Хадис

Белгілі сүрелер мен аяттарды оқуға құлшындыру жайлы

О побуждении к чтению некоторых сур и аятов

Риядус-салихин, 183-тақырып · 14 хадис · № 1010–1023

Хадистер

1010
Риядус-салихин, № 1010

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ رَافِعِ بْنِ الْمُعَلَّى قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا أُعَلِّمُكَ أَعْظَمَ سُورَةٍ فِى الْقُرْآن قَبْلَ أَنْ تَخْرُجَ مِنَ الْمَسْجِدِ؟» فَأَخَذَ بِيَدِى، فَلَمَّا أرَدْنَا أَنْ نَخْرُجَ، قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ قُلْتَ: لأُعَلِّمَنَّكَ أعْظَمَ سُورَةٍ فِى الْقُرْآنِ؟ قَالَ: «الحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، هِيَ السَّبْعُ الْمَثَانِى وَالقُرْآنُ الْعَظِيمُ الَّذِى أُوتِيتُهُ»

Қазақша аудармасы

Рафиғ ибн әл-Муғалла (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған: «Мешіттен шыққанға дейін саған Құрандағы ең зор сүрені үйретейін бе?» – деп қолымнан ұстады. Мешіттен шыға бергенімізде: «Уа, Расулалла! Сіз маған Құрандағы ең зор сүрені үйретемін деп едіңіз ғой», – дедім. Сонда ол: «Әлхамду лилләһи раббил аләмин» (яғни, «Фатиха») сүресі. Бұл – әс-Сәбғу әл-Мәсәни, әрі әл-Құран әл-Азим деп те аталатын маған түсірілген ерекше сүре», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5006, Ахмад: 15730).

Орысша аудармасы

Рафи ибн аль-Муалля (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “Не научить ли тебя величайшей суре Корана, прежде чем ты выйдешь из мечети?” – и взял меня за руку. Когда мы уже собирались выйти из мечети, я сказал: “О Посланник Аллаха! Ты ведь сказал, что научишь меня величайшей суре Корана”. Тогда он сказал: “Это сура ‘Альхамдулилляхи рабби-ль-‘алямин’ (то есть сура ‘Аль-Фатиха’). Это – особая ниспосланная мне сура, именуемая ас-Саб‘у аль-Масани, а также аль-Куран аль-Азим”» (Аль-Бухари: 5006; Ахмад: 15730).

1011
Риядус-салихин, № 1011Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ في: «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ»: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ إِنَّهَا لَتَعْدِلُ ثُلُثَ الْقُرْآنِ».

وَفِى رِوَايَةٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لأَصْحَابِهِ: «أَيَعْجِزُ أَحَدُكُمْ أَنْ يَقْرَأَ بِثُلُثِ الْقُرْآنِ فِى لَيْلَةٍ» فَشَقَّ ذَلِكَ عَلَيْهِمْ، وَقَالُوا: أيُّنَا يُطِيقُ ذَلِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ: «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ اللَّهُ الصَّمَدُ: ثُلُثُ الْقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ «Қул һуаллаһу ахад» («Ол Алла жалғыз» деп басталатын «Ықылас» сүресі) жайлы: «Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Расында, бұл сүре Құранның үштен біріне тең», – деп айтқанын жеткізген (Бұхари: 5015, Ахмад: 11053).

Басқа бір риуаятта: «Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Іштеріңнен бір түнде Құранның үштен бір бөлігін оқи алатын адам шыға ма?» – деді. Сонда бұл оларға орындалуы екіталай іс болып көрінді де, олар: «Уа, Расулалла! Оған қайсыбіріміздің шамасы жетеді дейсіз?» – деді. Сол кезде Алла елшісі оларға: «Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-Самәд» («Ол – Алла жалғыз. Алла – Самад» деп айт», – деп басталатын «Ықылас» сүресі) – Құранның үштен бірі», – деп айтты», – делінген.

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал о словах «Куль хуваллаху ахад» (сура «Аль-Ихляс», 112:1, начинающаяся словами «Он – Аллах Единый»): «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Поистине, эта сура равна трети Корана» (Аль-Бухари: 5015; Ахмад: 11053).

