِّى، قَالَ: ألا أُعَلِّمُكَ كَلِماتٍ عَلَّمَنِيهنَّ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، لَوْ كَانَ عَلَيْكَ مِثْلُ جَبَلٍ دَيْنًا أدَّاهُ اللَّهُ عَنْكَ؟ قُلْ: «اللَّهُمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِكَ عَنْ حَرَامِكَ، وَأغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِواكَ»

Қазақша аудармасы

Алиден (р.а.) жеткен риуаятта: «Бірде Алиге құлдықтан біржола құтылу үшін қожайынына белгілі мөлшерде төлемақы төлейтін болып, келісім шартқа отырған бір құл келіп: «Келісім шарттағы қарызымды өтей алмай жатырмын. Маған қолұшын берсеңіз», – деп өтінішін айтады. Сонда Али оған: «Алла елшісінің ﷺ маған үйреткен дұғасын саған да үйретейін бе? (Бұл дұғаның қасиеті): Мойныңда таудай қарызың болса-дағы Алла Тағала одан құтылуыңа жәрдем береді. Ендеше: «Аллаһуммә икфини бихаләликә ан харамикә, уә ағнини бифадликә аммән сиуәкә» (Уа, Алла! Харам қылғандарыңнан тыйылу үшін маған жеткілікті мөлшерде адал ризығыңнан нәсіп еткейсің! Шексіз шарапатыңмен мені Өзіңнен басқа ешкімге кіріптар етпегейсің!), – деп дұға ет», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 3563, Ахмад: 1319).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды ко мне пришёл раб, заключивший со своим хозяином договор о выплате определённой суммы за полное освобождение из рабства, и попросил: “Я не могу выплатить долг, предусмотренный договором. Помоги мне”. Тогда я сказал ему: “Не научить ли тебя мольбе, которой научил меня Посланник Аллаха ﷺ? (Достоинство этой мольбы заключается в том, что, даже если на тебе будет долг величиной с гору, Аллах Всевышний поможет тебе избавиться от него.) Произноси: ‘Аллахумма, икфини би халялика ‘ан харамика, ва агнини би фадлика ‘амман сивака’ (О Аллах! Даруй мне столько дозволенного Тобой удела, чтобы я мог воздерживаться от запрещённого Тобой! По Своей безграничной милости избавь меня от нужды в ком-либо, кроме Тебя!)”» (Ат-Тирмизи: 3563; Ахмад: 1319).

1488
Риядус-салихин, № 1488Риуаят етуші: Имран ибн әл-Хусайн

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ الْحُصَينِ أَنَّ النَّبِيّ ﷺ عَلَّمَ أبَاهُ حُصَيْنًا كَلِمَتَيْنِ يَدْعُو بهما: «اللَّهُمَّ ألْهِمْنِى رُشْدِى وأعِذْنِى مِنْ شَرِّ نَفْسي»

Қазақша аудармасы

Имран ибн әл-Хусайн (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ оның әкесі Хусайнға дұға ретінде айтатын мына екі ауыз сөзді үйреткен: «Аллаһуммә әлһимни рушди, уә а’изни мин шәрри нәфси (Уа, Алла! Маған (барлық істерімде Өзіңді разы ететін) туралықты (дұрыстықты) аян етіп, білдіргейсің және нәпсімнің жамандығынан сақтағайсың)», – делінген (Тирмизи: 3483).

Орысша аудармасы

Имран ибн аль-Хусайн (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ научил его отца Хусайна мольбе, содержащей две просьбы: «Аллахумма альхимни рушди, ва а‘изни мин шарри нафси» (О Аллах! Внуши мне праведность и укажи верный путь (правильный путь, угодный Тебе во всех моих делах) и убереги меня от зла моей души!) (Ат-Тирмизи: 3483).

