Хадис

Тәһәжжүд намазының артықшылығы

О достоинстве молитвы тахаджуд

Риядус-салихин, 212-тақырып · 27 хадис · № 1161–1187

Хадистер

«وَمِنَ اللَّيْلِ فَتَهَجَّدْ بِهِ نَافِلَةً لَكَ عَسَى أَنْ يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَحْمُودًا» «Түн ішінде тұрып, Құран оқып, өзіңе бекітілген тәһәжжуд намазын оқы. Сонда Раббыңның сені (Мақам Махмудқа» шығаратындығынан үміт ете аласың («Исра», 79-аят).

«تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ» «Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп,...» («Сәжде», 16-аят).

«كَانُوا قَلِيلًا مِنَ اللَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ» «Олар түнде аз ұйықтайтын...» («Зәрият», 17-аят).

«Бодрствуй среди ночи, читая Коран, в дополнение к тому, что предписано тебе. Быть может, возведёт тебя твой Господь на Достохвальное место» (сура «Исра», 17:79).

«Они оставляют свои постели посреди ночи» (сура «Саджда», 32:16).

«И спали они малую часть ночи» (сура «Зарият», 51:17).

1161
Риядус-салихин, № 1161Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقومُ مِنَ اللَّيْلِ حَتَّى تَتَفطَّرَ قَدَمَاهُ، فَقُلْتُ لَهُ: لِمَ تَصْنَعُ هَذَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَقَدْ غُفِرَ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأخَّرَ؟ قَالَ: «أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ түнде тұрып аяқтары ісініп, табаны тілім-тілім болып жарылғанша намаз оқитын еді. Мен оған: «Уа, Расулалла! Неге бұлай істейсіз (неге өзіңізді сонша қинайсыз), сіздің өткен және келешек барлық күнәларыңыз кешірілген жоқ па?» – дегенімде, маған: «Сонда да Аллаға шүкіршіл пенде болмаймын ба?!» – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 4837, Муслим: 7126).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Пророк ﷺ по ночам совершал намаз так долго, что ноги его отекали, а ступни покрывались глубокими трещинами. Я спросила его: “О Посланник Аллаха! Почему ты так поступаешь (почему ты настолько изнуряешь себя), ведь тебе уже прощены все прошлые и будущие грехи?” Он ответил мне: “Так неужели мне не быть благодарным Аллаху рабом?!”» (Аль-Бухари: 4837; Муслим: 7126).

1162
Риядус-салихин, № 1162Риуаят етуші: Әли

عَنْ علي أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ طَرَقَهُ وَفَاطِمَةَ لَيْلًا، فَقَالَ: «أَلَا تُصَلِّيَانِ؟»

Қазақша аудармасы

Али (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде түн ішінде Пайғамбарымыз ﷺ Али мен Фатиманың (р.а.) есігін қағып: «Намаз оқымайсыңдар ма?» – деп, түнгі намазға оятты», – делінген (Бұхари: 1127, Муслим: 1818, Ахмад: 900).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды ночью Пророк ﷺ постучал в дверь дома Али и Фатимы (да будет доволен ими Аллах) и, пробуждая их на ночную молитву, спросил: «Разве вы не будете молиться?» (Аль-Бухари: 1127; Муслим: 1818; Ахмад: 900).

1163
Риядус-салихин, № 1163

عَنْ سالم بْنِ عبدِ اللَّه بْنِ عُمَرَ بْنِ الْخطاب -رضي اللَّه عَنْهُ عَنْ أبيِهِ: أنَّ رَسُول اللَّه ﷺ قَالَ: «نِعْمَ الرَّجُلُ عَبْدُ اللَّهِ، لَوْ كَانَ يُصَلِّي مِنَ اللَّيلِ» قَالَ سالِم: فَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بَعْدَ ذَلِكَ لَا يَنامُ مِنَ اللَّيلِ إِلَّا قَلِيلًا

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Абдуллаһ ибн Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) әкесі Абдуллаһтың былай дегенін жеткізді: «Бірде Алла елшісі ﷺ мен жайлы: «Абдуллаһ қандай керемет адам! Түнгі намазды оқыса, тіпті жақсы болар еді», – деп айтты», – деді. Сәлим: «Содан бері әкем Абдуллаһ түннің біраз уақытын намаз оқумен өткізіп, аз ұйықтайтын болды», – деген (Бұхари: 1122, Муслим: 6370, Ахмад: 6330).

