عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعبٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا الْمُنْذِرِ، أَتَدْرِى أَيُّ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّه مَعَكَ أَعْظَمُ؟» قُلْتُ: «اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ» فَضَرَبَ فِى صَدْرِى، وَقَالَ: «لِيَهْنِكَ الْعِلْمُ أَبَا الْمُنْذِرِ»
Убәй ибн Кағб (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ менен: «Уа, Әбу Мунзир! Алланың кітабынан жаттаған аяттарыңның ішіндегі ең ұлығын білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Алла – Одан басқа тәңір жоқ, мәңгі Тірі әрі бүкіл жаратылысты толық игеріп, оларды Сақтаушы....» деп басталатын «Аятул-Курси», – деп жауап бердім. Сонда ол көкірегімнен ақырын қағып: «Уа, Әбу Мунзир! Ілім сені игілікке жеткізсін», – деп айтты», – деген (Муслим: 1885).
Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “О Абу Мунзир! Знаешь ли ты, какой из аятов Книги Аллаха, выученных тобой наизусть, является величайшим?” Я ответил: “Это ‘Аятуль-Курси’, начинающийся словами: ‘Аллах – нет божества, кроме Него, Вечно Живого, полностью управляющего всеми творениями и хранящего их…’ (Коран, 2:255)”. Тогда он легонько ударил меня по груди и сказал: “О Абу Мунзир! Пусть знание приведёт тебя к благу!”» (Муслим: 1885).