Хадис

Таңғы және кешкі дұғалар

Утренние и вечерние мольбы

Риядус-салихин, 248-тақырып · 7 хадис · № 1452–1458

Хадистер

«وَاذْكُرْ رَبَّكَ فِى نَفْسِكَ تَضَرُّعًَا وَخِيفَةً وَدُونَ الْجَهْرِ مِنَ الْقَوْلِ بِالغُدُوِّ وَالآصَالِ وَلَا تَكُنْ مِنَ الْغَافِلِينَ» «Ертелі-кеш іштей жалбарынып, бәсең дауыспен Раббыңды еске ал. Ғапылдардың қатарына қосылма» («Ағраф», 205-аят).

«وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَا» «Күн шықпай әрі ұясына батпай тұрып, Раббыңның кемел әрі мінсіз екенін айтып, мадақта!» («Таһа», 130-аят).

«وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ بِالْعَشِيِّ وَالْأِبْكَارِ» «Ертелі-кеш Раббыңның кемел әрі мінсіз екенін айтып, мадақта!» («Ғафир», 55-аят).

«فِى بُيُوتٍ أَذِنَ اللَّهُ أَنْ تُرْفَعَ وَيُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ يُسْبِّحُ لَهُ فِيهَا بالغُدُوِّ وَالآصَالِ رِجَالٌ لَا تُلْهِيهِمْ تِجَارَةٌ وَلَا بَيْعٌ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ» «Осынау нұрға тұрғызылуына һәм ішінде атының аталуына Алланың Өзі рұқсат еткен үйлерде бөленуге болады. Ол үйлерде Оны ертелі-кеш дәріптеп, ұлықтайтын, сондай ерлер бар, олардың кәсіптері де, сауда-саттықтары да, Алланы еске алуларына бөгет болмайды...» («Нұр», 36-37-аят).

«إِنَّا سَخَّرْنَا الْجِبَالَ مَعَهُ يُسَبِّحْنَ بالعَشِيِّ وَالإِشْرَاقِ» «Біз Дәуітке тауларды бағындырдық, олар кешқұрым және күн шығарда онымен бірге Алланы ұлықтап, дәріптейтін еді» («Сад», 18-аят).

«Поминай Аллаха, взывая про себя со смирением и трепетным страхом, негромким голосом, по утрам и перед закатом. И не присоединяйся к числу беспечных невежд» (сура «Араф», 7:205).

«Восхваляй твоего Господа и возноси хвалу Ему до восхода солнца и до его захода» (сура «Та ха», 20:130).

«Восхваляй денно и нощно Господа своего» (сура «Гафир», 40:55).

«В домах, которые Аллах возвысил и дозволил воздвигать и в которых поминается имя Его. В них возвеличивают Его по утрам и вечерам мужи, которым ни торговля, ни купля-продажа не мешают поминать Аллаха…» (сура «Нур», 24:36⁠–⁠37).

«Воистину, Мы подчинили горы Давуду так, что они вечером и при восходе солнца восславляли Аллаха вместе с ним» (сура «Сад», 38:18).

1452
Риядус-салихин, № 1452Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَالَ حِيْنَ يُصْبِحُ وَحينَ يُمْسِى: سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، مِئَةَ مَرَّةٍ، لَمْ يَأْتِ أَحَدٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِأَفْضَلَ مِمَّا جَاءَ بِهِ، إِلَّا أَحَدٌ قَالَ مِثْلَ مَا قَالَ أَوْ زَادَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім күн сайын таңертең және кешке «субханаллаһи уә бихамдиһи» (Алла мінсіз, Оған сансыз мақтау мен шүкіршілік айтамын) деп жүз рет айтатын болса, қиямет күні дәл сол сияқты Аллаға мадақ айтқан немесе одан да көп мадақ жаудырған жаннан өзге ешкім де оның істеген ісінен артық іспен келмейді», – деп айтты», – деген (Муслим: 6843, Ахмад: 8835).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если человек ежедневно утром и вечером по сто раз произносит: ‘Субханаллахи ва бихамдихи’ (Пречист Аллах, и Ему я воздаю бесчисленную хвалу и благодарность!), то в День воскресения никто не придёт с лучшим деянием, кроме того, кто восхвалял Аллаха столько же или ещё больше”» (Муслим: 6843; Ахмад: 8835).