Орысша аудармасы

Салим ибн Абдуллах ибн Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что его отец Абдуллах сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал обо мне: “Какой прекрасный человек Абдуллах! Было бы ещё лучше, если бы он совершал ночную молитву”». Салим добавил: «С тех пор мой отец Абдуллах проводил часть ночи в молитве и спал мало» (Аль-Бухари: 1122; Муслим: 6370; Ахмад: 6330).

1164
Риядус-салихин, № 1164Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمرو بْنِ الْعاصِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا عَبدَ اللَّهِ، لَا تَكُنْ مِثْلَ فُلَانٍ؛ كَانَ يَقُومُ اللَّيْلَ فَتَرَكَ قِيَامَ اللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн Ас (р.а.): Алла елшісі ﷺ маған: «Уа, Абдулла! Сен пәленше сияқты болма! Ол түнгі (тәһәжжуд) намазын оқып жүрді де, кейін оқымай кетті», – деп айтты, – деген (Бұхари: 1152, Муслим: 2729, Ахмад: 6584).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “О Абдуллах! Не уподобляйся такому-то: прежде он совершал ночную молитву (тахаджуд), а затем перестал её совершать”» (Аль-Бухари: 1152; Муслим: 2729; Ахмад: 6584).

1165
Риядус-салихин, № 1165Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: ذُكِرَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ رَجُلٌ نَامَ لَيْلَةً حَتَّى أَصْبَحَ، قَالَ: «ذَاكَ رَجُلٌ بَالَ الشَّيطَانُ فِى أُذُنَيْهِ – أَوْ قَالَ: فِى أُذُنِهِ -»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырында түні бойы жастықтан басын алмай таң атқанша ұйықтаған бір кісі жайлы сөз қозғалғанда, Алла елшісі: «Оның екі құлағына (немесе құлағына) шайтан сарып кеткен», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3270, Муслим: 774).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды в присутствии Пророка ﷺ заговорили о человеке, который проспал всю ночь до самого рассвета, не поднимая головы с подушки. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Шайтан помочился ему в оба уха (или в одно ухо)”» (Аль-Бухари: 3270; Муслим: 774).

1166
Риядус-салихин, № 1166Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَعْقِدُ الشَّيطَانُ عَلَى قَافِيَةِ رَأسِ أَحَدِكُمْ، إِذَا هُوَ نَامَ، ثَلَاثَ عُقَدٍ، يَضْرِبُ عَلَى كُلِّ عُقْدَةٍ: عَلَيْكَ لَيْلٌ طَويلٌ فَارْقُدْ، فَإِن اسْتَيقَظَ، فَذَكَرَ اللَّهَ تَعَالَى انحَلَّتْ عُقْدَةٌ، فَإِنْ تَوَضّأ، انْحَلّتْ عُقدَةٌ، فَإِنْ صَلَّى، انْحَلَّتْ عُقَدُهُ كُلُّهَا، فَأَصْبَحَ نَشِيطًا طَيِّبَ النَّفْسِ، وَإِلَّا أصْبحَ خَبيثَ النَّفْسِ كَسْلَانَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қандай адам болмасын, ұйқыға кеткенде шайтан оның желкесіне үш бірдей түйін түйіп: «Ұйықта, ұйықта, алдыңда әлі ұзақ түн бар», – деп, әр түйінді жеке-жеке қағып (дуалап) кетеді. Егер ол соған қарамастан түн ішінде оянып, Алланы есіне алса, әлгі түйіндердің біреуі шешіледі. Егер тұрып, дәрет алса, тағы біреуі шешіледі. Ал егер түн намазын оқыса, соңғысы да шешіліп, түйіндердің бәрінен құтылады. Осылайша ол таңертең сергек тұрады әрі көңіл-күйі көтеріңкі болады. Олай істемеген жағдайда, ол таңертең көңілсіз әрі дел-сал болып оянады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1142, Муслим: 1819, Ахмад: 7308).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда любой человек засыпает, шайтан завязывает у него на затылке три узла и, поочерёдно ударяя по каждому из них (накладывая заклятие), приговаривает: “Спи, спи, впереди у тебя ещё долгая ночь”. Если же человек, несмотря на это, проснётся среди ночи и помянет Аллаха, один узел развяжется. Если он встанет и совершит омовение, развяжется второй. А если совершит ночную молитву, развяжется и последний, и он освободится от всех узлов. Тогда утром он встанет бодрым и в хорошем расположении духа. В противном случае проснётся унылым и вялым» (Аль-Бухари: 1142; Муслим: 1819; Ахмад: 7308).

