Хадис

Риядус-салихин, № 201

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
25. Аманатқа қиянат жасамау жайында
Нөмірі
№ 201 (қазақша басылым реті)
201
Риядус-салихин, № 201Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حذيفة بْنِ الْيمان قَالَ: حدثنا رَسُول اللَّهِ ﷺ حدِيثَينِ قَدْ رأيْتُ أَحَدَهُمَا وأنا أنتظرُ الآخر: حدثنا أن الْأمانة نَزلت فِى جَذرِ قلوبِ الرجال، ثُمَّ نزل الْقرآن فعلموا مِنَ الْقرآن، وعلِموا من السنةِ، ثُمَّ حدّثنا عَنْ رفع الْأمانة، فَقَالَ: «يَنَامُ الرَّجُلُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبهِ، فَيَظَلُّ أثَرُهَا مِثلَ الْوَكْتِ، ثُمَّ يَنَامُ النَّومَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبهِ، فَيَظَلُّ أثَرُهَا مِثلَ أَثَرِ الْمَجْلِ، كَجَمْرٍ دَحْرَجْتَهُ عَلَى رِجْلِكَ فَنَفِطَ، فَتَرَاهُ مُنْتَبرًا وَلَيسَ فِيهِ شَيْءٌ» ثُمَّ أَخَذَ حَصَاةً فَدَحْرَجَهُ عَلَى رِجْلِهِ «فَيُصْبحُ النَّاسُ يَتَبَايعُونَ، فَلَا يَكَادُ أَحَدٌ يُؤَدّي الْأَمَانَةَ حَتَّى يُقَالَ: إِنَّ فِى بَنِى فُلَان رَجُلًا أمِينًا، حَتَّى يُقَالَ لِلرَّجُلِ: مَا أجْلَدَهُ! مَا أَظْرَفَهُ! مَا أعْقَلَهُ! وَمَا فِى قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّة مِن خَرْدَل مِنْ إِيمَان». وَلَقدْ أَتَى عَلَيَّ زَمَانٌ وَمَا أُبَالِى أيُّكُمْ بَايَعْتُ: لَئن كَانَ مُسْلِمًا لَيَرُدَّنَّهُ عليَّ دِينهُ، وَإِنْ كَانَ نَصْرانِيًّا أَوْ يَهُودِيًا لَيَرُدَّنَّهُ عَلَيَّ سَاعِيهِ، وَأَمَّا الْيَوْمَ فَمَا كُنْتُ أُبَايعُ مِنْكُمْ إِلَّا فُلَانًا وَفُلَانًا»

Қазақша аудармасы

Хузайфа ибн Иәмән (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бізге (аманат жайлы) екі хадис айтты, оның біреуін өз көзіммен көрдім, ал екіншісін (қашан орын алар екен деп) күтіп жүрмін. Пайғамбарымыз бізге «аманаттың» адамдардың жүрегінің түбіне бекігенін айтты.1 Сосын Құран түсіп, адамдар сол жайлы Құраннан және сүннеттен білді. Содан кейін бізге аманаттың жоғалатынын айтып былай деді: «Кісі аз уақыт ұйықтағанда оның жүрегінен «аманат» алынады да, одан азғантай бір із ғана қалады. Сонан соң тағы азғантай уақыт ұйықтағанда оның жүрегінен «аманат» толықтай алынып, одан күлдіреген болар болмас бір із қалады. Бұл бейне бір аяғыңа шоқ түсіріп алғаныңда (шоқ түскен жердің) аздап күлдіреп қалғанына ұқсайды, сонда оның сәл-пәл ісініп тұрғанын көресің, бірақ оның ішінде ештеңе де болмайды», – деп бір кішкентай тас алып, оны аяғына тастады. Кейін сөзін жалғастырып: «Содан адамдар бір-бірімен сауда-саттық келісімін жасасады, алайда ешбірінде аманатты орындайын деген ниеттің болмайтыны соншалық, адамдар арасында: «Пәлен әулетте сенімді бір адам бар екен», – деп айтылатын болады, тіпті біреу жайлы: «Пәленше қандай мықты, қандай тапқыр, қандай ақылды!» – делінеді, бірақ оның жүрегінде қыша дәнегінің салмағындай иман болмайды», – деп айтты. Расында, бір кездері кіммен сауда-саттық келісімін жасасқаным жайлы ойланбайтын да едім. Егер ол мұсылман болса, (аманатын өтеуі үшін) оны маған діні алып келетін, егер христиан немесе яһуди болса, (аманатын өтеуі үшін) оны маған кепілгері алып келетін еді. Ал бұл күнде пәленше мен түгеншеден басқа ешбіріңмен келісім жасаспайтын болдым», – деген (Бұхари: 6497; Муслим: 367; Ахмад: 23255).

Орысша аудармасы

Хузайфа ибн аль-Яман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ рассказал нам два хадиса (об аманате). Описанное в одном из них я уже увидел своими глазами, а второго всё ещё жду (ожидая, когда он исполнится). Пророк ﷺ сообщил нам, что аманат утвердился в самой глубине человеческих сердец1. Затем был ниспослан Коран, и люди узнали об аманате из Корана и Сунны. После этого он рассказал нам о том, как аманат будет утрачен, сказав: “Стоит человеку ненадолго уснуть, как аманат будет изъят из его сердца и от него останется лишь едва заметный след. Затем он снова ненадолго уснёт, и аманат будет полностью изъят из его сердца, оставив после себя лишь след, подобный небольшому волдырю. Это подобно тому, как если бы тебе на ногу упал раскалённый уголёк и (в том месте, куда он упал) образовался небольшой волдырь: ты увидишь, что это место слегка вздулось, хотя внутри него ничего нет”. При этих словах он взял небольшой камешек и бросил его себе на ногу.

Затем он продолжил: “После этого люди будут заключать друг с другом торговые сделки, однако ни у кого из них не будет намерения исполнить аманат. Дойдёт до того, что люди станут говорить: ‘В таком-то роду есть надёжный человек’, – а о ком-либо будут говорить: ‘Какой же такой-то сильный, находчивый и умный человек!’ – хотя в его сердце не будет веры даже на вес горчичного зерна”.

Поистине, было время, когда я не задумывался о том, с кем заключать торговые сделки. Если человек был мусульманином, то его религия приводила его ко мне (чтобы он исполнил аманат), а если он был христианином или иудеем, то его поручитель приводил его ко мне (чтобы он исполнил аманат). Ныне же я не заключаю сделок ни с кем, кроме такого-то и такого-то» (Аль-Бухари: 6497; Муслим: 367; Ахмад: 23255).

  1. 1Мұнда Алланың пенделеріне жүктеген міндеттемелері және әлімсақта пенделерінен алған уәдесі, яғни иман меңзелген.
  1. 1Здесь имеются в виду обязанности, возложенные Аллахом на Своих рабов, и изначальный завет, взятый с них, то есть вера.