В другой версии этого хадиса сообщается: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: “Найдётся ли среди вас тот, кто сможет прочесть треть Корана за одну ночь?” Это показалось им трудноисполнимым, и они сказали: “О Посланник Аллаха! Кто же из нас способен на такое?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “‘Куль хуваллаху ахад, Аллахус Самад’ (сура ‘Аль-Ихляс’, 112:1⁠–⁠2, начинающаяся словами ‘Он – Аллах Единый. Аллах – Самад’) – это треть Корана”».

1012
Риядус-салихин, № 1012Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْهُ: أَنَّ رَجُلًا سَمِعَ رَجُلًا يَقْرَأُ: «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ» يُرَدِّدُهَا فَلَمَّا أَصْبَحَ جَاءَ إِلَى رَسُولِ اللَّه ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ وَكَانَ الرَّجُلُ يَتَقَالُّهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، إِنَّهَا لَتَعْدِلُ ثُلُثَ الْقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Бір кісі басқа бір кісінің (намазда) «Қул һуаллаһу ахад» сүресін қайта-қайта оқығанын естиді. Сөйтіп таң атқанда Алла елшісіне ﷺ барып, оған әлгі кісі жайлы айтып, оның сол ісінің сауабы аз, болмашы амал екенін меңзейді. Сонда Алла елшісі: «Жаным бір Өзінің қолында болған Аллаға серт! Шынында ол (сауап тұрғысынан) Құранның үштен біріне тең келеді!» – дейді», – делінген (Бұхари: 5013, Ахмад: 9535).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Один человек услышал, как другой (во время молитвы) снова и снова читал суру “Куль хуваллаху ахад”. Наутро он пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему об этом человеке, давая понять, что считает награду за этот поступок малой, а само деяние – незначительным. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Аллахом, в Чьей руке моя душа! Поистине, эта сура (по вознаграждению) равна трети Корана!”» (Аль-Бухари: 5013; Ахмад: 9535).

1013
Риядус-салихин, № 1013Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ فِى «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ»: «إِنَّهَا تَعْدِلُ ثُلُثَ الْقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ «Қул һуаллаһу ахад» жайлы: «Ол Құранның үштен біріне тең келеді», – деп айтты», – делінген (Муслим: 1888, Ахмад: 9535).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал о суре «Куль хуваллаху ахад»: «Она равна трети Корана» (Муслим: 1888; Ахмад: 9535).

1014
Риядус-салихин, № 1014Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِى أُحِبُّ هَذِهِ السُّورَةَ: «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ» قَالَ: «إِنَّ حُبَّهَا أدْخَلَكَ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте бір кісі: «Уа, Расулалла ﷺ мен мына «Қул һуаллаһу ахад» сүресін жақсы көремін», – дегенде, Алла елшісі оған: «Оны жақсы көруің сені жаннатқа кіргізеді», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 2901).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды один человек сказал: «О Посланник Аллаха ﷺ! Я люблю суру “Куль хуваллаху ахад”». Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: «Любовь к ней введёт тебя в рай» (Ат-Тирмизи: 2901).

1015
Риядус-салихин, № 1015Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عقبة بْنِ عامِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «ألَمْ تَرَ آيَاتٍ أُنْزِلَتْ هَذِهِ اللَّيْلَةَ لَمْ يُرَ مِثْلُهُنَّ قَطُّ؟ «قُلْ أَعْوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ» وَ «قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ»»

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Осы түнде түсірілген аяттарды көрдің бе? Бұрын-соңды (жындар мен адамдарға ықпалы тұрғысынан алғанда) бұл аяттардың ұқсасы болмаған. Олар: «Қул ағузу бираббил-фәләқ және Қул ағузу бираббин-нас» сүрелері», – деп айтты», – деген (Муслим: 1891, Ахмад: 17370).

Орысша аудармасы

Укба ибн Амир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Видел ли ты аяты, ниспосланные этой ночью? Никогда прежде не было аятов, подобных им (по силе их воздействия на джиннов и людей). Это суры “Куль аузу би Раббиль фаляк” и “Куль аузу би Раббин нас”» (Муслим: 1891; Ахмад: 17370).