1167
Риядус-салихин, № 1167Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәлам

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سلَام أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أيُّهَا النَّاسُ: أفْشُوا السَّلَامَ، وَأطْعِمُوا الطَّعَامَ، وَصَلُّوا بِاللَّيْلِ وَالنَّاسُ نِيَامٌ، تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَامٍ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сәлам (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, жарандар! (Адамдар арасында) сәлем кеңінен жайыңдар, мұқтаж жандарды тамақтандырыңдар, адамдар ұйықтап жатқанда түнде тұрып намаз оқыңдар! Сонда аман-есен (яғни азапқа душар болмастан, тікелей) жаннатқа кіресіңдер», – деп айтқан (Тирмизи: 2485, Ахмад: 23784).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Салам (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «О люди! Широко распространяйте приветствие (среди людей), кормите нуждающихся и совершайте ночную молитву, когда люди спят! Тогда вы с миром и благополучием (то есть сразу, не подвергнувшись наказанию) войдёте в рай» (Ат-Тирмизи: 2485; Ахмад: 23784).

1168
Риядус-салихин, № 1168Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَفْضَلُ الصِّيَامِ بَعْدَ رَمَضَانَ: شَهْرُ اللَّهِ الْمُحَرَّمُ، وَأَفْضَلُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الْفَرِيضَةِ: صَلَاةُ اللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Рамазаннан кейін ұсталатын ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррамда ұсталған ораза. Парыз намазынан кейінгі ең абзал намаз – түнгі намаз», – деп айтты, – деген (Муслим: 2755, Ахмад: 10915).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лучший пост после рамадана – пост в месяце Аллаха мухарраме, а лучшая молитва после обязательной – ночная молитва» (Муслим: 2755; Ахмад: 10915).

1169
Риядус-салихин, № 1169Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «صَلَاةُ اللَّيْلِ مَثْنَى مَثْنَى، فَإِذَا خِفْتَ الصُّبْحَ فَأوْتِرْ بِوَاحِدَةٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Түнде оқылатын нәпіл намаз екі-екі рәкағаттан тұрады. Егер (тәһәжжүд намазын оқып жатып) таң намазының уақытының кіріп қоюынан қауіптенсең, соңғы екі рәкағат намазыңа бір рәкағат қосып үтір намазын оқы», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1137, Муслим: 1748, Ахмад: 4848).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Дополнительная ночная молитва совершается по два ракаата. Если же ты (во время совершения молитвы тахаджуд) опасаешься наступления времени утренней молитвы, добавь к последним двум ракаатам ещё один ракаат и соверши молитву витр» (Аль-Бухари: 1137; Муслим: 1748; Ахмад: 4848).

1170
Риядус-салихин, № 1170Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّى مِنَ اللَّيْلِ مَثْنَى مَثْنَى، وَيُوتِرُ بِرَكْعَةٍ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ түнгі намазды екі-екі рәкағаттан оқитын және үтір намазын бір рәкағат етіп оқитын», – деген (Бұхари: 995, Муслим: 1761, Ахмад: 5049).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ совершал ночную молитву по два ракаата, а молитву витр – в один ракаат» (Аль-Бухари: 995; Муслим: 1761; Ахмад: 5049).

1171
Риядус-салихин, № 1171Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُفْطِرُ مِنَ الشَّهْرِ حَتَّى نَظُنَّ أَنْ لَا يَصُومَ مِنْهُ، وَيَصُومُ حَتَّى نَظُنَّ أَنْ لَا يُفْطِرَ مِنْهُ شَيْئًا، وَكَانَ لَا تَشَاءُ أَنْ تَرَاهُ مِنَ اللَّيْلِ مُصَلِّيًا إِلَّا رَأَيْتَهُ، وَلَا نَائِمًا إِلَّا رَأَيْتَهُ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ кей айларда біраз күнге дейін ораза ұстамайтын, сонда біз оны бұл айда мүлде ораза ұстамайтын шығар деп ойлап қалатын едік. Ал кей айларда біраз күнге дейін үзбей ораза ұстағанда, бұл айда бірде-бір күн ауыз ашпайтын шығар деп ойлаушы едік (алайда ойлағанымыздай болмайтын). Сондай-ақ кей түнде оның намаз оқып тұрғанын көрмейтін шығармын десең, міндетті түрде намаз оқып тұрғанын көресің және кей түнде ұйықтап жатқан жоқ шығар деп ойласаң, міндетті түрде ұйықтап (тынығып) жатқанына куә боласың», – деп айтты (Бұхари: 1141, Ахмад: 12129).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «В некоторые месяцы Посланник Аллаха ﷺ по нескольку дней не соблюдал пост, и мы начинали думать, что в этом месяце он вовсе не будет поститься. А в иные месяцы он по нескольку дней постился без перерыва, и мы думали, что в этом месяце он не станет разговляться ни на один день (однако наши предположения не оправдывались). В любую часть ночи его можно было застать молящимся; и в любую часть ночи его можно было застать спящим (отдыхающим)» (Аль-Бухари: 1141; Ахмад: 12129).

