Хадис

Адамдармен қарым-қатынаста кеңпейіл, кешірімді болу

О великодушии и снисходительности в отношениях с людьми

Риядус-салихин, 240-тақырып · 9 хадис · № 1368–1376

Хадистер

«وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ» «Қандай жақсылық жасасаңдар да, Алла оны сөзсіз білуші» («Бақара», 215-аят).

«وَيَا قَوْمِ أَوْفُوا الْمِكْيَالَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ وَلا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءهُم» «Уа, қаумым! Өлшеуіш пен таразыны дұрыс тартып, әділ ұстаңдар!» («Һуд», 85-аят).

«وَيْلٌ لِلْمُطَفِّفِينَ الَّذِينَ إِذَا اكْتَالُوا عَلَى النَّاسِ يَسْتَوْفُونَ وَإِذَا كَالُوهُمْ أَوْ وَزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ أَلا يَظُنُّ أُولَئِكَ أَنَّهُمْ مَبْعُوثُونَ لِيَوْمٍ عَظِيمٍ يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ» «Таразы мен өлшеуіштен жейтіндердің жағдайы қандай өкінішті! Олар өзге ел-жұрттан бір нәрсе алып, өздері үшін өлшегенде артығымен өлшейді. Ал өздері басқалар үшін өлшеп тартқанда, керісінше, кемітіп өлшейді және кемітіп тартады. Сонда олар өздерінің өлгеннен кейін қайтадан тірілетінін ойламай ма?! Ұлы күн үшін. Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады» («Мутаффифин», 1-6-аяттар).

«Какое бы благо вы ни сделали, поистине, Аллах знает об этом» (сура «Аль-⁠Бакара», 2:215).

«О мой народ! Не отступайте от справедливости в мере и весе, не причиняйте вред людям» (сура «Худ», 11:85).

«Горе обвешивающим! Когда покупают они, отмеривая у людей, то требуют дать им сполна. Когда же продают они, меряя или взвешивая для них, то наносят им вред. Ужель они не думают, что будут воскрешены после смерти для Великого Дня? В тот День предстанет перед Господом миров всё человечество» (сура «Мутаффифин», 83:1⁠–⁠6).

1368
Риядус-салихин, № 1368Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَتَقَاضَاهُ فَأغْلَظَ لَهُ، فَهَمَّ بِهِ أَصْحَابُهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعُوهُ، فَإِنَّ لِصَاحِبِ الْحَقِّ مَقَالًا» ثُمَّ قَالَ: «أعْطُوهُ سِنًّا مِثْلَ سِنِّهِ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَا نَجِدُ إِلَّا أمْثَلَ مِنْ سِنِّهِ، قَالَ: «أعْطُوهُ، فَإِنَّ خَيْرَكُمْ أَحْسَنُكُمْ قَضَاءً»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ түйесін қарызға берген бір бәдәуи келіп, дөрекі тіл қатып, қарызын қайтаруды талап еткен еді. Сахабалар оның бұл қылығы үшін сазайын бергісі келгенде, Алла елшісі оларға: «Оған тиіспеңдер (Өзіне тиесілі дүниені) қайтарып алуға қақысы бардың сөйлеуге де қақысы бар», – деп тоқтау салды. Кейін сахабаларына: «Бұған түйесімен жасты бір түйе беріңдер», – деп тапсырды. Сонда сахабалары: «Уа, Расулалла! Қолымызда оның түйесімен жастысы жоқ, тек одан үлкені бар», – дегенде, ол: «Ендеше, соны беріңдер. Расында, іштеріңдегі ең қайырлы адам – қарызын ең жақсы түрде өтейтін адам», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2076, Ахмад: 14658).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл бедуин, ранее одолживший ему верблюда, и в грубой форме потребовал вернуть долг. Сподвижники хотели наказать его за такое поведение, однако Посланник Аллаха ﷺ остановил их, сказав: “Не трогайте его. Тот, кто вправе требовать возвращения (принадлежащего ему имущества), вправе и говорить”. Затем он велел сподвижникам: “Отдайте ему верблюда того же возраста, что и его верблюд”. Сподвижники сказали: “О Посланник Аллаха! У нас нет верблюда того же возраста, есть лишь более взрослый”. Тогда он сказал: “Отдайте ему этого. Поистине, лучший из вас – тот, кто наилучшим образом возвращает свои долги”» (Аль-Бухари: 2076; Ахмад: 14658).