1453
Риядус-салихин, № 1453Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: جَاءَ رجلٌ إِلَى النَّبِيّ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا لَقِيْتُ مِنْ عَقْرَبٍ لَدَغَتْنِى الْبَارِحَةَ! قَالَ: «أمَا لَوْ قُلْتَ حِيْنَ أمْسَيْتَ: أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ: لَمْ تَضُرَّك»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір кісі келіп: «Уа, Расулалла, кеше мені шаян шағып алып еді, содан қатты қиналғаным», – деп мұңын шақты. Сонда Расулалла оған: «Егер кеш батқанда «әғузу би кәлимәтилләһит-тәммәти мин шәрри мә халақ» (Алланың мінсіз сөздерімен күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтай көр деп, сиынамын) – деген дұғаны оқығаныңда, шаяннан саған ешбір зиян келмес еді», – деп айтты», – деген (Муслим: 6880, Ахмад: 8880).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и пожаловался: “О Посланник Аллаха! Вчера меня ужалил скорпион, и я так сильно из-за этого мучился”. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Если бы с наступлением вечера ты произнёс: ‘А‘узу би калиматилляхит таммати мин шарри ма халяк’ (Прибегаю к защите совершенных слов Аллаха от зла и вреда всех творений), скорпион не причинил бы тебе никакого вреда”» (Муслим: 6880; Ахмад: 8880).

1454
Риядус-салихин, № 1454Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ إِذَا أَصْبَحَ: «اللَّهُمَّ بِكَ أَصْبَحْنَا، وَبِكَ أمْسَيْنَا، وَبِكَ نَحْيَا، وَبِكَ نَمُوتُ، وَإِلَيْكَ النُّشُورُ». وإِذا أمسَى قَالَ: «اللَّهُمَّ بِكَ أمْسَيْنَا، وبِكَ نَحْيَا، وَبِكَ نَمُوتُ. وَإِلْيَكَ النُّشُورُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ таң атқанда: «Аллаһуммә бикә асбахнә уә бикә әмсәйнә уә бикә нахйә уә бикә нәмуту уә иләйкән-нушуру» (Уа, Алла, бір Өзіңнің арқаңда (аман-есен) таң атырдық. Өзіңнің арқаңда (аман-есен) кеш батырдық. Бір Өзіңнің қалауыңмен өмір сүріп, Өзіңнің бұйрығыңмен дүниеден озамыз. Ақырында бәріміз Өзіңе қайтамыз!)» – деп айтатын. Ал қас қарайғанда: «Аллаһуммә бикә әмсәйнә уә бикә нахйә уә бикә нәмуту уә иләйкән-нушуру» (Уа, Алла! Өзіңнің арқаңда (аман-есен) кеш батырдық. Бір Өзіңнің қалауыңмен өмір сүріп, Өзіңнің бұйрығыңмен дүниеден озамыз. Ақырында бәріміз Өзіңе қайтамыз! – деп дұға ететін еді», – деген (Әбу Дәуіт: 5068, Тирмизи: 3391).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «С наступлением утра Пророк ﷺ произносил: “Аллахумма бика асбахна ва бика амсайна ва бика нахья ва бика намуту ва иляйкан нушуру” (О Аллах! Благодаря Тебе одному мы встретили утро (в благополучии). Благодаря Тебе одному мы встретили вечер (в благополучии). Лишь по Твоей воле мы живём и по Твоему велению покидаем этот мир. В конце концов все мы возвратимся к Тебе!). А с наступлением вечера он обращался к Аллаху с мольбой: “Аллахумма бика амсайна ва бика нахья ва бика намуту ва иляйкан нушуру” (О Аллах! Благодаря Тебе одному мы встретили вечер (в благополучии). Лишь по Твоей воле мы живём и по Твоему велению покидаем этот мир. В конце концов все мы возвратимся к Тебе!)» (Абу Дауд: 5068; Ат-Тирмизи: 3391).