1172
Риядус-салихин, № 1172Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُصَلِّى إِحْدَى عَشْرَةَ رَكْعَةً – تَعْنِى فِى اللَّيْلِ – يَسْجُدُ السَّجْدَةَ مِنْ ذَلِكَ قَدْرَ مَا يَقْرَأُ أَحَدُكُمْ خَمْسِينَ آيَةً قَبْلَ أَنْ يَرْفَعَ رَأسَهُ، وَيَرْكَعُ رَكْعَتَيْنِ قَبْلَ صَلَاةِ الْفَجْرِ، ثُمَّ يَضْطَجِعُ عَلَى شِقِّهِ الْأيْمَنِ حَتَّى يَأْتِيَهُ الْمُنَادِى للصَلَاةِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Әдетте, Алла елшісі ﷺ түнде он бір рәкағат намаз оқитын. Кейбір рәкағаттарда сәждеге жығылғанда, қайсыбіріңнің елу аят оқитындай уақытқа дейін басын көтермейтін. Таң намазының парызынан бұрын екі бас нәпіл намаз оқитын. Содан кейін азаншы келіп қамат түсіргенше, оң жақ қырынан жантайып жата тұратын», – деп айтты (Бұхари: 1123, Ахмад: 24070).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Обычно Посланник Аллаха ﷺ совершал ночью молитву в одиннадцать ракаатов. В некоторых ракаатах, совершив земной поклон, он не поднимал головы столько времени, сколько понадобилось бы любому из вас, чтобы прочитать пятьдесят аятов. Перед обязательной утренней молитвой он совершал два ракаата добровольной молитвы, а затем ложился на правый бок и лежал так, пока муэдзин не приходил и не объявлял о начале молитвы» (Аль-Бухари: 1123; Ахмад: 24070).

1173
Риядус-салихин, № 1173Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، قَالَتْ: مَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزيدُ – فِى رَمَضَانَ وَلَا فِى غَيْرِهِ – عَلَى إِحْدَى عَشْرَةَ رَكْعَةً: يُصَلِّى أَرْبَعًا فَلَا تَسْألْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وَطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّى أَرْبَعًا فَلَا تَسْألْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّى ثَلَاثًا. فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أتَنَامُ قَبْلَ أَنْ تُوتِرَ؟ فَقَالَ: «يَا عَائِشَة، إِنَّ عَيْنَيَّ تَنَامَانِ وَلَا يَنَامُ قَلْبِى»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мейлі рамазан айында, мейлі басқа уақытта болсын, түнгі тәһәжжүд намазын он бір рәкағаттан асырмайтын. Алдымен төрт рәкағат намаз оқитын. Оның кереметтігі мен ұзақтығы жайлы тіпті сұрама. Содан соң тағы төрт бас намаз оқитын. Оның да ғажаптығы мен ұзақтығы жайлы сұрамай-ақ қой. Ең соңында үш рәкағат үтір намазын оқитын. Бір күні мен (жатар алдында): «Уа, Расулалла, үтір намазын оқымастан ұйықтайсыз ба?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Уа, Айша! Менің көзім ілінгенмен, жүрегім ұйықтамайды», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 1147, Муслим: 1723, Ахмад: 24446).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Ни в рамадан, ни в другое время Посланник Аллаха ﷺ не совершал ночную молитву тахаджуд более чем в одиннадцать ракаатов. Сначала он совершал четыре ракаата – и не спрашивай, насколько прекрасной и продолжительной была эта молитва! Затем он совершал ещё четыре ракаата – и не спрашивай, насколько прекрасной и продолжительной была она! В завершение он совершал витр в три ракаата. Однажды я спросила его (перед тем как лечь спать): “О Посланник Аллаха! Неужели ты ложишься спать, не совершив витр?” Он ответил: “О Аиша! Поистине, мои глаза спят, но сердце моё не спит”» (Аль-Бухари: 1147; Муслим: 1723; Ахмад: 24446).

