عَنْ أَبِى الدردَاء قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَبْتَغِى فِيهِ عِلْمًا سَهَّلَ اللَّهُ لَهُ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ لَتَضَعُ أجْنِحَتَهَا لِطَالِبِ الْعِلْمِ رِضًا بِمَا يَصْنَعُ، وَإِنَّ الْعَالِمَ لَيَسْتَغْفِرُ لَهُ مَنْ فِى السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِى الْأَرْضِ حَتَّى الْحيتَانُ فِى الْمَاءِ، وَفضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِ الْقَمَرِ عَلَى سَائِرِ الْكَوَاكِبِ، وَإِنَّ الْعُلَمَاءَ وَرَثَةُ الْأنْبِيَاءِ، وَإِنَّ الْأنْبِيَاءَ لَمْ يَوَرِّثُوا دِينَارًا وَلَا دِرْهَمًا وَإِنَّمَا وَرَّثُوا الْعِلْمَ، فَمَنْ أَخَذَهُ أَخَذَ بحَظٍّ وَافِرٍ»
Әбу Дәрда (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Періштелер де білім алушының талабына дән риза болып, аяғының астына қанаттарын жайып, ізет көрсетеді. Сондай-ақ жеті қабат аспан мен жердегі барлық жаратылыс атаулы, тіпті судағы алып балықтар да шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді. Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, шынайы ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Шынтуайтында, пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам емес, тек қана ілім қалдырды. Кімде-кім сол ілімнен сусындаса, мол несібеге кенелгені», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 3641, Тирмизи: 2682, Ахмад: 21714).
Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто вступит на путь приобретения знания, тому Аллах Всевышний облегчит путь в рай. Ангелы, будучи глубоко довольны стремлением искателя знания, простирают под его ногами свои крылья, оказывая ему почтение. Все творения на семи небесах и на земле, даже огромные рыбы в воде, просят Аллаха простить истинного учёного. Превосходство учёного над набожным человеком, не обладающим знанием, подобно превосходству полной луны над малыми звёздами.
Поистине, истинные учёные – наследники пророков. Поистине, пророки оставили в наследство не динары и дирхамы, а только знание. Кто же почерпнёт это знание, тот обретёт богатый удел”» (Абу Дауд: 3641; Ат-Тирмизи: 2682; Ахмад: 21714).