Хадис

Риядус-салихин, № 202

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
25. Аманатқа қиянат жасамау жайында
Нөмірі
№ 202 (қазақша басылым реті)
202
Риядус-салихин, № 202

عَنْ حُذَيفَة وأبي هُرَيْرَة قالا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَجمَعُ اللَّهُ تبَارَكَ وَتَعَالَى النَّاسَ فَيَقُومُ الْمُؤْمِنُونَ حَتَّى تُزْلَفَ لَهُمُ الْجَنَّةُ، فَيَأْتُونَ آدَمَ صَلَواتُ اللَّهِ عَلَيْهِ، فَيقُولُونَ: يَا أَبَانَا اسْتَفْتِحْ لَنَا الْجَنَّةَ، فَيقُولُ: وَهَلْ أخْرَجَكُمْ مِنَ الْجَنَّةِ إِلَّا خَطيئَةُ أبيكُمْ ‍‍‍‍‍! لَسْتُ بِصَاحِبِ ذَلِكَ، اذْهَبُوا إِلَى ابْنِى إِبْراهيمَ خَلِيل اللَّهِ. قَالَ: فَيَأْتُونَ إِبرَاهِيمَ فَيَقُولُ إِبراهيم: لَسْتُ بِصَاحِبِ ذَلِكَ إِنَّمَا كُنْتُ خَلِيلًا مِنْ وَرَاءَ وَرَاءَ، اعْمَدُوا إِلَى مُوسَى الَّذِى كَلَّمَهُ اللَّه تَكليمًا. فَيَأْتُونَ مُوسَى، فَيَقُولُ: لستُ بِصَاحِبِ ذَلِكَ، اذْهَبُوا إِلَى عِيسى كلمةِ اللَّهِ ورُوحه، فيَقُولُ عيسى: لستُ بصَاحبِ ذَلِكَ، فَيَأْتُونَ مُحَمَّدًا ﷺ فَيَقُومُ فَيُؤذَنُ لَهُ، وتُرْسَلُ الْأَمَانَةُ وَالرَّحِمُ فَيَقُومانِ جَنْبَتَي الصِّرَاطِ يَمِينًا وَشِمَالًا فَيَمُرُّ أَوَّلُكُمْ كَالبَرْقِ» قُلْتُ: بأبي وَأمِّى، أَيُّ شَيْءٍ كَمَرِّ الْبَرقِ؟ قَالَ: «ألَمْ تَرَوا كَيْفَ يمُرُّ وَيَرْجِعُ فِى طَرْفَةِ عَيْن، ثُمَّ كَمَرّ الرِّيحِ، ثُمَّ كَمَرِّ الطَّيْرِ، وَشَدِّ الرِّجَال تَجْرِى بهمْ أَعْمَالُهُمْ، وَنَبِيُّكُمْ قَائِمٌ عَلَى الصِّراطِ، يَقُولُ: رَبِّ سَلِّمْ سَلِّمْ، حَتَّى تَعْجِزَ أَعْمَالُ الْعِبَادِ، حَتَّى يَجِيء الرَّجُلُ لَا يَسْتَطِيعُ السَّيْرَ إِلَّا زَحْفًا، وَفي حَافَتي الصِّراطِ كَلَالِيبُ معَلَّقَةٌ مَأمُورَةٌ بِأخْذِ مَنْ أُمِرَتْ بِهِ، فَمَخْدُوشٌ نَاجٍ، وَمُكَرْدَسٌ فِى النَّارِ» وَالَّذِى نَفْسُ أَبِى هُرَيْرَةَ بِيَدِهِ، إِنَّ قَعْرَ جَهَنَّمَ لَسَبْعُونَ خَرِيفًا

Қазақша аудармасы

Хузәйфа мен Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуі бойынша, Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала күллі адамзатты махшарға (ғарасат алаңына) жинағанда, мүміндер жаннат оларға жақындатылғанша түрегеліп тұрады. Содан кейін олар әзірет Адамға (а.с.) келіп, оған: «Уа, баршамыздың бабамыз! Алладан біз үшін жаннат қақпаларының ашылуын тілесеңіз», – деп өтінеді. Адам (а.с.) оларға: «Сендерді жаннаттан шығарған аталарыңның қателігі емей немене? Мен бұған лайық емеспін. Одан да Алланың досы болған ұлым Ибраһимге (а.с.) барыңдар», – дейді. Сөйтіп, олар әзірет Ибраһимге (а.с.) келеді. Ол да: «Мен бұған лайық емеспін. Расында, мен өзімді Аллаға соншалықты жақын дос болдым деп айта алмаймын (яғни, Аллаға менен де жақын болған жандар бар). Одан да сендер Алламен тікелей тілдесу құрметіне бөленген Мұсаға (а.с.) барыңдар», – дейді. Әзірет Мұсаға (а.с.) барғанда ол да: «Мен бұған лайық емеспін. Сендер Алланың сөзі1 және рухы2 болған Исаға барыңдар», – дейді. Әзірет Иса (а.с.) оларға: «Мен де бұған лайық емеспін», – дейді. Соңында, олар әзірет Мұхаммедке келеді. Сол кезде әзірет Мұхаммед орнынан тұрады да, оған шапағат ету мүмкіндігі беріледі. Аманат пен туыстық қатынас – екеуі: бірі Қыл көпірдің оң жағына, екіншісі сол жағына тұруға жіберіледі. Іштеріңнен Қыл көпірден алғашқы болып өтетіндер жай отындай өте шығады», – деді. Сонда мен: «Әке-шешем сіздің жолыңызда садақа болсын! «Жай отындай өте шығады» дегенді қалай түсінуге болады?» – деп сұрадым. Расулалла: «Найзағайдың көзді ашып-жұмғанша жарқ етіп жылдам өте шыққанын (жанып-өшкенін) көрмедіңдер ме? Одан кейінгілердің кейбірі жүйітки соққан желдей, енді біреулері құстай ұшып, жылдам өтеді. Қысқасы, (қыл көпірден) ең жылдам өтетіндер – (мына дүниеде істеген) игі істерінің арқасында демде өте шығады. Пайғамбарларың болса, қыл көпірдің басында тұрып: «Уа, Раббым! Сақтай көр, сақтай көр!» – деп, жанын шүберекке түйіп, жалынып-жалбарынып, үмбетінің тілеуін тілеп тұрады. Сөйтіп тұрғанда, Алланың кейбір құлдарының игі істері жеткіліксіз болып (оларды тозақтың үстіне керілген қыл көпірден жылдам өткізе алмай) қалады. Тіпті бір адам тік тұрып жүре алмай бауырымен жер жорғалап қалады. Қыл көпірдің екі жағында тозаққа бұйырылғандарды іліп әкету міндеті тапсырылған ілгектер болады. Аталмыш ілгектер кейбіреуін жаралап өткенімен, соңында олар құтылып кетеді. Ал ілгектерге ілініп қалғандар, сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты».

