Хадис

Мұхаррам, шағбан және қасиетті айларда ораза ұстаудың артықшылығы

О достоинстве соблюдения поста в месяцы мухаррам, шабан и другие священные месяцы

Риядус-салихин, 225-тақырып · 3 хадис · № 1247–1249

Хадистер

1247
Риядус-салихин, № 1247Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَفْضَلُ الصِّيَامِ بَعْدَ رَمَضَانَ: شَهْرُ اللَّه الْمُحَرَّمُ، وَأَفْضَلُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الْفَرِيضَةِ: صَلَاةُ اللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Рамазаннан кейін ұсталатын ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам оразасы. Ал парыз намаздан кейінгі ең абзал намаз – түнгі намаз», – деп айтты», – деген (Муслим: 2755, Ахмад: 10915).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лучший пост после рамадана – пост в месяц Аллаха мухаррам, а лучшая молитва после обязательной – ночная молитва» (Муслим: 2755; Ахмад: 10915).

1248
Риядус-салихин, № 1248Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: لَمْ يكن النَّبِيّ ﷺ يَصُومُ مِنْ شَهْرٍ أَكْثَرَ مِنْ شَعْبَانَ، فَإِنَّهُ كَانَ يَصُومُ شَعْبَانَ كُلَّهُ

وفي رواية: كَانَ يَصُومُ شَعْبَانَ إِلاَّ قَلِيلاً

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ ешбір айда шағбан айындағыдай көп ораза ұстаған емес, шынтуайтында ол ﷺ шағбан айын толықтай дерлік оразамен өткізетін еді», – деген. Хадистің басқа нұсқасында: «Аз ғана бөлігінен тыс шағбан айын толықтай оразамен өткізетін еді», – деген (Бұхари: 1970; Муслим: 2717, Ахмад: 25101).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Ни в одном месяце Пророк ﷺ не соблюдал пост так много, как в шабане. Поистине, он проводил в посте почти весь шабан».

В другой версии хадиса говорится: «Он проводил в посте весь шабан, за исключением лишь небольшой его части» (Аль-Бухари: 1970; Муслим: 2717; Ахмад: 25101).

1249
Риядус-салихин, № 1249

عَنْ مُجِيبَةَ الْبَاهِليَّةِ، عَنْ أبيها أَوْ عمها:أَنَّهُ أتى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ثُمَّ انطَلَقَ فَأَتَاهُ بَعْدَ سَنَةٍ – وَقَدْ تَغَيَّرَتْ حَالُهُ وَهيئَتُهُ – فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أمَا تَعْرِفُنِى؟ قَالَ: «وَمَنْ أَنْتَ»؟ قَالَ: أَنَا الْباهِليُّ الَّذِى جِئْتُك عام الْأَوَّلِ. قَالَ: «فَمَا غَيَّرَكَ، وَقَدْ كُنْتَ حَسَنَ الْهَيْئَةِ!» قَالَ: مَا أكَلْتُ طَعَامًا مُنْذُ فَارقتُكَ إِلَّا بِلَيْلٍ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَذَّبْتَ نَفْسَكَ!» ثُمَّ قَالَ: «صُمْ شَهْرَ الصَّبْرِ، وَيَوْمًا مِنْ كُلِّ شَهْرٍ» قَالَ: زِدْنِى، فَإِنَّ بِى قُوَّةً، قَالَ: «صُمْ يَوْمَيْن» قَالَ: زِدْنِى، قَالَ: «صُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ» قَالَ: زِدْنِى، قَالَ: «صُمْ مِنَ الْحُرُم وَاتركْ، صُمْ مِنَ الْحُرُمِ وَاتركْ، صُمْ مِنَ الْحُرُمِ وَاتركْ» وَقَالَ بأصابِعه الثَّلاثِ فَضَمَّها، ثُمَّ أَرْسَلَهَا

Қазақша аудармасы

Мужиба әл-Бәһилия әкесінен (немесе ағасынан) жеткізген хадисте: «Оның әкесі Алла елшісімен ﷺ жолыққаннан кейін еліне қайтып кетеді. Сол кеткеннен араға бір жыл салып, жағдайы және түр-тұлғасы адам танымастай өзгеріп (жүдеп), екі әлем Сардарының алдына келеді. Сөйтіп, ол өзін танымай қалған Пайғамбарымызға: «Уа, Расулалла! Мені танымадыңыз ба?» – дегенде, ол: «Сен кім едің?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Мен өзіңізге былтыр ғана келіп кеткен әл-Бәһилимін», – дейді. Алла елшісі оған: «Саған не болған? Былтыр ғана өңің жап-жақсы еді ғой!» – дейді таңғалып. әл-Бәһили: «Сізбен қоштасып кеткелі бері түнде ғана ас ішіп жүрмін», – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі оған: «Өз-өзіңді әбден қинаған екенсің», – деді де: «Ең дұрысы сен сабырлық айында ораза ұстап, содан соң ай сайын бір күн ауыз бекіт», – деп кеңес берді. әл-Бәһили: «Тағы қосыңыз, менің одан да көп ұстауға шамам жетеді», – деді. Сонда ол: «Ай сайын екі күннен ұстап отыр», – деді. әл-Бәһили: «Тағы да қосыңыз», – дегенде, Алла елшісі: «Үш күн ауыз бекіт», – деді. әл-Бәһили: «Тағы да қосыңыз», – деді. Сонда Расулалла оған, үш саусағын бір ашып, бір бүгіп көрсетіп тұрып: «Ендеше Харам (яғни, Рәжәп, Зулқағда, Зулхижжа және Мухаррам) айларында үш күн ұста, үш күн ұстама, үш күн ұста, үш күн ұстама, үш күн ұста, үш күн ұстама», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2428, Ахмад: 20323).

Орысша аудармасы

Муджиба аль-Бахилия передала со слов своего отца (или дяди по отцу): «После встречи с Посланником Аллаха ﷺ этот человек вернулся к своему народу. Через год он вновь предстал перед Господином обоих миров, однако его состояние и внешний облик изменились до неузнаваемости (он сильно исхудал). Увидев, что Пророк ﷺ его не узнал, он спросил: “О Посланник Аллаха! Вы меня не узнали?” Пророк ﷺ спросил: “Кто же ты?” Он ответил: “Я – тот самый аль-Бахили, который приезжал к вам в прошлом году”. Посланник Аллаха ﷺ удивлённо спросил: “Что с тобой случилось? Ведь ещё в прошлом году ты прекрасно выглядел!” Аль-Бахили ответил: “С тех пор как я расстался с вами, я ем только по ночам”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ты совсем измучил себя”, а затем посоветовал: “Лучше постись в месяц терпения, а после этого – по одному дню каждый месяц”. Аль-Бахили попросил: “Добавьте мне, ведь у меня хватит сил и на большее”. Он сказал: “Тогда постись по два дня каждый месяц”. Аль-Бахили снова попросил: “Добавьте мне”. Он сказал: “Постись по три дня”. Аль-Бахили вновь попросил: “Добавьте мне”.

Тогда Посланник Аллаха ﷺ, попеременно разгибая и сгибая три пальца, сказал ему: “В таком случае в запретные месяцы (то есть раджаб, зуль-када, зуль-хиджа и мухаррам) постись три дня, три дня не постись; три дня постись, три дня не постись; три дня постись, три дня не постись”» (Абу Дауд: 2428; Ахмад: 20323).