1369
Риядус-салихин, № 1369Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رَحِمَ اللَّهُ رَجُلًا سَمْحًا إِذَا بَاعَ، وَإِذَا اشْتَرَى، وَإِذَا اقْتَضَى»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алла сатқанда да, сатып алғанда да және өзіне тиесілі ақының өтелуін талап еткенде де кеңпейілдік танытқан кісіні мейіріміне бөлесін!» – деп дұға еткен еді» – делінген (Бұхари: 2076, Ахмад: 14658).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ молился: «Да одарит Аллах Своей милостью того, кто проявляет великодушие, когда продаёт, покупает и требует уплаты причитающегося ему!» (Аль-Бухари: 2076; Ахмад: 14658).

1370
Риядус-салихин, № 1370Риуаят етуші: Әбу Қатада

عَنْ أَبِى قتادة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُنَجِّيَهُ اللَّهُ مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، فَلْيُنَفِّسْ عَنْ مُعْسِرٍ أَوْ يَضَعْ عَنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім қиямет күнінің қайғы-қасіреттерінен Алла тарапынан құтқарылуды жан-тәнімен қаласа, қарызын қайтара алмай қиналып тұрған адамға мұрсат берсін немесе қарызын кешіре салсын!» деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4000, Ахмад: 7427).

Орысша аудармасы

Абу Катада (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто всем сердцем желает, чтобы Аллах избавил его от тягот и бедствий Дня воскресения, пусть даст отсрочку тому, кто оказался в затруднении и не может вернуть долг, либо простит ему этот долг!”» (Муслим: 4000; Ахмад: 7427).

1371
Риядус-салихин, № 1371Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ يُدَايِنُ النَّاسَ، وَكَانَ يَقُولُ لِفَتَاهُ: إِذَا أَتَيْتَ مُعْسِرًا فَتَجَاوَزْ عَنْهُ، لَعَلَّ اللَّهَ أَنْ يَتَجَاوَزَ عَنَّا، فَلَقِيَ اللَّهَ فَتَجَاوَزَ عَنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Баяғы қауымдардың бірінде ел-жұртқа қарыз беретін бір кісі болған еді. Ол өзінің қызметшісіне: «Ел-жұрттағы қарыздарды жинауға барғаныңда, қарызын қайтара алмай қиналып тұрған жанға жолықсаң, оған мұрсат бер немесе қарызын кешіре сал! Лайым, Алла да бізді кешірер», – дейтін еді. Сол кісі Алламен қауышқанында, Алла да оны кешірді», – деп айтқан екен» (Бұхари: 2078, Муслим: 3993, Ахмад: 7579).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди людей прежних времён жил человек, который давал людям в долг. Он говорил своему слуге: “Когда отправишься собирать долги с людей и встретишь того, кто испытывает затруднения и не может вернуть долг, предоставь ему отсрочку или прости ему долг! Быть может, Аллах простит и нас”. Когда этот человек встретил Аллаха, Аллах простил его» (Аль-Бухари: 2078; Муслим: 3993; Ахмад: 7579).

1372
Риядус-салихин, № 1372Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри

عَنْ أَبِى مسعود الْبدرِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «حُوسِبَ رَجُلٌ مِمَّنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، فَلَمْ يُوجَدْ لَهُ مِنَ الْخَيْرِ شَيْءٌ، إِلَّا أَنَّهُ كَانَ يُخَالِطُ النَّاسَ وَكَانَ مُوسِرًا، وَكَانَ يَأْمُرُ غِلْمَانَهُ أَنْ يَتَجَاوَزُوا عَن الْمُعْسِر. قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: نَحْنُ أَحَقُّ بِذَلِكَ مِنْهُ؛ تَجَاوَزُوا عَنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сендерден бұрын өмір сүрген бір адам (о дүниеде) есепке тартылғанда, бірде-бір сауапты ісі болмай шығады. Алайда ол көзі тірісінде ауқатты кісі болғандықтан, көптеген адамдармен істес болып, кей адамдарға қарыз беріп, кейін өзінің қызметшілеріне қарызын өтей алмай қысылып жүргендердің қарыздарын кешіре салуды бұйыратын болған екен. Сол үшін Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала періштелеріне: «Тарыққанды жарылқап кешіру – оған қарағанда Бізге лайық іс. Олай болса, оның күнәларын кешіңдер», – деп бұйырады», – деген (Муслим: 3997, Ахмад: 17083).

