عَنْ أَبِى أُمَامَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «فَضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِى عَلَى أدْنَاكُمْ» ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ وَأَهْلَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ حَتَّى النَّمْلَةَ فِى جُحْرِهَا وَحَتَّى الْحُوتَ لَيُصَلُّونَ عَلَى مُعَلِّمِى النَّاسِ الْخَيْرَ»
Әбу Умама (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Ғалымның құлшылыққа берілген жай адамнан артықшылығы, менің араларыңдағы дәрежесі ең төмен болған адаммен салыстырғандағы артықшылығым сияқты», – деді. Содан кейін Алла елшісі ﷺ: «Алла, періштелері және көктегілер мен жердегілер, тіпті илеуіндегі құмырсқа да, теңіздегі алып балық та адамдарға жақсылықты үйрететін ғалымдар үшін ұдайы салауат айтады», – деп айтты, – делінген (Тирмизи: 2685).
Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Превосходство учёного над простым человеком, всецело посвятившим себя поклонению, подобно моему превосходству над тем из вас, чьё положение ниже всех». Затем Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах, Его ангелы, обитатели небес и земли, даже муравей в своём муравейнике и огромная рыба в море непрестанно благословляют учёных, обучающих людей добру (совершают салават)» (Ат-Тирмизи: 2685).
Түсіндірме (қазақша)
«Салауат айту» сөзінің мағынасы кең, Алланың пендесі үшін «салауат айтуы» – оған мейірімін төгетінін білдіреді, періштелердің мүміндер үшін «салауат айтуы» – олар үшін Алладан кешірім мен жарылқау тілейтінін білдіреді, ал өзге жаратылыстардың мүміндер үшін «салауат айтуы» – олар үшін дұға жасайтынын білдіреді.
Түсіндірме (орысша)
Выражение «возносить салават» имеет широкий смысл – салават Аллаха Своему рабу означает, что Он изливает на него Свою милость; салават ангелов за верующих означает, что они просят Аллаха о прощении и милости для них; а салават других творений за верующих означает, что они молятся за них.