Хадис

Риядус-салихин, № 1450

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
247. Алланы еске алатын ортаның артықшылығы
Нөмірі
№ 1450 (қазақша басылым реті)
1450
Риядус-салихин, № 1450

عَنْ أَبِى واقدٍ الْحارث بْنِ عوف أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَيْنَمَا هُوَ جَالِسٌ فِى الْمَسْجِدِ، والنَّاسُ مَعَهُ، إِذْ أقْبَلَ ثَلَاثَةُ نَفَرٍ، فأقْبَلَ اثْنَانِ إِلَى رسُولِ اللَّهِ ﷺ وَذَهَبَ واحِدٌ؛ فَوَقَفَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فأَمَّا أَحَدُهُمَا فَرَأَى فُرْجةً فِى الْحَلْقَةِ فَجَلَسَ فِيهَا، وَأَمَّا الآخرُ فَجَلَسَ خَلْفَهُمْ، وأَمَّا الثَّالثُ فأدْبَرَ ذاهِبًا. فَلَمَّا فَرَغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «ألَا أُخْبِرُكُمْ عَنِ النَّفَرِ الثَّلَاثَةِ: أَمَّا أَحَدُهُمْ فَأوَى إِلَى اللَّهِ فآوَاهُ اللَّهُ إِلَيْهِ وَأَمَّا الآخَرُ فاسْتَحْيَى فَاسْتَحْيَى اللَّهُ مِنْهُ وأمّا الآخَرُ، فَأعْرَضَ، فَأَعْرَضَ اللَّهُ عَنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Уақид Харис ибн Ауф (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ жамағатпен бірге мешітте отырғанда, үш адам кіріп келеді де, екеуі Алла елшісіне ﷺ қарай беттесе, біреуі басқа жаққа кетіп қалады. Әлгі екеуі Алла елшісінің ﷺ білім алқасына келіп қосылады, біреуі білім алқасындағы бос орынға отырса, екіншісі алқа-қотан отырғандардың артқы жағына жайғасады. Ал үшінші кісі теріс айналып шығып кетеді. Алла елшісі ﷺ (дәрістен немесе уағыздан) қолы босаған соң: «Сіздерге мына үш кісі жайлы айтып берейін: Олардың біреуі Алланы «паналады» (яғни, Алла жайлы уағыз-насихат тыңдағысы келіп, алқаға қосылды), Алла да оны «панасына» алды (яғни, Алла оны шарапатына бөледі). Енді бірі (дәріс алқасынан орын алу үшін жамағатты ығыстырып, орындарынан жылжытудан) қымсынған еді, Алла да оны сауабы мен шарапатынан құр қалдырудан «қымсынды». Тағы біреуі теріс айналып кетті, Алла да одан теріс айналды (яғни, шарапатынан мақұрым қалдырды)», – деп айтты, – деген (Бұхари: 66, Муслим: 5681, Ахмад: 21907).

Орысша аудармасы

Абу Вакид Харис ибн Ауф (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ сидел в мечети вместе с людьми, туда вошли трое. Двое направились к Посланнику Аллаха ﷺ, а третий пошёл в другую сторону. Эти двое подошли и присоединились к кругу слушателей Посланника Аллаха ﷺ: один увидел внутри круга свободное место и сел там, а другой расположился позади сидевших. Третий же отвернулся и ушёл. Когда Посланник Аллаха ﷺ освободился (закончив урок или проповедь), он сказал: “Рассказать ли вам об этих троих? Один из них ‘нашёл прибежище у Аллаха’ (то есть присоединился к слушателям, желая услышать наставление об Аллахе), и Аллах ‘принял его под Свою защиту’ (то есть одарил его Своей милостью). Другой ‘постеснялся’ (потеснить собравшихся и заставить их сдвинуться со своих мест, чтобы занять место в кругу), и Аллах также ‘постеснялся’ лишить его награды и Своей милости. Третий же отвернулся и ушёл, и Аллах тоже отвернулся от него (то есть лишил его Своей милости)”» (Аль-Бухари: 66; Муслим: 5681; Ахмад: 21907).