1016
Риядус-салихин, № 1016Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدرِيِّ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَعَوَّذُ مِنَ الْجَانِّ، وَعَيْنِ الْإِنْسَانِ، حَتَّى نَزَلَتْ الْمُعَوِّذَتَانِ، فَلَمَّا نَزَلَتَا، أَخَذَ بِهِمَا وَتَرَكَ مَا سِوَاهُمَا

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Муаууизәтәни деп аталатын Құранның ақырғы екі сүресі түскенше жындардың кесірі мен адам көзінің тиюінен әрдайым дұға оқып, Алладан пана тілеп жүретін еді. Аталмыш екі сүре түскеннен кейін басқа дұғаларды қойып, тек сол екеуін оқу арқылы ғана Алладан пана тілейтін болды», – деген (Тирмизи: 2058, Ахмад: 7975).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) сказал: «До ниспослания двух последних сур Корана, называемых “Муаввизатани”, Посланник Аллаха ﷺ постоянно обращался к Аллаху с мольбами о защите от зла джиннов и людского сглаза. Когда же эти две суры были ниспосланы, он оставил другие мольбы и стал просить у Аллаха защиты, читая только их» (Ат-Тирмизи: 2058; Ахмад: 7975).

1017
Риядус-салихин, № 1017Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مِنَ الْقُرْآنِ سُورَةٌ ثَلَاثُونَ آيَةً شَفَعَتْ لِرَجُلٍ حَتَّى غُفِرَ لَهُ، وَهِيَ: «تَبَارَكَ الَّذِى بِيَدِهِ الْمُلْكُ»»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Құранның отыз аяттан тұратын сүресі бір кісіге шапағат етті, нәтижесінде әлгі адамның күнәлары кешірілді. Ол – «тәбәракәл-ләзи бийәдиһил-мулк» деп басталатын сүре», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуід: 1400, Тирмизи: 2891).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Сура Корана, состоящая из тридцати аятов, заступилась за одного человека, и в результате его грехи были прощены. Это сура, начинающаяся словами: ‘Табаракаллязи би йадихиль мульк’”» (Абу Дауд: 1400; Ат-Тирмизи: 2891).

1018
Риядус-салихин, № 1018Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри

عَنْ أَبِى مَسْعُودٍ الْبَدْرِيِّ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَرَأَ بِالآيَتَيْنِ مِنْ آخر سُورَةِ الْبَقَرَةِ فِى لَيْلَةٍ كَفَتَاهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдриден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқыса, осы екі аят ол үшін жетіп асады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 5009, Муслим: 1880, Ахмад: 17091).

Орысша аудармасы

Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тому, кто прочтёт ночью два последних аята суры “Аль-Бакара”, этих двух аятов будет вполне достаточно» (Аль-Бухари: 5009; Муслим: 1880; Ахмад: 17091).

1019
Риядус-салихин, № 1019Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَجْعَلُوا بُيُوتَكُمْ مَقَابِرَ، إِنَّ الشَّيْطَانَ يَنْفِرُ مِنَ الْبَيْتِ الَّذِى تُقْرَأُ فِيهِ سُورَةُ الْبَقرَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Расында, шайтан ішінде әрдайым «Бақара» сүресі оқылатын үйден қашады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 2010, Ахмад: 7821).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не превращайте свои дома в могилы. Поистине, шайтан бежит из дома, в котором регулярно читают суру “Аль-Бакара”» (Муслим: 2010; Ахмад: 7821).

1020
Риядус-салихин, № 1020Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعبٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا الْمُنْذِرِ، أَتَدْرِى أَيُّ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّه مَعَكَ أَعْظَمُ؟» قُلْتُ: «اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ» فَضَرَبَ فِى صَدْرِى، وَقَالَ: «لِيَهْنِكَ الْعِلْمُ أَبَا الْمُنْذِرِ»

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кағб (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ менен: «Уа, Әбу Мунзир! Алланың кітабынан жаттаған аяттарыңның ішіндегі ең ұлығын білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Алла – Одан басқа тәңір жоқ, мәңгі Тірі әрі бүкіл жаратылысты толық игеріп, оларды Сақтаушы....» деп басталатын «Аятул-Курси», – деп жауап бердім. Сонда ол көкірегімнен ақырын қағып: «Уа, Әбу Мунзир! Ілім сені игілікке жеткізсін», – деп айтты», – деген (Муслим: 1885).