1174
Риядус-салихин, № 1174Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَنَامُ أوّلَ اللَّيْلِ، وَيَقُومُ آخِرَهُ فَيُصَلِّي

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігінде тұрып, намаз оқитын», – деп айтылған (Бұхари: 1146, Муслим: 1728, Ахмад: 24706).

Орысша аудармасы

Передают со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Пророк ﷺ спал в начале ночи, а в последней её части вставал и совершал молитву (Аль-Бухари: 1146; Муслим: 1728; Ахмад: 24706).

1175
Риядус-салихин, № 1175Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ لَيْلَةً، فَلَمْ يَزَلْ قائِمًا حَتَّى هَمَمْتُ بِأَمْر سوءٍ! قيلَ: مَا هَمَمْتَ؟ قَالَ: هَمَمْتُ أَنْ أجِلْسَ وَأدَعَهُ

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде түннің бір уағында Пайғамбарымызға ﷺ ұйып, тәһәжжуд намазын оқыдым. Оның қиямда ұзақ тұрғандығы соншалық – тағы біраз уақытқа созса, шыдамым таусылып, жағымсыз бір іс істемекші болдым», – деді. Қасындағылар одан: «Сонда, не істемекші болдыңыз?» – деп сұрағанда, ол: «Отыра кетіп, (намазымды үзіп) Алла елшісінің өзін жеке қалдырғым келген еді», – деп жауап берді (Бұхари: 1135, Муслим: 1815, Ахмад: 3646).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды ночью я совершал молитву тахаджуд, следуя в молитве за Пророком ﷺ. Он так долго стоял в кияме, что, продлись это ещё немного, моё терпение иссякло бы. Я уже был готов совершить нечто дурное». Присутствовавшие рядом спросили его: «И что же вы намеревались сделать?» Он ответил: «Я хотел сесть (прервав свою молитву) и оставить Посланника Аллаха одного» (Аль-Бухари: 1135; Муслим: 1815; Ахмад: 3646).

1176
Риядус-салихин, № 1176Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حذيفة قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ فَافْتَتَحَ الْبَقرَةَ، فَقُلْتُ: يَرْكَعُ عِنْدَ الْمئَةِ، ثُمَّ مَضَى، فَقُلْتُ: يُصَلِّى بِهَا فِى رَكْعَةٍ فَمَضَى، فَقُلْتُ: يَرْكَعُ بِهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ النِّسَاءَ فَقَرَأَهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ آلَ عِمْرَانَ فَقَرَأَهَا، يَقرَأُ مُتَرَسِّلًا: إِذَا مَرَّ بآيةٍ فِيهَا تَسبيحٌ سَبَّحَ، وَإِذَا مَرَّ بسُؤَالٍ سَأَلَ، وَإِذَا مَرَّ بتَعَوُّذٍ تَعَوَّذَ، ثُمَّ رَكَعَ، فَجَعَلَ يَقُولُ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْعَظِيمِ» فَكَانَ رُكُوعُهُ نَحوًا مِنْ قِيَامِهِ، ثُمَّ قَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ» ثُمَّ قَامَ طَويلًا قَرِيبًا مِمَّا رَكَعَ، ثُمَّ سَجَدَ، فَقَالَ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْأَعْلَى» فَكَانَ سجُودُهُ قَرِيبًا مِنْ قِيَامِهِ

