Хадис

Риядус-салихин, № 1173

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
212. Тәһәжжүд намазының артықшылығы
Нөмірі
№ 1173 (қазақша басылым реті)
1173
Риядус-салихин, № 1173Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، قَالَتْ: مَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزيدُ – فِى رَمَضَانَ وَلَا فِى غَيْرِهِ – عَلَى إِحْدَى عَشْرَةَ رَكْعَةً: يُصَلِّى أَرْبَعًا فَلَا تَسْألْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وَطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّى أَرْبَعًا فَلَا تَسْألْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّى ثَلَاثًا. فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أتَنَامُ قَبْلَ أَنْ تُوتِرَ؟ فَقَالَ: «يَا عَائِشَة، إِنَّ عَيْنَيَّ تَنَامَانِ وَلَا يَنَامُ قَلْبِى»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мейлі рамазан айында, мейлі басқа уақытта болсын, түнгі тәһәжжүд намазын он бір рәкағаттан асырмайтын. Алдымен төрт рәкағат намаз оқитын. Оның кереметтігі мен ұзақтығы жайлы тіпті сұрама. Содан соң тағы төрт бас намаз оқитын. Оның да ғажаптығы мен ұзақтығы жайлы сұрамай-ақ қой. Ең соңында үш рәкағат үтір намазын оқитын. Бір күні мен (жатар алдында): «Уа, Расулалла, үтір намазын оқымастан ұйықтайсыз ба?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Уа, Айша! Менің көзім ілінгенмен, жүрегім ұйықтамайды», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 1147, Муслим: 1723, Ахмад: 24446).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Ни в рамадан, ни в другое время Посланник Аллаха ﷺ не совершал ночную молитву тахаджуд более чем в одиннадцать ракаатов. Сначала он совершал четыре ракаата – и не спрашивай, насколько прекрасной и продолжительной была эта молитва! Затем он совершал ещё четыре ракаата – и не спрашивай, насколько прекрасной и продолжительной была она! В завершение он совершал витр в три ракаата. Однажды я спросила его (перед тем как лечь спать): “О Посланник Аллаха! Неужели ты ложишься спать, не совершив витр?” Он ответил: “О Аиша! Поистине, мои глаза спят, но сердце моё не спит”» (Аль-Бухари: 1147; Муслим: 1723; Ахмад: 24446).