Орысша аудармасы

Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “О Абу Мунзир! Знаешь ли ты, какой из аятов Книги Аллаха, выученных тобой наизусть, является величайшим?” Я ответил: “Это ‘Аятуль-Курси’, начинающийся словами: ‘Аллах – нет божества, кроме Него, Вечно Живого, полностью управляющего всеми творениями и хранящего их…’ (Коран, 2:255)”. Тогда он легонько ударил меня по груди и сказал: “О Абу Мунзир! Пусть знание приведёт тебя к благу!”» (Муслим: 1885).

1021
Риядус-салихин, № 1021Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: وَكَّلَنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِحِفْظِ زَكَاةِ رَمَضَانَ، فَأتَانِى آتٍ فَجَعَلَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَام، فَأَخَذْتُهُ فقُلتُ: لأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِنِّى مُحْتَاجٌ، وَعَليَّ عِيَالٌ، وَبِى حَاجَةٌ شَدِيدَةٌ، فَخَلَّيْتُ عَنْهُ، فَأَصْبَحْتُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا هُرِيرة، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً وَعِيَالًا، فَرحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ. فَقَالَ: «أمَا إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ» فَعَرَفْتُ أَنَّهُ سَيَعُودُ، لقولِ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَرَصَدْتُهُ، فَجاء يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَقُلتُ: لأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: دَعْنِى فَإِنِّى مُحْتَاجٌ، وَعَلَيَّ عِيَالٌ لَا أعُودُ، فَرحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، فَأَصْبَحْتُ فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا هُرِيرة، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً وَعِيَالًا، فَرحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ. فَقَالَ: «إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ» فَرَصَدْتُهُ الثَّالثَة، فَجاء يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ فَأَخَذْتُهُ، فَقُلتُ: لأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وهذا آخِرُ ثَلَاثِ مَرَّاتٍ أَنَّكَ تَزْعُمُ أَنَّكَ لَا تَعُودُ! فَقَالَ: دَعْنِى فَإِنِّى أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ يَنْفَعُكَ اللَّهُ بِهَا، قُلْتُ: مَا هُنَّ؟ قَالَ: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَةَ الْكُرْسِيِّ، فَإِنَّهُ لَنْ يَزَالَ عَلَيْكَ مِنَ اللَّه حَافِظٌ، وَلَا يَقْرَبُكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، فَأَصْبَحْتُ، فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا فَعَلَ أسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، زَعَمَ أَنَّهُ يُعَلِّمُنِى كَلِمَاتٍ يَنْفَعُنِى اللَّهُ بِهَا، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، قَالَ: «مَا هِيَ؟» قُلْتُ: قَالَ لي: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَة الْكُرْسِيِّ مِنْ أَوَّلِهَا حَتَّى تَخْتِمَ الآية: «اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ» وَقَالَ لِى: لَا يَزَالُ عَلَيْكَ مِنَ اللَّهِ حَافِظٌ، وَلَنْ يَقْرَبَكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أمَا إِنَّهُ قَدْ صَدَقَكَ وَهُوَ كَذُوبٌ، تَعْلَمُ مَنْ تُخَاطِبُ مُنْذُ ثَلَاثٍ يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟» قُلْتُ: لَا. قَالَ: «ذَاكَ شَيْطَانٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған рамазан айында берілетін пітір-садақадан түскен дүниені сұғанақ қолдан қорғауды тапсырған еді. Бір күні әлдебіреу келіп алып, азыққа қолды молынан сала бастады. Мен оны тырп еткізбей ұстап алдым да: «Сені Алла елшісінің алдына алып барамын», – дедім. Сонда ол маған: «Мен мұқтаж жанмын. Менің бала-шағам бар, жағдайым өте нашар», – деп жалынған соң, қоя бердім. Таңертең