1489
Риядус-салихин, № 1489

عَنْ أَبِى الْفضل الْعباس بْنِ عبد الْمطلب قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ عَلِّمْنِى شَيْئًا أسْألُهُ اللَّه تَعَالَى، قَالَ: «سَلوا اللَّه الْعَافِيَةَ» فَمَكَثْتُ أَيَّامًا، ثُمَّ جِئْتُ فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ عَلِّمْنِى شَيْئًا أسْألُهُ اللَّه تَعَالَى، قَالَ لي: «يَا عَبَّاسُ، يَا عَمَّ رَسُول اللَّهِ، سَلُوا اللَّه الْعَافِيَةَ فِى الدُّنيَا والْآخِرَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Фадл Аббас ибн Абдулмуталиб (р.а.): Бірде мен: «Уа, Расулалла ﷺ, маған Алладан сұрайтын маңызды нәрсе үйретіңізші», – дегенімде: «Алладан аман-есендік сұраңыздар!» деді. Содан біраз күн өткен соң қайта келіп, тағы да: «Уа, Расулалла, маған Алладан сұрайтын маңызды нәрсе үйретіңізші», – дегенімде, маған: «Уа, Аббас! Уа, Алла елшісінің көкесі! Алладан дүниеде де, ақыретте де аман-есендік беруін сұраңыздар!» деп айтты», – деген (Тирмизи: 3514).

Орысша аудармасы

Абу Фадль Аббас ибн Абд аль-Мутталиб (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я попросил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Научи меня чему-нибудь важному, о чём мне следует просить Аллаха”. Он ответил: “Просите у Аллаха благополучия!” Через несколько дней я вновь пришёл к нему и повторил: “О Посланник Аллаха! Научи меня чему-нибудь важному, о чём мне следует просить Аллаха”. Тогда он сказал мне: “О Аббас! О дядя Посланника Аллаха! Просите у Аллаха благополучия и в этом мире, и в Последней жизни!”» (Ат-Тирмизи: 3514).

1490
Риядус-салихин, № 1490

عَنْ شَهْرِ بْنِ حَوشَبٍ، قَالَ: قُلْتُ لأُمِّ سَلَمة، يَا أمَّ الْمؤمِنِينَ، مَا كَانَ أكثْرُ دعاءِ رَسُولِ اللَّه ﷺ، إِذَا كَانَ عِنْدَكِ؟ قَالَتْ: كَانَ أَكْثَرُ دُعائِهِ: «يَا مُقَلِّبَ الْقُلُوبِ ثَبِّتْ قَلْبِى عَلَى دِينِكَ»

Қазақша аудармасы

Шәһр ибн Хаушәб (р.а.): Бірде мен Үммі Сәләмаға (р.а.): «Уа, мүміндердің анасы! Алла елшісі ﷺ сіздің жаныңызда болғанда ең көп айтатын дұғасы қандай еді?» – дегенімде, ол: «Ең көп айтатын дұғасы мынау еді деп, мына дұғаны айтты: «Иә, муқаллибал-қулуби, сәббит қалби а’лә диникә» (Уа, жүректерді (әртүрлі күйге түсіріп) құбылтушы Алла! Жүрегімді дініңе бекем қылғайсың!) (Тирмизи: 2140, 3522, Ахмад: 26576).

Орысша аудармасы

Шахр ибн Хаушаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я спросил Умм Саламу (да будет доволен ею Аллах): “О мать правоверных! Какую мольбу Посланник Аллаха ﷺ чаще всего произносил, находясь рядом с тобой?” Она ответила: “Чаще всего он произносил следующую мольбу: ‘Йа Мукаллибаль кулюби, саббит кальби ‘аля диника’ (О Аллах, обращающий сердца (из одного состояния в другое)! Утверди моё сердце в Твоей религии!)”» (Ат-Тирмизи: 2140, 3522; Ахмад: 26576).

