Хадис

Риядус-салихин, № 1045

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
187. Намаздың артықшылығы
Нөмірі
№ 1045 (қазақша басылым реті)
1045
Риядус-салихин, № 1045Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ رَجُلًا أَصَابَ مِن امْرَأَةٍ قُبْلَةً، فَأتَى النَّبِيَّ ﷺ فَأخْبَرَهُ فَأنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: «أَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ، إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ» [هود: 114] فَقَالَ الرَّجُلُ أَلِيَ هَذَا؟ قَالَ: «لِجَمِيعِ أُمَّتِى كُلِّهِمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: Бір кісі бір әйелді сүйіп қояды да, артынша Пайғамбарымызға ﷺ келіп, болған жағдайды айтады. Сонда Алла Тағала: «Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды»1 деген аятты түсірді. Сол кезде әлгі кісі: «Бұл тек маған қатысты ма?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Үмбетімнің барлығына қатысты», – деп айтты. (Бұхари: 2526, Муслим: 4588, Ахмад: 4049).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), что однажды один мужчина поцеловал женщину, а затем пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему о случившемся. Тогда Аллах Всевышний ниспослал аят: «Совершай молитвы в два дневных времени (полуденную и послеполуденную), а также в часы ночи, близкие ко дню (предрассветную, закатную и ночную). Воистину, благие дела стирают дурные поступки (то есть малые грехи)»1. Тогда тот человек спросил: «Это относится только ко мне?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Это относится ко всей моей общине» (Аль-Бухари: 2526; Муслим: 4588; Ахмад: 4049).

  1. 1Һуд сүресі, 114-аят
  1. 1Сура «Худ», аят 114.