عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: خرج معاوية عَلَى حَلْقَةٍ فِى الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: مَا أجْلَسَكُمْ؟ قَالُوا: جَلَسْنَا نَذْكُرُ اللَّهَ. قَالَ: آللهِ مَا أجْلَسَكُمْ إِلَّا ذاك؟ قَالُوا: مَا أجْلَسَنَا إِلَّا ذَاكَ، قَالَ: أما إِنِّى لَمْ اسْتَحْلِفْكُمْ تُهْمَةً لَكُمْ، وَمَا كَانَ أَحَدٌ بِمَنْزِلَتِى مِنْ رَسُولِ اللَّه ﷺ أَقَلَّ عَنْهُ حَديثًا مِنِّى: إِنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ خَرَجَ عَلَى حَلْقَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ فَقَالَ: «مَا أجْلَسَكُمْ؟» قَالُوا: جَلَسْنَا نَذْكُرُ اللَّه وَنَحْمَدُهُ عَلَى مَا هَدَانَا لِلْإِسْلَامِ؛ وَمَنَّ بِهِ عَلَيْنَا. قَالَ: «آللهِ مَا أجْلَسَكُمْ إِلَّا ذَاكَ؟» قَالُوا: واللَّهِ مَا أجْلَسَنَا إِلَّا ذَاكَ. قَالَ: «أمَا إِنِّى لَمْ أسْتَحْلِفْكُمْ تُهْمَةً لَكُمْ، ولكِنَّهُ أتَانِى جِبرِيلُ فَأخْبَرَنِى أَنَّ اللَّهَ يُبَاهِى بِكُمُ الْمَلَائِكَةَ»
Әбу Сағид (р.а.): «Бір күні Муғауия (р.а.) мешітте алқа-қотан отырған жамағаттың үстінен түсіп: «Бұл жерде не үшін отырсыңдар?» – деп сұрайды. Жамағат: «Біз Алланы еске алып отырмыз», – деп жауап береді. Сонда Муғауия оларға: «Бұл жерде тек сол мақсатта отырғандарыңды растау үшін Алланың атымен ант ете аласыңдар ма?» – деді. Жамағат: «Иә, біз шынымен де бұл жерде сол үшін ғана отырмыз», – деп жауап берді. Сонда Муғауия: «Негізінен, сендерден күмәнданғаным үшін ант етулеріңді өтінген жоқпын. Шынымды айтсам, Алла елшісіне ﷺ мен секілді (туыстық жағынан) жақын бола тұра, менен аз хадис жеткізген жан жоқ. Бірде Расулалла сендер сияқты алқа-қотан отырған сахабаларының үстінен түсіп, олардан: «Не үшін отырсыңдар?» – деп сұрады. Сахабалар: «Біз Алланы еске алып, бізге Ислам дінін тарту етіп, сол арқылы тура жолға салғаны үшін Оған мақтау айтып, шүкіршілік білдіріп отырмыз», – деп жауап қатты. Сонда Алла елшісі оларға: «Бұл жерде тек сол мақсатта отырғандарыңды растау үшін Алланың атымен ант ете аласыңдар ма?» – деді. Жамағат: «Иә, біз шынымен де бұл жерде сол үшін ғана отырмыз», – деп жауап берді. Сол кезде Алла елшісі оларға: «Негізінен, сендерден күмәнданғаным үшін ант етулеріңді өтінген жоқпын. Жәбірейіл (а.с.) періште мені Алланың сендерді періштелердің алдында мақтан тұтып жатқанынан хабардар етті», – деп айтты», – деген (Муслим: 6857, Ахмад: 16835).
Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Муавия (да будет доволен им Аллах), застав в мечети людей, сидевших кружком, спросил их: “Ради чего вы собрались здесь?” Они ответили: “Мы собрались, чтобы поминать Аллаха”. Тогда Муавия спросил: “Можете ли вы в подтверждение своих слов поклясться Аллахом, что собрались здесь исключительно ради этого?” Они ответили: “Да, мы действительно собрались здесь только ради этого”. Муавия сказал: “Я попросил вас поклясться вовсе не потому, что усомнился в вас. По правде говоря, среди тех, кто был так же близок к Посланнику Аллаха ﷺ (по родству), как я, никто не передал от него меньше хадисов, чем я. Однажды Посланник Аллаха ﷺ застал своих сподвижников, сидевших кругом, подобно вам, и спросил их: ‘Ради чего вы собрались здесь?’ Они ответили: ‘Мы собрались, чтобы поминать Аллаха, восхвалять и благодарить Его за то, что Он даровал нам ислам и посредством него наставил нас на прямой путь’. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: ‘Можете ли вы в подтверждение своих слов поклясться Аллахом, что собрались здесь исключительно ради этого?’ Они ответили: ‘Да, мы действительно собрались здесь только ради этого’. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: ‘Я попросил вас поклясться вовсе не потому, что усомнился в вас. Ангел Джибрил (мир ему) сообщил мне, что Аллах гордится вами перед ангелами’”» (Муслим: 6857; Ахмад: 16835).