1491
Риядус-салихин, № 1491Риуаят етуші: Әбу Дәрда

عَنْ أَبِى الدردَاءِ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَانَ مِنْ دُعاءِ دَاوُدَ: اللَّهُمَّ إِنِّى أسْألُكَ حُبَّكَ، وَحُبَّ مَنْ يُحِبُّكَ، وَالْعَمَلَ الَّذِى يُبَلِّغُنِى حُبَّكَ، اللَّهُمَّ اجْعَلْ حُبَّكَ أحَبَّ إِلَيَّ مِنْ نَفْسِى، وأَهْلِى، وَمِنَ الْماءِ الْبارِدِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Дәуіт пайғамбардың (а.с.) дұғалары арасында: «Аллаһуммә инни әсалукә хуббакә, уә хубба мән юхиббукә, уәл-’амалә әл-ләзи юбәллиғуни хуббакә. Аллаһуммә иж’аль хуббакә ахабба илләйиә мин нәфси, уә әһли, уә минәл-мәәйл-бәәриди (Уа, Алла! Маған Өзіңді жақсы көруді және Өзіңді жақсы көргендерді жақсы көруді, сондай-ақ Өзіңді жақсы көруге жеткізетін игі істерді нәсіп етуіңді сұраймын. Уа, Алла! Өзіңе деген сүйіспеншілікті жан-тәнімнен, отбасымнан және (аптап ыстық күндегі, қатты шөл қысқан кездегі) салқын судан да артық қылғайсың)», – деген дұға-тілек бар еді», – деген (Тирмизи: 3590).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди мольб пророка Дауда (мир ему) была следующая: “Аллахумма, инни ас’алюка хуббака, ва хубба ман юхиббука, валь ‘амаляллязи юбаллигуни хуббака. Аллахумма, идж‘аль хуббака ахабба иляйя мин нафси, ва ахли, ва мин альмаиль барид” (О Аллах! Прошу Тебя даровать мне любовь к Тебе, любовь к тем, кто любит Тебя, и благие дела, благодаря которым я полюблю Тебя. О Аллах! Сделай любовь к Тебе для меня дороже собственной жизни, моей семьи и холодной воды (в знойный день, когда меня мучает сильная жажда)!)» (Ат-Тирмизи: 3590).

1492
Риядус-салихин, № 1492Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألِظُّوا بـ يَاذا الْجَلَالِ والإِكْرامِ »

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Иә, Зәл-жәләли уәл-икрам!» деген ұлықтау сөзді көп айтыңдар», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 3524, Нәсәй: 7716, 11563, Хаким: 499/1, Ахмад: 17596).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Чаще произносите слова возвеличивания: “Йа Заль джаляли валь икрам!”» (Ат-Тирмизи: 3524; Ан-Насаи: 7716, 11563; Аль-Хаким: 499/1; Ахмад: 17596).

