Хадис

Ораза ұстаған адамның күнәлар мен жағымсыз іс-әрекеттерден тыйылу керектігі жайында

О том, что постящийся должен воздерживаться от грехов и предосудительных поступков

Риядус-салихин, 223-тақырып · 2 хадис · № 1241–1242

Хадистер

1241
Риядус-салихин, № 1241Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا كَانَ يَوْمُ صَوْمِ أَحَدِكُمْ، فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَصْخَبْ، فَإِنْ سَابَّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ، فَلْيَقُلْ: إِنِّى صَائِمٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің болмасын ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын әрі ешкімге дауыс көтермесін. Егер оған әлдебіреу тіл тигізсе, я болмаса төбелеспек болса, оған: «Менің аузым берік!» – деп ескертсін», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1904, Муслим: 2703, Ахмад: 9474).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас в день своего поста не произносит дурных слов и ни на кого не повышает голоса. Если кто-либо станет оскорблять его или попытается вступить с ним в драку, пусть он скажет ему: “Я соблюдаю пост!”» (Аль-Бухари: 1904; Муслим: 2703; Ахмад: 9474).

1242
Риядус-салихин, № 1242Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزُّورِ وَالْعَمَلَ بِهِ فَلَيْسَ لِلَّهِ حَاجَةٌ فِى أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім ауыз бекіте тұра, өтірік айтуын қоймаса әрі алаяқтық істеуден тыйылмаса, Аллаға оның ішіп-жеуден ғана тыйылғаны қажет емес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1903, Ахмад: 9839).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если человек, соблюдая пост, не перестанет лгать и не откажется от мошенничества, Аллаху не нужен его отказ лишь от еды и питья» (Аль-Бухари: 1903; Ахмад: 9839).