Хадис

Оразаға қатысты кейбір мәселелер

Некоторые вопросы, касающиеся поста

Риядус-салихин, 224-тақырып · 4 хадис · № 1243–1246

Хадистер

1243
Риядус-салихин, № 1243Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذَا نَسِيَ أَحَدُكُمْ، فَأكَلَ، أَوْ شَرِبَ، فَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أطْعَمَهُ اللَّهُ وَسَقَاهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер әлдебіреуің ораза екенін ұмытып бір нәрсе жеп немесе ішіп қойса, оразасын бұзбай әрі қарай жалғастырсын. Шынында оны Алланың Өзі тамақтандырып, сусындатты», – деген (Бұхари: 1933; Муслим: 2716, Ахмад: 9136).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-нибудь из вас, забыв о том, что он постится, что-либо съест или выпьет, пусть продолжит свой пост, не нарушая его. Поистине, это Сам Аллах накормил и напоил его» (Аль-Бухари: 1933; Муслим: 2716; Ахмад: 9136).

1244
Риядус-салихин, № 1244

عَنْ لَقِيط بْنِ صَبِرَةَ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أخْبِرْنِى عَنِ الْوُضُوءِ؟ قَالَ: «أسْبغِ الْوُضُوءَ، وَخَلِّلْ بَيْنَ الْأَصَابِعِ، وَبَالِغْ فِى الاسْتِنْشَاقِ، إِلَّا أَنْ تَكُونَ صَائِمًا»

Қазақша аудармасы

Лақит ибн Сабира (р.а.): Бірде мен: «Уа, Расулалла! Маған дәрет жайлы айтып беріңізші?» – дегенімде, маған: «Дәретті жақсылап толыққанды етіп ал. Саусақтардың арасын салалап жуып, мұрынға суды қатты тартып, жақсылап шай, алайда ораза ұстағаныңда олай істеме (яғни мұрынға суды қатты тартпа)», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2366, Тирмизи: 788, Ахмад: 16384).

Орысша аудармасы

Лакит ибн Сабира (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я попросил: “О Посланник Аллаха! Расскажите мне об омовении”. Он ответил: “Совершай омовение тщательно и полноценно. Хорошо промывай промежутки между пальцами и тщательно промывай нос, с силой втягивая в него воду, однако во время поста так не делай (то есть не втягивай воду в нос с силой)”» (Абу Дауд: 2366; Ат-Тирмизи: 788; Ахмад: 16384).

1245
Риядус-салихин, № 1245Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُدْرِكُهُ الْفَجْرُ وَهُوَ جُنُبٌ مِنْ أَهْلِهِ، ثُمَّ يَغْتَسِلُ وَيَصُومُ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ (рамазан айында) кейде әйелінен жүніп болған күйде (бой дәретсіз) таң атыратын да, содан кейін бой дәрет алып, оразасын ұстайтын», – деген (Бұхари: 1925, Муслим: 2594, Ахмад: 2624).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ (в месяц рамадан) иногда встречал рассвет после близости с женой в состоянии джанабы (не совершив полного омовения), затем совершал полное омовение и постился» (Аль-Бухари: 1925; Муслим: 2594; Ахмад: 2624).

1246
Риядус-салихин, № 1246

عَنْ عَائِشَة وأم سلمة، قَالَتْا: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصْبحُ جُنُبًا مِنْ غَيْرِ حُلُمٍ، ثُمَّ يَصُومُ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) және Үммі Сәләма (р.а.): «Алла елшісі ﷺ ұйқыдан емес, (әйелімен болған қатынастан) жүніп болған күйінде таң атыратын да, оразасын жалғастырып ұстай беретін», – деген (Бұхари: 1931, 1932, Муслим: 2594, Ахмад: 26391).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) и Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) сказали: «Посланник Аллаха ﷺ встречал рассвет в состоянии джанабы (после близости с женой, а не после поллюции во сне) и продолжал поститься» (Аль-Бухари: 1931, 1932; Муслим: 2594; Ахмад: 26391).