عَنْ أَبِى إِبراهيم عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِى أوفى، قَالَ: سِرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ صَائِمٌ، فَلَمَّا غَرَبَتِ الشَّمْسُ، قَالَ لِبَعْضِ الْقَوْمِ: «يَا فُلَانُ انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا»، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ أمْسَيْتَ؟ قَالَ: «انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا» قَالَ: إِنَّ عَلَيْكَ نَهَارًا، قَالَ: «انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا» قَالَ: فَنَزَلَ فَجَدَحَ لَهُمْ فَشَرِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ قَالَ: «إِذَا رَأَيْتُمُ اللَّيْلَ قَدْ أقْبَلَ مِنْ هَاهُنَا، فَقَدْ أفْطَرَ الصَّائِمُ» وَأشَارَ بِيَدِهِ قِبَلَ الْمَشْرِقِ
Қазақша аудармасы
Әбу Ибраһим, Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.): «Бірде біз Алла елшісімен ﷺ бірге жол жүрген едік, Пайғамбарымыздың аузы берік болатын. Содан күн батқанда Алла елшісі көпшілік қауымның ішінен біреуге: «Уа, пәленше! Көлігіңнен түсіп, бізге суға талқан шылап бере ғой», – дегенде, әлгі кісі: «Уа, Расулалла! Сәл кеш батқанын күтпедіңіз бе?!» – деді. Алла елшісі оған: «Көлігіңнен түсіп, бізге суға талқан шылап бергін», – деді. Әлгі кісі: «Сізге күндізгі уақытты толық тәмамдау керек қой», – деді. Алла елшісі оған тағы да: «Түсіп, бізге суға талқан шылап бер», – деп қайталады. Содан ол көлігінен түсіп, суға талқан шылап берді. Алла елшісі асын ішіп болған соң: «Егер түннің мына жақтан төнгенін көрсеңдер, демек, ораза ұстаған адамның ауыз ашатын уақыты келді!» – деп, қолымен шығыс жақты нұсқады», – деген (Бұхари: 1955, Муслим: 2559, Ахмад: 19399).
Орысша аудармасы
Абу Ибрахим Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы находились в пути вместе с Посланником Аллаха ﷺ, который соблюдал пост. Когда солнце зашло, Посланник Аллаха ﷺ сказал одному из находившихся с нами людей: “О такой-то! Спешься и размешай для нас толокно в воде”. Тот ответил: “О Посланник Аллаха! Не подождать ли немного, пока стемнеет?” Посланник Аллаха ﷺ снова сказал ему: “Спешься и размешай для нас толокно в воде”. Тот сказал: “Но тебе ведь следует дождаться полного окончания дня”. Посланник Аллаха ﷺ ещё раз повторил: “Спешься и размешай для нас толокно в воде”. Тогда тот спешился и приготовил толокно с водой. Когда Посланник Аллаха ﷺ выпил этот напиток, он указал рукой на восток и сказал: “Если вы увидите, что ночь надвигается с этой стороны, значит, для постящегося настало время разговения!”» (Аль-Бухари: 1955; Муслим: 2559; Ахмад: 19399).