Хадис

Риядус-салихин, № 1368

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
240. Адамдармен қарым-қатынаста кеңпейіл, кешірімді болу
Нөмірі
№ 1368 (қазақша басылым реті)
1368
Риядус-салихин, № 1368Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَتَقَاضَاهُ فَأغْلَظَ لَهُ، فَهَمَّ بِهِ أَصْحَابُهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعُوهُ، فَإِنَّ لِصَاحِبِ الْحَقِّ مَقَالًا» ثُمَّ قَالَ: «أعْطُوهُ سِنًّا مِثْلَ سِنِّهِ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَا نَجِدُ إِلَّا أمْثَلَ مِنْ سِنِّهِ، قَالَ: «أعْطُوهُ، فَإِنَّ خَيْرَكُمْ أَحْسَنُكُمْ قَضَاءً»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ түйесін қарызға берген бір бәдәуи келіп, дөрекі тіл қатып, қарызын қайтаруды талап еткен еді. Сахабалар оның бұл қылығы үшін сазайын бергісі келгенде, Алла елшісі оларға: «Оған тиіспеңдер (Өзіне тиесілі дүниені) қайтарып алуға қақысы бардың сөйлеуге де қақысы бар», – деп тоқтау салды. Кейін сахабаларына: «Бұған түйесімен жасты бір түйе беріңдер», – деп тапсырды. Сонда сахабалары: «Уа, Расулалла! Қолымызда оның түйесімен жастысы жоқ, тек одан үлкені бар», – дегенде, ол: «Ендеше, соны беріңдер. Расында, іштеріңдегі ең қайырлы адам – қарызын ең жақсы түрде өтейтін адам», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2076, Ахмад: 14658).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл бедуин, ранее одолживший ему верблюда, и в грубой форме потребовал вернуть долг. Сподвижники хотели наказать его за такое поведение, однако Посланник Аллаха ﷺ остановил их, сказав: “Не трогайте его. Тот, кто вправе требовать возвращения (принадлежащего ему имущества), вправе и говорить”. Затем он велел сподвижникам: “Отдайте ему верблюда того же возраста, что и его верблюд”. Сподвижники сказали: “О Посланник Аллаха! У нас нет верблюда того же возраста, есть лишь более взрослый”. Тогда он сказал: “Отдайте ему этого. Поистине, лучший из вас – тот, кто наилучшим образом возвращает свои долги”» (Аль-Бухари: 2076; Ахмад: 14658).