Хадис

Таң намазы мен екінті намазының артықшылығы

О достоинстве утренней и послеполуденной молитв

Риядус-салихин, 188-тақырып · 6 хадис · № 1048–1053

Хадистер

1048
Риядус-салихин, № 1048Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ صَلَّى الْبَرْدَيْنِ دَخَلَ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім қос салқын намазды1 (үзбей) оқыса, жаннатқа кіреді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 574, Муслим: 1438, Ахмад: 16730).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Мусы (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто совершает обе молитвы в прохладное время1 (не пропуская их), тот войдёт в рай» (Аль-Бухари: 574; Муслим: 1438; Ахмад: 16730).

  1. 1Салқын намаз дегенде, таңсәрідегі және екінті уақытындағы намаз, яғни таң намазы мен екінті намазы меңзелуде.
  1. 1Имеются в виду молитвы, совершаемые на рассвете и в послеполуденное время, то есть утренняя и послеполуденная молитвы.
1049
Риядус-салихин, № 1049

عَنْ أَبِى زهير عُمارة بْنِ رُؤَيْبَةَ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «لَنْ يَلِجَ النَّارَ أَحَدٌ صَلَّى قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَا» يعني: الْفَجْرَ والعَصْرَ

Қазақша аудармасы

Зуһәйр ибн Умарата ибн Руәйба (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Күн шықпай және батпай тұрып үзбей намаз оқыған адам тозаққа кірмейді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1436, Ахмад: 17220).

Орысша аудармасы

Абу Зухайр Умара ибн Рувайба (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тот, кто неизменно совершает молитвы до восхода и до захода солнца, не войдёт в ад”» (Муслим: 1436; Ахмад: 17220).

1050
Риядус-салихин, № 1050Риуаят етуші: Жундуб ибн Суфиян

عَنْ جُنْدُبِ بْنِ سفيان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَلَّى الصُّبْحَ فَهُوَ فِى ذِمَّةِ اللَّهِ، فَانْظُرْ يَا ابْنَ آدَمَ، لَا يَطْلُبَنَّكَ اللَّهُ مِنْ ذِمَّتِهِ بِشَيْءٍ»

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Суфиян (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім таң намазын оқыса, міне, сол (күні бойы) Алланың панасында болады. Уа, Адамның баласы! Байқа, Алла сені Өз панасындағы жандарға қатысты жауапқа тартпасын!» – деп айтты, – деген (Муслим: 1493, Ахмад: 18803).

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Суфьян (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто совершит утреннюю молитву, тот (в течение всего дня) будет находиться под защитой Аллаха. О сын Адама! Остерегайся, чтобы Аллах не призвал тебя к ответу за твои поступки по отношению к тем, кто находится под Его защитой!» (Муслим: 1493; Ахмад: 18803).

1051
Риядус-салихин, № 1051Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَتَعَاقَبُونَ فِيكُمْ مَلَائِكَةٌ بِاللَّيْلِ، وَمَلَائِكَةٌ بِالنَّهَارِ، وَيجْتَمِعُونَ فِى صَلَاةِ الصُّبْحِ وَصَلَاةِ الْعَصْرِ، ثُمَّ يَعْرُجُ الَّذِينَ بَاتُوا فِيكُمْ، فَيَسْأَلُهُمُ اللَّهُ – وَهُوَ أَعْلَمُ بِهِمْ – كَيْفَ تَرَكْتُمْ عِبَادي؟ فَيقُولُونَ: تَرَكْنَاهُمْ وَهُمْ يُصَلُّونَ، وَأَتَيْنَاهُمْ وَهُمْ يُصَلُّونَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жандарыңда күндіз-түні алма-кезек ауысып отыратын періштелер бар. Олар таң және екінті намазының уақытында кезек алмастыру үшін жиналады. Содан кейін түнімен сендермен бірге болған періштелер Алланың құзырына көтеріледі. Алла Тағала бәрін біліп тұрса да, олардан: «Сендер кетерде, құлдарым не істеп жатыр еді?» – деп сұрайды. Періштелер: «Біз кетерде, олар намаз оқып жатқан еді. Қайтып барғанымызда да намаз оқып жатыр екен», – деп жауап береді», – деген (Бұхари: 555, Муслим: 1432, Ахмад: 7491).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди вас находятся ангелы, сменяющие друг друга днём и ночью. Они собираются во время утренней и послеполуденной молитв, чтобы сменить друг друга. Затем ангелы, которые провели с вами ночь, возносятся к Аллаху. И хотя Аллах Всевышний знает обо всём, Он спрашивает их: “Что делали Мои рабы, когда вы уходили?” Ангелы отвечают: “Когда мы уходили, они совершали молитву. И когда мы пришли к ним, они тоже совершали молитву”» (Аль-Бухари: 555; Муслим: 1432; Ахмад: 7491).

1052
Риядус-салихин, № 1052Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла әл-Бәжәли

عَنْ جرِير بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْبَجَليِّ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ فَنَظَرَ إِلَى الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، فَقَالَ: «إِنَّكُمْ سَتَرَونَ رَبَّكُمْ كَمَا تَرَوْنَ هَذَا الْقَمَرَ، لَا تُضَامُونَ فِى رُؤْيَتهِ، فَإِنِ اسْتَطَعْتُمْ أَنْ لَا تُغْلَبُوا عَلَى صَلَاةٍ قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَا، فَافْعَلُوا»

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдуллаһ әл-Бәжәли (р.а.): «Ай толған түні Пайғамбарымызбен ﷺ бірге болған едік. Сонда ол толған айға қарап тұрып: «Жұмаққа кіргенде, мына айды қазір қалай көріп тұрсаңдар, Раббыларыңды да дәл солай сығылысып бір-біріңе кедергі жасамастан анық көретін боласыңдар, сондықтан күн шықпай тұрып және батпай тұрып үзбей намаз оқуға шамаларың келсе, міндетті түрде оқыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 573, Муслим: 1434, Ахмад: 19205).

Орысша аудармасы

Джарир ибн Абдуллах аль-Баджали (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды в ночь полнолуния мы находились вместе с Пророком ﷺ. Посмотрев на полную луну, он сказал: “Когда вы войдёте в рай, то увидите своего Господа так же ясно, как сейчас видите эту луну, не теснясь и не мешая друг другу. Поэтому, если сможете не пропускать молитвы, совершаемые до восхода и до заката солнца, непременно совершайте их”» (Аль-Бухари: 573; Муслим: 1434; Ахмад: 19205).

1053
Риядус-салихин, № 1053Риуаят етуші: Бурайда

عَنْ بُرَيْدَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَرَكَ صَلَاةَ الْعَصْرِ فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُ»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім екінті намазын әдейі тәрк етсе, амалы зая кетеді!» – деп айтты, – деген (Бұхари: 553, Ахмад: 2957).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Деяния того, кто намеренно оставит послеполуденную молитву, станут тщетными!» (Аль-Бухари: 553; Ахмад: 2957).