Хадис

Сәресі берекеге толы уақыт

Сухур – время, исполненное благодати

Риядус-салихин, 221-тақырып · 4 хадис · № 1230–1233

Хадистер

1230
Риядус-салихин, № 1230Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَسَحَّرُوا؛ فَإِنَّ فِى السُّحُورِ بَرَكَةً»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сәресіні ішіңдер, өйткені сәресі уақытында ішілген аста береке болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1923, Муслим: 2549, Ахмад: 11950).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ешьте во время сухура, ибо в пище, вкушаемой в это время, заключена благодать» (Аль-Бухари: 1923; Муслим: 2549; Ахмад: 11950).

1231
Риядус-салихин, № 1231Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

عَنْ زيدِ بْنِ ثابتٍ قَالَ: تَسَحَّرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ قُمْنَا إِلَى الصَّلَاةِ. قِيلَ: كَمْ كَانَ بينهما؟ قَالَ: قَدْرُ خَمْسين آيةً

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.): «Біз Алла елшісімен ﷺ бірге сәресін іштік, содан соң таң намазын оқыдық», – деді, сонда одан: «Сәресі уақытының бітуі мен намаз арасында қанша уақыт болған еді?» – деп сұрағанда: «Елу аят оқитындай уақыт...», – деп айтты (Бұхари: 575, Муслим: 2552, Ахмад: 21585).

Орысша аудармасы

Зайд ибн Сабит (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ поели перед рассветом, а затем встали на утреннюю молитву». Его спросили: «Сколько времени прошло между окончанием предрассветной трапезы и молитвой?» Он ответил: «Столько, сколько требуется, чтобы прочитать пятьдесят аятов…» (Аль-Бухари: 575; Муслим: 2552; Ахмад: 21585).

1232
Риядус-салихин, № 1232Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مُؤَذِّنَانِ: بِلَالٌ وَابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنْ بِلالًا يُؤَذِّنُ بِلَيْلٍ، فَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يُؤَذِّنَ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ» قَالَ: وَلَمْ يَكُنْ بَيْنَهُمَا إِلَّا أَنْ يَنْزِلَ هَذَا وَيَرْقَى هَذَا

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ Биләл және Ибн Үммі Мактум деген екі азаншысы болған еді. Алла елшісі ﷺ: «Биләл түнде (таң намазынан бұрын) азан шақырады. Сондықтан да Ибн Үммі Мактум азан шақырғанға дейін ішіп-жеңдер!» – деді. Ибн Омар (р.а.): «Екі азанның арасында бірінші азаншы (азан шақыратын жерден) түсіп, екіншісі көтерілетіндей ғана уақыт болатын еді», – деп айтты» (Бұхари: 1918, Муслим: 2536, Ахмад: 4551).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «У Посланника Аллаха ﷺ было два муэдзина – Билял и Ибн Умм Мактум. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Билял произносит азан ночью (до наступления времени утренней молитвы), поэтому ешьте и пейте до тех пор, пока азан не произнесёт Ибн Умм Мактум”». Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) добавил: «Между двумя азанами проходило лишь столько времени, сколько требовалось первому муэдзину, чтобы спуститься (с места произнесения азана), а второму – подняться» (Аль-Бухари: 1918; Муслим: 2536; Ахмад: 4551).

1233
Риядус-салихин, № 1233Риуаят етуші: Амр ибн әл-Ас

عَنْ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «فَصْلُ مَا بَيْنَ صِيَامِنَا وصِيَامِ أَهْلِ الْكِتَابِ، أكْلَةُ السَّحَرِ»

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Біздің оразамыз бен Кітап иелерінің оразасының арасындағы негізгі айырмашылық – сәресін ішу», – деп айтты», – деген (Муслим: 2550, Ахмад: 17801).

Орысша аудармасы

Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Главное различие между нашим постом и постом людей Писания – предрассветная трапеза» (Муслим: 2550; Ахмад: 17801).