1493
Риядус-салихин, № 1493Риуаят етуші: Әбу Умама

عَنْ أَبِى أُمَامَةَ قَالَ: دعا رسُولُ اللَّهِ ﷺ، بدُعاءٍ كَثِيرٍ، لَمْ نَحْفَظْ مِنْهُ شَيْئًا؛ قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، دَعَوْتَ بِدُعاءٍ كَثِيرٍ لَمْ نَحْفَظْ مِنْهُ شَيْئًا، فَقَالَ: «ألا أدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَجْمَعُ ذَلِكَ كُلَّهُ؟ تقول: اللَّهُمَّ إِنِّى أسَألُكَ مِنْ خَيْر مَا سَأَلَكَ مِنْهُ نَبِيُّكَ محمَّدٌ ﷺ؛ وأعوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا استَعَاذَ مِنْهُ نَبِيُّكَ مُحَمَّدٌ ﷺ، وأَنْتَ الْمُسْتَعانُ، وَعَليْكَ الْبَلَاغُ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ ұзақ дұға жасады, біз одан еш нәрсе жаттап үлгермедік. Сонда біз оған: «Уа, Расулалла! Сіз ұзақ дұға жасадыңыз, бірақ біз одан жадымызға еш нәрсе сақтап үлгермедік», – дегенімізде, ол: «Сендерге сол дұғалардың барлығын толық қамтитын бір дұға үйретейін бе?! «Аллаһуммә инни әсәлукә мин хайри мә сәәләкә минһу нәбиюкә Мұхаммад, уә ә’узу бикә мин шәрри мә истә’аза минһу нәбиюкә Мұхаммад. Уә әнтәл-мустә’ану уә а’лейкә-л-балағ! Уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ! (Уа, Алла! Өзіңнен пайғамбарың Мұхаммед сұраған жақсылықтың бәрін сұраймын және пайғамбарың Мұхаммед сақтай көр деп, сиынған жамандық атаулының бәрінен Өзің сақтай көр деп, сиынамын! Медет сұрауға лайық болған бір Өзіңсің және (дүние мен ақыреттің бар жақсылығын сұрағанға) Өзің жеткіліктісің! Алладан басқа күш-қуат та, құдірет те жоқ!)», – деген дұғаны айтыңдар», – деді (Тирмизи: 3521).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ произнёс долгую мольбу, но мы не успели запомнить из неё ничего. Тогда мы сказали ему: “О Посланник Аллаха! Ты произнёс долгую мольбу, но мы не успели ничего из неё запомнить”.

Он сказал: “Не научить ли вас одной мольбе, которая полностью охватывает все эти мольбы?! Говорите: ‘Аллахумма инни ас’алюка мин хайри ма сааляка минху набийюка Мухаммад, ва а‘узу бика мин шарри маста‘аза минху набийюка Мухаммад. Ва анталь муста‘ану ва ‘алейкаль баляг! Ва ля хауля ва ля куввата илля биллях!’ (О Аллах! Я прошу у Тебя всего того блага, о котором просил Тебя Твой пророк Мухаммад, и прибегаю к Тебе, прося уберечь меня от всякого зла, от которого Твой пророк Мухаммад просил у Тебя защиты! Ты один достоин того, чтобы у Тебя просили помощи, и Тебя одного достаточно (для того, кто просит обо всех благах этого мира и мира вечного)! Нет ни силы, ни могущества ни у кого, кроме Аллаха!)”» (Ат-Тирмизи: 3521).

1494
Риядус-салихин, № 1494Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: كَانَ من دعاءِ رسُولِ اللَّه ﷺ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أسْألُكَ مُوجِبَاتِ رَحْمَتِكَ، وَعَزَائِمَ مَغْفِرَتِكَ، والسَّلَامَةَ مِنْ كُلِّ إِثْمٍ، والغَنِيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ، والْفَوْزَ بالْجَنَّةِ، والنَّجَاةَ مِنَ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): Алла елшісінің ﷺ дұғаларының бірі: «Аллаһуммә инни әсәлукә мужибати рахматикә, уә ’азаима мағфиратикә, уәс-сәләмәтә мин кулли исмин, уәл-ғанимәтә мин кулли биррин, уәл-фәуза бил-жанна, уән-нәжәтә минән-нәр! (Уа, Алла! Өзіңнен мейіріміңе жеткізетін, кешіріміңе лайықты қылатын игі істерді сұраймын! Сондай-ақ барлық күнәдан аман болуды, барлық жақсылықты олжалауды, жаннатқа қол жеткізіп, тозақ отынан құтылуды сұраймын!)», – деген дұға болатын», – деп айтқан (Хаким: 525/1).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал: «Одной из мольб Посланника Аллаха ﷺ была следующая: “Аллахумма, инни ас’алюка муджибати рахматика, ва ‘азаима магфиратика, вас салямата мин кулли исмин, валь ганимата мин кулли биррин, валь фауза биль джаннати, ван наджата минан нар” (О Аллах! Прошу Тебя даровать мне благие дела, ведущие к Твоей милости и делающие меня достойным Твоего прощения! Прошу также защиты от всякого греха, обретения всякого блага, достижения рая и спасения от адского огня!)» (Аль-Хаким: 525/1).