1455
Риядус-салихин, № 1455Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ أَبَا بَكْرٍ الصديق قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مُرْنِى بِكَلِمَاتٍ أَقُولُهُنَّ إِذَا أَصْبَحْتُ وإِذا أمْسَيْتُ، قَالَ: «قُلْ: اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَاواتِ والْأَرْضِ عَالِمَ الْغَيْبِ والشَّهَادَةِ؛ رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَّرِّ نَفْسِى وَشَرِّ الشَّيْطَانِ وَشركِهِ» قَالَ: «قُلْهَا إِذَا أَصْبَحْتَ، وإِذَا أمْسَيْتَ، وإِذَا أَخَذْتَ مَضْجَعَكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): «Уа, Расулалла! Маған таң атқанда және кеш батқанда айтатын дұғаларды бұйырыңызшы», – дегенде, Алла елшісі ﷺ: «Аллаһуммә фатирас-сәмәуәти уәл-арди, ’Алимәл-ғайби уәш-шәһәдәти, Рабба кулли шәйин уә Мәликәһу. Әшһәду ән ләә иләһә иллә Әнтә. Ә’узу бикә мин шәрри нәфси уә шәрриш-шайтани уә шәрәкиһи (Уа, жеті қат көк пен жердің жаратушысы, ғайып пен көрінеуді жақсы білуші, барлық нәрсенің Раббысы һәм Иесі болған Алла! Өзіңнен басқа тәңір жоқ екеніне куә боламын! Нәпсімнің жамандығы мен шайтанның жамандығынан және күпірлігінен сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынанмын)», – деген дұғаны таң атырып, кеш батырғаныңда және төсегіңе жатарда айт», – деген (Әбу Дәуіт: 5067, Тирмизи: 3391).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен им Аллах) попросил: «О Посланник Аллаха! Научи меня мольбам, которые следует произносить утром и вечером». Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Произноси: “Аллахумма, Фатырас самавати валь арди, Алималь гайби ваш шахадати, Рабба кулли шайин ва Маликаху. Ашхаду ан ля иляха илля Анта. А‘узу бика мин шарри нафси ва шарриш шайтани ва ширкихи” (О Аллах, Творец семи небес и земли, Знающий сокровенное и явное, Господь и Владыка всего сущего! Свидетельствую, что нет божества, кроме Тебя! Прибегаю к Тебе Одному, прося защиты от зла моей души, зла шайтана и его многобожия). Произноси эту мольбу утром, вечером и перед тем, как лечь в постель» (Абу Дауд: 5067; Ат-Тирмизи: 3391).

1456
Риядус-салихин, № 1456Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: كَانَ نبيُّ اللَّه ﷺ إِذَا أَمْسَى قَالَ: «أَمْسَيْنَا وأمْسَى الْمُلْكُ للهِ، والحَمْدُ للهِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ» قَالَ الراوي: أَرَاهُ قَالَ فِيهِنَّ: «لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدير، رَبِّ أسْألُكَ خَيْرَ مَا فِى هَذِهِ اللَّيْلَةِ وَخَيْرَ مَا بَعْدَهَا، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا فِى هَذِهِ اللَّيْلَةِ وَشَرِّ مَا بَعْدَهَا، رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ، وَسُوءِ الْكِبَرِ، رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابٍ فِى النَّارِ، وَعَذَابٍ فِى الْقَبْرِ»، وَإِذَا أَصْبَحَ قَالَ ذَلِكَ أيضًا «أَصْبَحْنَا وأَصْبَحَ الْمُلْكُ للهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ кеш батқанда: «Әмсәйнә уә әмсәл-мулку лилләһи уәл-хамду лилләһи лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу» (Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Алланың иелігінде болып кеш батырдық. Бар мақтау мен шексіз шүкір Аллаға тән! Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ), – деп, менің ойымша, мына сөздерді де қосып: «Ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир, Рабби әсәлукә хайра мә фи һәзиһил-ләйләти уә хайра мә бағдәһә уә әғузу бикә мин шәрри мә фи һәзиһил-ләйләти уә шәрри мә бағдәһә, Рабби әғузу бикә минәл-кәсәли уә суил-кибәри, әғузу бикә мин азәәбин фин-нәри уә азәбин фил-қабр» (Бүкіл билік пен бар мадақ бір Аллаға ғана тән! Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді! Уа, Раббым, бір Өзіңнен осы түннің әрі осыдан кейінгі түндердің (тек қана) жақсылығын тілеймін. Сондай-ақ бір Өзіңнен осы түннің әрі осыдан кейінгі түндердің жамандығынан сақтай көр деп, пана тілеймін! Уа, Раббым, жалқаулық пен кәріліктің ауыртпалығынан бір Өзің сақтай көр! Уа, Раббым, тозақтағы әрі қабірдегі азаптан бір Өзің сақтай көр!)», – деп дұға жасайтын.

