Хадис

Намаздың артықшылығы

О достоинстве молитвы

Риядус-салихин, 187-тақырып · 5 хадис · № 1043–1047

Хадистер

«إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ» «Шынында, намаз – адамды арсыздықтан һәм жамандық атаулыдан тыяды» («Анкәбут» сүресі, 45-аят).

«Ибо намаз удерживает человека от бесстыдства и порицаемых поступков» (сура «Анкабут», 29:45).

1043
Риядус-салихин, № 1043Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة -رضي اللَّه عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّه ﷺ يَقُولُ: «أَرَأَيْتُمْ لَوْ أنَّ نَهْرًَا بِبَابِ أَحَدِكُمْ يَغْتَسِلُ مِنْهُ كُلَّ يَوْمٍ خَمْسَ مَرَّاتٍ، هَلْ يَبْقَى مِنْ دَرنهِ شَيْءٌ؟» قَالُوا: لَا يَبْقَى مِنْ دَرنهِ شَيْءٌ، قَالَ: «فَذَلِكَ مَثَلُ الصَّلَوَاتِ الْخَمْسِ يَمْحُو اللَّهُ بِهِنَّ الْخَطَايَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Қайсыбірің күніне бес рет есігінің алдында сарқырап ағып жатқан өзенге жуынатын болса, оның денесінде кір қала ма?» – деп сұрады. Сахабалары: «Жоқ, ондай адамның денесінде кір қалмайды», – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Бес уақыт намаз да сол (өзен) тәрізді. Алла Тағала бес уақыт намаз арқылы күнәларды жуып-шаяды», – деп айтқан еді», – деген (Бұхари: 528, Муслим: 1522, Ахмад: 8924).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: “Если бы кто-нибудь из вас пять раз в день купался в бурно текущей реке прямо перед своей дверью, осталась бы на его теле грязь?” Сподвижники ответили: “Нет, на теле такого человека не осталось бы никакой грязи”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пять ежедневных молитв подобны этой (реке). Посредством пяти ежедневных молитв Аллах Всевышний смывает грехи”» (Аль-Бухари: 528; Муслим: 1522; Ахмад: 8924).

1044
Риядус-салихин, № 1044Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جابرٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلُ الصَّلَواتِ الْخَمْسِ كَمَثَلِ نَهْرٍ جَارٍ غَمْرٍ عَلَى بَابِ أَحَدِكُمْ يَغْتَسِلُ مِنْهُ كُلَّ يَوْمٍ خَمْسَ مَرَّاتٍ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Бес уақыт намаз бейне бір әрбіріңнің есігінің алдында ағып жатқан күніне бес рет түсіп шомылатын суы мол өзен сияқты», – деп айтты», – деген (Муслим, Ахмад: 9505).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пять ежедневных молитв подобны полноводной реке, текущей у дверей каждого из вас, в которой он купается пять раз в день”» (Муслим; Ахмад: 9505).

1045
Риядус-салихин, № 1045Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ رَجُلًا أَصَابَ مِن امْرَأَةٍ قُبْلَةً، فَأتَى النَّبِيَّ ﷺ فَأخْبَرَهُ فَأنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: «أَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ، إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ» [هود: 114] فَقَالَ الرَّجُلُ أَلِيَ هَذَا؟ قَالَ: «لِجَمِيعِ أُمَّتِى كُلِّهِمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: Бір кісі бір әйелді сүйіп қояды да, артынша Пайғамбарымызға ﷺ келіп, болған жағдайды айтады. Сонда Алла Тағала: «Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды»1 деген аятты түсірді. Сол кезде әлгі кісі: «Бұл тек маған қатысты ма?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Үмбетімнің барлығына қатысты», – деп айтты. (Бұхари: 2526, Муслим: 4588, Ахмад: 4049).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), что однажды один мужчина поцеловал женщину, а затем пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему о случившемся. Тогда Аллах Всевышний ниспослал аят: «Совершай молитвы в два дневных времени (полуденную и послеполуденную), а также в часы ночи, близкие ко дню (предрассветную, закатную и ночную). Воистину, благие дела стирают дурные поступки (то есть малые грехи)»1. Тогда тот человек спросил: «Это относится только ко мне?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Это относится ко всей моей общине» (Аль-Бухари: 2526; Муслим: 4588; Ахмад: 4049).

  1. 1Һуд сүресі, 114-аят
  1. 1Сура «Худ», аят 114.
1046
Риядус-салихин, № 1046Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الصَّلَوَاتُ الْخَمْسُ، وَالجُمُعَةُ إِلَى الْجُمُعَةِ، كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُنَّ، مَا لَمْ تُغشَ الْكَبَائِرُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Бес уақыт намаз және екі жұма намазының арасында үлкен күнәлар жасалмаса, (сол намаздар) кішігірім күнәлардың кешірілуіне себеп болады», – деген (Муслим: 550, Ахмад: 10285).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если в промежутках между пятью ежедневными молитвами, а также между двумя пятничными молитвами не совершаются тяжкие грехи, то они (эти молитвы) становятся причиной прощения малых грехов» (Муслим: 550; Ахмад: 10285).

1047
Риядус-салихин, № 1047Риуаят етуші: Осман

عَنْ عثمان بْنِ عفان قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَا مِنْ امْرِئٍ مُسْلِمٍ تَحْضُرُهُ صَلَاةٌ مَكْتُوبَةٌ فَيُحْسِنُ وُضُوءها؛ وَخُشُوعَهَا، وَرُكُوعَهَا، إِلَّا كَانَتْ كَفَّارَةً لِمَا قَبْلَهَا مِنَ الذُّنُوب مَا لَمْ تُؤتَ كَبِيرةٌ، وَذَلِكَ الدَّهْرَ كُلَّهُ»

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Қайсыбір мұсылман парыз намазының уақыты кіргенде, жақсылап дәрет алып, жан-тәнімен Аллаға бойсұнып, намаздың рүкуғы мен сәжделерін толық орындаса, оқыған намазы ауыр күнә жасамаған жағдайда, өткен-кеткен барлық күнәларының өтемі болады. Әрдайым да солай болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 543).

Орысша аудармасы

Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если с наступлением времени обязательной молитвы какой-либо мусульманин должным образом совершит омовение, всем сердцем и всем своим существом покорится Аллаху и полноценно совершит поясные и земные поклоны, то совершённая им молитва искупит все его прежние грехи при условии, что он не совершал тяжких грехов. И так будет всегда”» (Муслим: 543).