Орысша аудармасы

Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда одного человека, жившего до вас, призвали к отчёту (в мире ином), оказалось, что у него не было ни одного благого дела. Однако при жизни он был состоятельным человеком, имел дела со многими людьми и давал некоторым из них в долг. Своим слугам он велел прощать долги тем, кто оказался в стеснённом положении и не мог расплатиться. За это наш Великий Творец – Аллах Всевышний – повелел Своим ангелам: ‘Проявлять милость к оказавшемуся в затруднении и прощать его больше подобает Нам, чем ему. А потому простите ему его грехи’”» (Муслим: 3997; Ахмад: 17083).

1373
Риядус-салихин, № 1373Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حذيفة قَالَ: أُتَي اللَّهُ تَعَالَى بِعَبْدٍ مِنْ عِبَادِهِ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَقَالَ لَهُ: مَاذَا عَمِلْتَ فِى الدُّنْيَا؟ قَالَ: «وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا» قَالَ: يَا رَبِّ آتَيْتَنِى مَالَكَ، فَكُنْتُ أُبَايعُ النَّاسَ، وَكَانَ مِنْ خُلُقِى الْجَوَازُ، فَكُنْتُ أَتَيَسَّرُ عَلَى الْمُوسِرِ، وَأُنْظِرُ الْمُعْسِرَ. فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «أَنَا أَحَقُّ بِذا مِنْكَ تَجَاوَزُوا عَنْ عَبْدِى» فَقَالَ عُقْبَةُ بْنِ عامِر، وأَبُو مَسْعُودٍ الْأنصارِيُّ: هكَذا سَمِعْنَاهُ مِنْ فيِّ رَسُول اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай жеткізген: «Алла өзіне мол мал-дүние берген бір пенде Алланың құзырына келтірілгенде, одан: «(Мен берген) дүние-мүлікті не істедің?» – деп сұрайды. (Осыған орай, Құранда: «Олар Алладан еш нәрсені жасырып қала алмайды!» делінген). Әлгі пенде: «Уа, Раббым! Маған мал-дүниеңді молынан бердің, мен сонымен кәсіп қылып, ел-жұртпен сауда-саттық жасастым, сонда мен мінезіме сай кең әрі кешірімді болдым. Ауқатты адамға кең болып,1 қысылып тұрған кедейге (қарызын асықпай қайтаруға) мұрсат беретін едім», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Ондайға (яғни кешірім мен кеңшілік танытуға) сенен гөрі Мен лайықтымын! Мына пендемнің күнә-қателіктерін кешіңдер!» деп пәрмен қылады. Уқба ибн Амир (р.а.) және ансарлық Әбу Масғуд (р.а.): «Біз мұны Алла елшісінің ﷺ өз аузынан дәл осылай естіген едік», – деп айтты» (Муслим: 3993, Ахмад: 23463).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда к Аллаху привели одного из Его рабов, которого Он наделил большим богатством, Аллах спросил его: “Что ты делал в земной жизни, распоряжаясь (дарованным Мною) имуществом?” (В этой связи в Коране сказано: “Они ничего не смогут скрыть от Аллаха!”; Коран, 4:42) Тот человек ответил: “О Господь мой! Ты даровал мне много имущества, и я вёл с его помощью торговые дела с людьми. По характеру я был великодушным и снисходительным: проявлял снисходительность к состоятельному человеку1, а бедняку, оказавшемуся в затруднительном положении, предоставлял отсрочку (позволяя ему не торопиться с возвращением долга)”. Тогда Аллах Всевышний повелел: “Мне более, чем тебе, подобает поступать так (то есть проявлять прощение и великодушие)! Простите грехи и прегрешения этого Моего раба!” Укба ибн Амир (да будет доволен им Аллах) и Абу Масуд из числа ансаров (да будет доволен им Аллах) сказали: “Именно так мы слышали это из уст Посланника Аллаха ﷺ”» (Муслим: 3993; Ахмад: 23463).