Алла елшісі менен: «Уа, Әбу Һурайра! Кешегі тұтқының қайтті?» – деп сұрады. Мен: «Уа, Расулалла! Мұқтаждығын, көп балалы екенін айтып мұңын шаққан соң, жаным ашып жібере салдым», – деп жауап бердім. Сонда Алла елшісі: «Саған ол өтірік айтты, әрі тағы да келеді», – деді. Алла елшісінің айтқаны айнымай келетініне сенімім кәміл болғандықтан, оның жолын тосып, аңдумен болдым. Күткенімдей-ақ, әлгі ұрының да төбесі көрінді. Келіп алып, тағы да азыққа сұғанақ қолын сала бастады. Мен оны бұл жолы да ұстап алып: «Сені Алла елшісінің алдына алып барамын», – дедім. Ол маған: «Өтінем, мені қоя бер. Мен шынымен де өте мұқтажбын. Қолыма қарап отырған бала-шағам бар, ендігәрі мұнда аттап аяқ баспаймын», – деп, өлердегі сөзін айтып жалынған соң, жаным ашып кетті де, тағы қоя бердім. Таңертең Алла елшісі менен: «Уа, Әбу Һурайра! Кешегі тұтқының қайтті?» – деп тағы да сұрады. Мен: «Уа, Расулалла! Өте мұқтаж әрі бала-шағасы көп екенін айтып, мұңын шаққан соң, тағы да жаным ашып жібере салдым», – деп жауап бердім. Сонда ол: «Саған ол бұл жолы да өтірік айтты, осыдан қарап тұр, ол тағы да келеді», – деді. Сөйтіп, оның үшінші келісін аңдыдым. Көп ұзамай қарасы шалынды. Келген бетте әдеті бойынша азықтан молынан қарпып ала бастады. Мен оны шап беріп ұстап алдым да: «Бұл жолы сені міндетті түрде Алла елшісінің алдына алып барамын. Ендігәрі келмеймін дейсің де, айналып кеп қайта соғасың. Айтқаным айтқан, бұл үшінші һәм соңғы келісің болады», – дедім. Сонда ол маған: «Жалынам, мені жіберші. Есесіне Алла Тағала саған пайдасын тигізетін жақсы сөздер үйретемін», – деді. Мен: «Қандай сөздер?» – деп сұрадым. Сонда ол: Ұйқыға бас қояр алдында «Аятул-курсиді» оқы. Сонда таң атқанша қасыңда Алла Тағала тарапынан жіберілген қорғаушы (періште) болады, әрі ешбір шайтан саған жақындай алмайды», – деді. Сөйтіп, оны тағы да қоя бердім. Таңертең Алла елшісі менен: «Уа, Әбу Һурайра! Кешегі тұтқының қайтті?» – деп тағы сұрады. Мен: «Уа, Расулалла! Ол «Алла Тағала маған пайдасын тигізетін жақсы сөздер үйретемін» деген соң, жібере салдым», – дедім. Ол: «Онысы қандай сөздер екен?» – деді. Ол маған: «Төсегіңе жатқанда, Алла – Одан басқа тәңір жоқ, мәңгі Тірі әрі бүкіл жаратылысты толық игеріп, оларды Сақтаушы....» деп басталатын «Аятул-курсиді» бастан-аяқ оқы. Сонда таң атқанша қасыңда Алла Тағала тарапынан жіберілген қорғаушы (періште) болады, әрі ешбір шайтан саған жақындай алмайды», – деді», – деп жауап бердім. Сол кезде Расулалла: «Ол барып тұрған суайт болса да, бұл жолы саған ағынан жарылыпты. Уа, Әбу Һурайра! Үш күннен бері кіммен тілдесіп жүргеніңді білесің бе?» – деді. Мен: «Жоқ, білмеймін» – дедім. Сонда Алла елшісі: «Ол – шайтанның нақ өзі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2311).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ поручил мне охранять от посягательств имущество, собранное в месяц рамадан в качестве фитр-садаки. Через некоторое время кто-то пришёл и стал набирать продукты полными пригоршнями. Я крепко схватил его и сказал: “Я непременно отведу тебя к Посланнику Аллаха ﷺ!” Тогда он принялся умолять меня: “Я нуждающийся человек. У меня есть дети, и моё положение крайне тяжёлое”. Я отпустил его.

Наутро Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “О Абу Хурайра! Что сделал вчера твой пленник?” Я ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Он рассказал о своей нужде и о том, что у него много детей. Мне стало жаль его, и я отпустил”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Он солгал тебе и ещё вернётся”.