Осыған қатысты Әбу Һурайра (р.а.): « Әбу Һурайраның жаны қолында болған Алланың атымен ант етейін! Тозақтың түбіне (жету үшін) жетпіс жыл керек», – деген еді (Муслим: 472).

Орысша аудармасы

Согласно хадису, переданному Хузайфой и Абу Хурайрой (да будет доволен ими Аллах), Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда Аллах Всевышний соберёт всё человечество на Махшаре (на площади всеобщего сбора), верующие будут стоять до тех пор, пока к ним не приблизят рай. Затем они придут к Адаму (мир ему) и попросят его: “О праотец всех нас! Попроси Аллаха открыть для нас врата рая”. Адам (мир ему) скажет им: “Разве не проступок вашего праотца стал причиной вашего изгнания из рая? Я недостоин этого. Лучше идите к моему сыну Ибрахиму (мир ему), ставшему другом Аллаха”. Тогда они придут к Ибрахиму (мир ему). Он тоже скажет: “Я недостоин этого. Поистине, я не могу назвать себя настолько близким другом Аллаха (то есть есть те, кто был ближе к Аллаху, чем я). Лучше идите к Мусе (мир ему), удостоенному чести непосредственно беседовать с Аллахом”. Когда они придут к Мусе (мир ему), он тоже скажет: “Я недостоин этого. Идите к Исе (мир ему), который является Словом Аллаха1 и Духом Аллаха2”. Иса (мир ему) скажет им: “Я тоже недостоин этого”. Наконец они придут к Мухаммаду ﷺ. Тогда Мухаммад ﷺ встанет, и ему будет дозволено заступиться.

Аманат и родственные узы будут посланы: одному будет велено встать справа от моста Сират, а другому – слева. Первые из вас пройдут по мосту Сират подобно молнии».

Тогда я спросил: «Да станут мои отец и мать выкупом за тебя! Как следует понимать слова “пройдут подобно молнии”?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Разве вы не видели, как молния в мгновение ока вспыхивает и исчезает (загорается и гаснет)? После них одни пройдут со скоростью стремительного ветра, а другие – словно птицы, пролетая с большой скоростью. Скорость, с которой они пройдут (по мосту Сират), будет зависеть от их благих дел (совершённых в этом мире), и самые быстрые преодолеют его в одно мгновение. Ваш Пророк будет стоять у начала моста Сират и, тревожась за свою общину, станет горячо возносить мольбы за неё: “О Господь мой! Спаси, спаси!”

В это время благих дел некоторых рабов Аллаха окажется недостаточно (эти дела не смогут быстро провести их по мосту Сират, перекинутому над адом). Дойдёт до того, что один человек не сможет идти выпрямившись и будет вынужден ползти на животе. По обеим сторонам моста Сират будут находиться крюки, которым поручено цеплять тех, кому предопределено попасть в ад. Некоторых эти крюки лишь ранят, и в конце концов они спасутся. Тех же, кого зацепят крюки, в таком состоянии сбросят в ад».

По этому поводу Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани душа Абу Хурайры! До дна ада (чтобы достичь его) нужно добираться семьдесят лет» (Муслим: 472).

  1. 1Яғни, ол Алланың «бол» деген бір ғана әмірімен әкесіз, жалғыз анадан дүниеге келді.
  2. 2Исаның (а.с.) «Алланың рухы» деп аталуының себебі, ол Алланың қалауымен мұғжиза көрсетіп, балшықтан құс жасап, оған үрлеп жан бітіретін, өлген адамдарды қайта тірілтетін, сондай-ақ өлі жүректерді де тірілтетін болған.
  1. 1То есть он родился без отца, от одной матери, по одному лишь повелению Аллаха: «Будь!»
  2. 2Иса (мир ему) назван «Духом Аллаха», потому что по воле Аллаха он творил чудеса: лепил из глины птицу, вдыхал в неё жизнь, воскрешал мёртвых, а также оживлял омертвевшие сердца.