  1. 1Яғни, өзім сияқты ауқатты адамнан бір нәрсе сатып алсам, сатқан дүниесінде азын-аулақ кемшілік болса, онысына қарамай ала беретін едім...
  1. 1То есть если я покупал что-либо у такого же состоятельного человека, как я, то брал товар, не придавая значения его мелким недостаткам…
1374
Риядус-салихин, № 1374Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَنْظَرَ مُعْسِرًا، أَوْ وَضَعَ لَهُ، أظَلَّهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تَحْتَ ظِلِّ عَرْشِهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қарызын қайтара алмай қиналған адамға мұрсат берген немесе қарызын кешіре салған адамды Алла Аршының көлеңкесінен басқа көлеңке болмайтын қиямет күні сол көлеңкенің астына саялататын болады», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 1306, Ахмад: 8711).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Того, кто предоставит отсрочку человеку, испытывающему затруднения с возвратом долга, или простит ему долг, Аллах укроет в тени Своего Арша в День воскресения, когда не будет иной тени, кроме тени Арша» (Ат-Тирмизи: 1306; Ахмад: 8711).

1375
Риядус-салихин, № 1375Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اشْتَرَى مِنْهُ بَعِيرًا، فَوَزَنَ لَهُ فَأرْجَحَ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Пайғамбарымыз ﷺ одан бір түйе сатып алған еді. Сонда ол түйенің құнын есептеп бергенде, Алла елшісі оған құнын артығымен төлеген еді», – делінген (Бұхари: 2097, Муслим: 4105, Ахмад: 14234).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Пророк ﷺ купил у него верблюда. Когда Посланник Аллаха ﷺ рассчитывался с ним, он заплатил ему больше стоимости верблюда (Аль-Бухари: 2097; Муслим: 4105; Ахмад: 14234).

1376
Риядус-салихин, № 1376

عَنْ أَبِى صَفْوَان سُويْدِ بْنِ قيسٍ قَالَ: جَلَبْتُ أَنَا وَمَخْرَمَةُ الْعَبْدِيُّ بَزًّا مِنْ هَجَرَ، فَجَاءَنا النَّبِيُّ ﷺ، فَسَاوَمَنَا بسَرَاوِيلَ، وَعِنْدِى وَزَّانٌ يَزِنُ بِالأَجْرِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِلْوَزَّانِ: «زِنْ وَأرْجِحْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сафуан Суайд ибн Қайс (р.а.): «Бірде Махрама әл-Абди екеуміз Һажар деген жерден сатуға киім-кешек алып келдік. Содан Пайғамбарымыз ﷺ бізге келіп, бір кең шалбарды алу үшін саудаласты. Менің әр заттың құнын белгілеп беретін таразбан адамым бар еді. Пайғамбарымыз әлгі таразбанға: «Мынаның құнын өлше де, үстіне тағы біраз қос!1», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 3336, Тирмизи: 1305, Ахмад: 19098).

Орысша аудармасы

Абу Сафван Сувайд ибн Кайс (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы с Махрамой аль-Абди привезли из местности Хаджар одежду на продажу. Затем к нам пришёл Пророк ﷺ и стал торговаться с нами, желая купить просторные шаровары. У меня был весовщик, который занимался взвешиванием за плату. Пророк ﷺ сказал ему: “Отвесь за них положенную сумму и добавь ещё немного сверху”1» (Абу Дауд: 3336; Ат-Тирмизи: 1305; Ахмад: 19098).

  1. 1Алла елшісі өзіне бір нәрсе сатып аларда, алдымен саудагермен саудаласатын, саудагер сататын затының болар бағасын айтқан соң, оның айтқан бағасынан көбірек етіп, қосып төлейтін еді.
  1. 1Покупая что-либо, Посланник Аллаха ﷺ сначала торговался с продавцом. Когда продавец называл окончательную цену, он платил больше этой суммы.