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Бір күні түнде Алла елшісіне ﷺ ұйып намазға тұрғанымда, «Бақара» сүресін оқи бастады. Сонда мен жүз аят оқып рукуғ жасайтын шығар деп ойладым, бірақ ол оқуын жалғастыра берді. Бұл жолы мен екі рәкағатты осы сүремен оқып бітіретін шығар деп ойладым. Бірақ ол аталмыш сүренің тең жарымынан көбін еңсерсе де, оқуын жалғастыра берді. Сол кезде мен бұл сүрені толық оқып рукуғ жасар деп ойладым. Алайда ол «Бақарадан» кейін бірден «Ниса» сүресін бастап толық оқып, содан кейін «Әли Имран» сүресін де басынан аяғына дейін оқып шықты. Арасында Алланы кемшілік атаулыдан пәктеуді бұйыратын аятқа келгенде, Алланы пәктеп, Аллаға жалбарынып дұға-тілек тілеуді бұйыратын аятқа келгенде, жалбарынып дұға жасап және Аллаға сиынып, пана тілеуді бұйыратын аятқа келгенде, Алладан пана тілеп байыптылықпен асықпай оқыды. Содан кейін рукуғ жасап: «Субханә раббиәл-азим» (Ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк) – деп, шамамен қиямда тұрғандай ұзақ тұрды. Содан кейін: «Сәмиаллаһу лимән хамидаһу, Раббанә ләкәл-хамду» (Алла Өзіне мақтау айтып, шүкіршілік білдірген пендесін естиді. Уа, Раббымыз! Бар мадақ Саған тән) – деп, тікесінен тік шамамен рүкуғта тұрғандай ұзақ тұрды. Содан кейін сәждеге жығылып: «Субханә раббиәл-ағлә» (Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк) – деп, шамамен қиямда тұрғандай сәждеде де ұзақ тұрды», – деген (Муслим: 1814, Ахмад: 23261).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды ночью я встал на молитву вслед за Посланником Аллаха ﷺ. Он начал читать суру “Аль-Бакара”. Я подумал: “Наверное, прочитав сто аятов, он совершит поясной поклон”, однако он продолжил чтение. Тогда я подумал: “Наверное, он прочтёт всю эту суру в одном ракаате”. Но, прочитав больше половины суры, он продолжил чтение. Тогда я подумал, что он прочтёт её до конца и совершит поясной поклон. Однако сразу после суры “Аль-Бакара” он начал читать суру “Ан-Ниса” и прочёл её полностью, а затем от начала до конца прочёл суру “Али Имран”. Он читал размеренно, не торопясь: когда доходил до аята, в котором повелевалось провозглашать Аллаха пречистым от всякого недостатка, прославлял Его; когда доходил до аята, в котором повелевалось обращаться к Аллаху с мольбами, взывал к Нему с мольбой; а когда доходил до аята, в котором повелевалось искать защиты у Аллаха, просил Его о защите.

Затем он совершил поясной поклон и стал повторять: “Субхана раббияль азым” (Мой Великий Господь пречист от всякого недостатка), оставаясь в поясном поклоне почти столько же времени, сколько до этого простоял в кияме.

После этого он произнёс: “Сами‘аллаху лиман хамидах, Раббана лякаль хамд” (Аллах слышит раба, восхваляющего Его и благодарящего Его. О Господь наш! Вся хвала принадлежит Тебе), выпрямился и стоял прямо почти столько же времени, сколько находился в поясном поклоне.

Затем он совершил земной поклон и произнёс: “Субхана раббияль а‘ля” (Мой Всевышний Господь пречист от всякого недостатка), оставаясь в земном поклоне почти столько же времени, сколько до этого простоял в кияме» (Муслим: 1814; Ахмад: 23261).

1177
Риядус-салихин, № 1177Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَيُّ الصَّلَاةِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «طُولُ الْقُنُوتِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ: «Намаздың ең абзалы қандай?» – деп сұрағанда: «Қиямда ұзақ тұрып оқылған намаз», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 1768, Ахмад: 14233).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Когда Посланника Аллаха ﷺ спросили: “Какая молитва является наилучшей?”, он ответил: “Та, во время которой долго стоят в кияме”» (Муслим: 1768; Ахмад: 14233).

1178
Риядус-салихин, № 1178Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أحَبُّ الصَّلَاةِ إِلَى اللَّهِ صَلَاةُ دَاوُدَ، وَأحَبُّ الصِّيَامِ إِلَى اللَّهِ صِيَامُ دَاوُدَ، كَانَ يَنَامُ نِصْفَ اللَّيْلِ وَيَقُومُ ثُلُثَهُ وَيَنَامُ سُدُسَهُ وَيَصُومُ يَوْمًا وَيُفْطِرُ يَوْمًا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала намаздардың ішінде Дәуіт пайғамбардың (а.с.) оқыған намазын ерекше жақсы көреді. Оразалардың ішінде де Дәуіт пайғамбардың (а.с.) ұстаған оразасын жақсы көреді. Дәуіт пайғамбар (а.с.) түннің алғашқы жартысында ұйықтап, үштен бірінде намаз оқитын. Қалған алтыдан бір бөлігін ұйқымен өткізетін әрі күнара ораза ұстайтын», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 1131, Муслим: 2729, Ахмад: 6491).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Из всех молитв Аллах Всевышний особенно любит молитву пророка Дауда (мир ему), а из всех постов – пост пророка Дауда (мир ему). Пророк Дауд (мир ему) спал первую половину ночи, треть ночи проводил в молитве, а оставшуюся шестую часть спал. Кроме того, он постился через день» (Аль-Бухари: 1131; Муслим: 2729; Ахмад: 6491).