Таңға жеткенде де: «Асбахнә уә асбахал-мулку лилләһи» (Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Аллаға тән болып таң атырдық), – деп (дұғадағы кеш сөзінің орнына таң сөзін айтып) осы дұғаны оқитын», – деген (Муслим: 6907, Ахмад: 4192).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «С наступлением вечера Пророк ﷺ произносил: “Амсайна ва амсаль мульку лилляхи, валь хамду лилляхи, ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху” (Мы дожили до вечера, и в этот вечер вся власть принадлежит Аллаху, Господу миров. Вся хвала и безграничная благодарность принадлежат Аллаху! Нет божества, кроме одного лишь Аллаха, у Которого нет сотоварища!). И, как мне кажется, он добавлял также следующие слова: “Ляхуль мульку ва ляхуль хамду ва хува ‘аля кулли шайин кадир. Рабби ас’алюка хайра ма фи хазихиль ляйляти ва хайра ма ба‘даха, ва а‘узу бика мин шарри ма фи хазихиль ляйляти ва шарри ма ба‘даха. Рабби а‘узу бика миналь касали ва суиль кибари. А‘узу бика мин ‘азабин фин нари ва ‘азабин филь кабр” (Вся власть и вся хвала принадлежат одному лишь Аллаху! Его могущество объемлет всё! О Господь мой! Я прошу у Тебя одного (только) блага этой ночи и последующих ночей. И прибегаю к Тебе одному, прося уберечь меня от зла этой ночи и последующих ночей! О Господь мой! Убереги меня от лени и тягот старости! О Господь мой! Убереги меня от мучений в аду и могиле!).

Когда же наступало утро, он произносил: “Асбахна ва асбахаль мульку лилляхи” (Мы дожили до утра, и в это утро вся власть принадлежит Аллаху, Господу миров), – и читал ту же мольбу (заменяя в ней слово “вечер” словом “утро”)» (Муслим: 6907; Ахмад: 4192).

1457
Риядус-салихин, № 1457

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ خُبَيْب – بضم الْخاء الْمعجمة – قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اقْرَأْ: قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ، والمُعَوِّذَتَيْنِ حِيْنَ تُمْسِى وَحِينَ تُصْبحُ، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ تَكْفيكَ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Хубәйб (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған: «Таңертең және кешке «Қул һуаллаһу ахад» және «Муаууизәтейнді» үш реттен оқып жүр. Бұл сүрелер (басқа дұғаларға қарағанда) сенің күллі жамандық атаулыдан әрі зиянды нәрселерден сақтануыңа толық жетеді», − деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 5082, Тирмизи: 3575, Ахмад: 22664).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Хубайб (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Каждое утро и каждый вечер по три раза читай ‘Куль хуваллаху ахад’ и ‘Муаввизатайн’. Этих сур (по сравнению с другими мольбами) будет вполне достаточно, чтобы уберечь тебя от всякого зла и всего, что может причинить вред”» (Абу Дауд: 5082; Ат-Тирмизи: 3575; Ахмад: 22664).

1458
Риядус-салихин, № 1458Риуаят етуші: Осман

عَنْ عثمان بْنِ عفان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ عَبْدٍ يَقُولُ فِى صَبَاحِ كُلِّ يَوْمٍ وَمَسَاءِ كُلِّ لَيْلَةٍ: بِسْمِ اللَّهِ الَّذِى لَا يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِى الْأَرْضِ وَلَا فِى السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، إِلَّا لَمْ يَضُرَّهُ شَيْءٌ»

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Күн сайын таң атқанда және кеш батқанда: «Бисмилләһил-ләзи лә йәдурру мағасмиһи шәйун фил-арди уә лә фис-сәмәи уә һуәс-сәмииғул-алим» (Есімі аталғанда жердегі және көктегі еш нәрсе зиянын тигізе алмайтын Алланың атымен! Ол барлығын естуші, әрі толық білуші!), – деп үш қайтара айтқан Алланың пендесіне еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 5089, Тирмизи: 3388, Ахмад: 446).

Орысша аудармасы

Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ничто не причинит вреда тому рабу Аллаха, который каждое утро и каждый вечер трижды произносит: “Бисмилляхиллязи ля ядурру ма‘асмихи шайун филь арди ва ля фис самаи, ва хувас Сами‘уль Алим” (С именем Аллаха, при упоминании Которого ничто ни на земле, ни на небе не может причинить вреда! Он – Всеслышащий и Всезнающий!)» (Абу Дауд: 5089; Ат-Тирмизи: 3388; Ахмад: 446).