Хадис

Риядус-салихин, № 1453

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
248. Таңғы және кешкі дұғалар
Нөмірі
№ 1453 (қазақша басылым реті)
1453
Риядус-салихин, № 1453Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: جَاءَ رجلٌ إِلَى النَّبِيّ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا لَقِيْتُ مِنْ عَقْرَبٍ لَدَغَتْنِى الْبَارِحَةَ! قَالَ: «أمَا لَوْ قُلْتَ حِيْنَ أمْسَيْتَ: أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ: لَمْ تَضُرَّك»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір кісі келіп: «Уа, Расулалла, кеше мені шаян шағып алып еді, содан қатты қиналғаным», – деп мұңын шақты. Сонда Расулалла оған: «Егер кеш батқанда «әғузу би кәлимәтилләһит-тәммәти мин шәрри мә халақ» (Алланың мінсіз сөздерімен күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтай көр деп, сиынамын) – деген дұғаны оқығаныңда, шаяннан саған ешбір зиян келмес еді», – деп айтты», – деген (Муслим: 6880, Ахмад: 8880).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и пожаловался: “О Посланник Аллаха! Вчера меня ужалил скорпион, и я так сильно из-за этого мучился”. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Если бы с наступлением вечера ты произнёс: ‘А‘узу би калиматилляхит таммати мин шарри ма халяк’ (Прибегаю к защите совершенных слов Аллаха от зла и вреда всех творений), скорпион не причинил бы тебе никакого вреда”» (Муслим: 6880; Ахмад: 8880).