1179
Риядус-салихин, № 1179Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ فِى اللَّيْلِ لَسَاعَةً، لَا يُوَافِقُهَا رَجُلٌ مُسْلِمٌ يَسْألُ اللَّه تَعَالَى خَيْرًا مِنْ أمْرِ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، إِلَّا أعْطَاهُ إِيَّاهُ، وَذَلِكَ كُلَّ لَيْلَةٍ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Расында, түннің бір уағы бар, қайсыбір мұсылман сол уақытқа тура келіп Алладан дүниеге және ақыретке қатысты жақсылық сұраса, сұрағанын міндетті түрде береді. Бұл әр түнде де солай болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1770, Ахмад: 14355).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, ночью бывает такой час, что если мусульманин застанет его и попросит Аллаха о каком-либо благе этой или будущей жизни, Аллах непременно дарует ему просимое. И так бывает каждую ночь”» (Муслим: 1770; Ахмад: 14355).

1180
Риядус-салихин, № 1180Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا قَامَ أَحَدُكُمْ مِنَ اللَّيْلِ فَلْيَفْتَتِحِ الصَّلَاةَ بركْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбірің түнде тұрып намаз оқитын болса, онда түнгі намазын әуелі жеңіл-желпі екі бас намаз оқумен бастасын», – деп айтқан (Муслим: 1807, Ахмад: 7748).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-нибудь из вас встанет ночью для молитвы, пусть начнёт свою ночную молитву с двух коротких ракаатов» (Муслим: 1807; Ахмад: 7748).

1181
Риядус-салихин, № 1181Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَامَ مِنَ اللَّيْلِ افْتَتَحَ صَلَاتَهُ بِرَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ түнде намазға тұрғанда, намазын әуелі жеңіл-желпі екі бас намазбен бастайтын еді», – деген (Муслим: 1806, Ахмад: 7748).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда Посланник Аллаха ﷺ вставал ночью на молитву, он начинал её с двух коротких ракаатов» (Муслим: 1806; Ахмад: 7748).

1182
Риядус-салихин, № 1182Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا فَاتَتْهُ الصَّلَاةُ مِن اللَّيْلِ مِنْ وَجَعٍ أَوْ غَيْرِهِ، صَلَّى مِنَ النَّهَارِ ثِنْتَيْ عَشرَةَ ركْعَةً

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Егер Алла елшісі ﷺ қандай да бір ауру-сырқау немесе басқа да үзір себепті түнгі намазын оқи алмаса, күндіз он екі рәкағат (нәпіл) намаз оқитын еді», – деген (Муслим: 1743, Ахмад: 24236).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Если Посланник Аллаха ﷺ из-за болезни или по иной уважительной причине не мог совершить ночную молитву, то днём совершал двенадцать ракаатов (добровольной) молитвы» (Муслим: 1743; Ахмад: 24236).

1183
Риядус-салихин, № 1183Риуаят етуші: Омар

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ نَامَ عَنْ حِزْبِهِ، أَوْ عَنْ شَيْءٍ مِنْهُ، فَقَرَأَهُ فيما بَيْنَ صَلَاةِ الْفَجْرِ وصلاة الظُّهْرِ، كُتِبَ لَهُ كَأَنَّمَا قَرَأهُ مِنَ اللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім түнде оқуды әдетке айналдырған нәпіл намазды, Құранды немесе қандай да бір құлшылық түрін ұйықтап қалғандықтан жіберіп алып, кейін соны таң намазы мен бесін намазының аралығындағы бір уақытта оқыса, түнде оқығандай сауап алады», – деп айтты», – деген (Муслим: 1745, Ахмад: 220).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто проспит и из-за этого пропустит добровольную молитву, чтение Корана или какой-либо иной вид поклонения, который привык совершать ночью, а затем восполнит пропущенное в любое время между утренней и полуденной молитвами, тот получит такую же награду, как если бы совершил это ночью» (Муслим: 1745; Ахмад: 220).

1184
Риядус-салихин, № 1184Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَحِمَ اللَّهُ رَجُلًا قَامَ مِنَ اللَّيْلِ، فَصَلَّى وَأيْقَظَ امْرَأَتَهُ، فَإِنْ أبَتْ نَضَحَ فِى وَجْهِهَا الْمَاءَ، رَحِمَ اللَّهُ امْرَأَةً قَامَتْ مِنَ اللَّيْلِ، فَصَلَّتْ وَأيْقَظَتْ زَوْجَهَا، فَإِن أبَى نَضَحَتْ فِى وَجْهِهِ الْمَاءَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Түн жарымда намазға тұрып, әйелін де намазға оятқан, оянбаған жағдайда бетіне су бүркіп тұрғызған ер адамды Алла Тағала мейіріміне бөлесін! Сондай-ақ, түнде намазға тұрып, күйеуін де намазға оятқан, оянбаған жағдайда бетіне су бүркіп тұрғызған әйелді де Алла Тағала мейіріміне бөлесін!» – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1308, Ахмад: 7410).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Да помилует Аллах Всевышний мужчину, который встаёт среди ночи на молитву, будит на молитву свою жену, а если она не хочет вставать, брызгает ей в лицо водой! Да помилует Аллах Всевышний и женщину, которая встаёт ночью на молитву, будит на молитву своего мужа, а если он не хочет вставать, брызгает ему в лицо водой!”» (Абу Дауд: 1308; Ахмад: 7410).

1185
Риядус-салихин, № 1185Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ وَعَنْ أَبِى سَعِيدٍ، قالا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَيْقَظَ الرَّجُلُ أَهْلَهُ مِنَ اللَّيْلِ فَصَلَّيَا – أَوْ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ جَمِيعًا، كُتِبَا فِى الذَّاكِرِينَ وَالذَّاكِرَاتِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) және Әбу Сағид Әл-Худри (р.а.) былай деген: Алла елшісі ﷺ: «Егер қайсыбір ер адам түнде әйелін оятып, екеуі бірге екі бас намаз оқитын болса, ол екеуі Алланы үнемі еске алушы ерлер мен әйелдер қатарына жазылады», – деп айтты (Әбу Дәуіт: 1309).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра и Абу Саид аль-Худри (да будет доволен ими Аллах) передали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если мужчина разбудит ночью свою жену и они вместе совершат молитву в два ракаата, то оба будут записаны в числе мужчин и женщин, постоянно поминающих Аллаха» (Абу Дауд: 1309).

1186
Риядус-салихин, № 1186Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا نَعَسَ أَحَدُكُمْ فِى الصَّلَاةِ، فَلْيَرْقُدْ حَتَّى يَذْهَبَ عَنْهُ النَّوْمُ، فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا صَلَّى وَهُوَ نَاعِسٌ، لَعَلَّهُ يَذْهَبُ يَسْتَغْفِرُ فَيَسُبَّ نَفْسَهُ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбіріңді намаз оқып тұрғанда ұйқы қысса, ұйқысы қанғанша жатып ұйықтап алсын, өйткені ұйқылы-ояу күйде намаз оқығанда Алладан кешірім тілеймін деп тұрып, шатасып өз-өзіне қарғыс айтып қоюы мүмкін», – деп айтты», – деген (Бұхари: 212, Муслим: 1835, Ахмад: 24287).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кого-либо из вас во время молитвы начнёт одолевать сон, пусть он ляжет и поспит, пока сонливость не пройдёт. Ведь, совершая молитву в полусонном состоянии, он может запутаться и, желая попросить у Аллаха прощения, вместо этого проклясть самого себя» (Аль-Бухари: 212; Муслим: 1835; Ахмад: 24287).

1187
Риядус-салихин, № 1187Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَامَ أَحَدُكُمْ مِنَ اللَّيْلِ، فَاسْتَعْجَمَ الْقُرْآنَ عَلَى لِسَانِهِ، فَلَمْ يَدْرِ مَا يَقُولُ، فَلْيَضْطَجِع»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің түнде тұрып намаз оқығанда, Құранда шатасып, не оқығанын білмейтіндей жағдайда болса, жатып демалсын», – деп айтты, – деген (Муслим: 1835, Ахмад: 24287).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас встанет ночью на молитву и начнёт путаться в чтении Корана настолько, что перестанет понимать, что читает, пусть ляжет и отдохнёт» (Муслим: 1835; Ахмад: 24287).