Поскольку я был твёрдо уверен, что слова Посланника Аллаха ﷺ непременно сбудутся, я стал поджидать его. И, как я и ожидал, вскоре появился тот самый вор. Он снова принялся набирать продукты пригоршнями. Я опять схватил его и сказал: “Я непременно отведу тебя к Посланнику Аллаха ﷺ!” Он стал умолять меня: “Прошу тебя, отпусти меня! Я и в самом деле крайне нуждаюсь. У меня есть дети, которые зависят от меня. Больше я сюда не приду”. Он отчаянно просил и клятвенно заверял меня, поэтому мне стало жаль его, и я снова отпустил.

Наутро Посланник Аллаха ﷺ опять спросил меня: “О Абу Хурайра! Что сделал вчера твой пленник?” Я ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Он пожаловался на крайнюю нужду и на то, что у него много детей. Мне снова стало жаль его, и я отпустил”. Тогда он сказал: “Он и на этот раз солгал тебе. Вот увидишь, он снова придёт”.

И я стал караулить его в третий раз. Вскоре он появился и, как обычно, сразу же принялся набирать продукты полными пригоршнями. Я бросился на него, схватил и сказал: “На этот раз я непременно отведу тебя к Посланнику Аллаха ﷺ! Ты всякий раз говоришь, что больше не придёшь, но затем снова возвращаешься. Решение моё окончательно: это твой третий и последний приход”. Тогда он сказал: “Умоляю, отпусти меня! Взамен я научу тебя словам, которые Аллах Всевышний обратит тебе на пользу”. Я спросил: “Что это за слова?” Он ответил: “Перед тем как лечь спать, прочти ‘Аятуль-Курси’. Тогда до самого утра рядом с тобой будет хранитель (ангел), посланный Аллахом Всевышним, и ни один шайтан не сможет приблизиться к тебе”. После этого я вновь отпустил его.

Наутро Посланник Аллаха ﷺ снова спросил меня: “О Абу Хурайра! Что сделал вчера твой пленник?” Я ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Он пообещал научить меня словам, которые Аллах Всевышний обратит мне на пользу, и я отпустил его”. Он спросил: “Что же это за слова?” Я ответил: “Он сказал, чтобы я, ложась в постель, прочитал от начала до конца ‘Аятуль-Курси’, начинающийся словами: ‘Аллах – нет божества, кроме Него, Вечно Живого, всецело управляющего всем творением и хранящего его…’ (Коран, 2:255). Тогда до самого утра рядом со мной будет хранитель (ангел), посланный Аллахом Всевышним, и ни один шайтан не сможет приблизиться ко мне”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Хотя он отъявленный лжец, на этот раз он сказал тебе правду. О Абу Хурайра! Знаешь ли ты, с кем разговаривал в течение этих трёх дней?” Я ответил: “Нет, не знаю”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это был сам шайтан”» (Аль-Бухари: 2311).

1022
Риядус-салихин, № 1022Риуаят етуші: Әбу Дәрда

عَنْ أَبِى الدردَاءِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَفِظَ عَشْرَ آيَاتٍ مِنْ أَوَّلِ سُورَةِ الْكَهْفِ، عُصِمَ مِنَ الدَّجَّالِ» وَفِى رِوَايَة: «مِنْ آخِرِ سُورَةِ الْكَهْفِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрдадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің алғашқы он аятын жаттап алса, Тажалдан қорғалады», – деп айтты», – делінген.

Басқа бір риуаятта: «Кәһф» сүресінің соңғы он аятын жаттап алса, Тажалдан қорғалады», – делінген (Муслим: 1883, Ахмад: 21712).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Дарды (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто выучит наизусть первые десять аятов суры “Аль-Кахф”, будет защищён от Даджаля».

В другой версии сказано: «Тот, кто выучит наизусть последние десять аятов суры “Аль-Кахф”, будет защищён от Даджаля» (Муслим: 1883; Ахмад: 21712).

1023
Риядус-салихин, № 1023

عَنْ ابنِ عَبَّاسٍ: بَيْنَمَا جِبْرِيلُ قَاعِدٌ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ سَمِعَ نَقيضًا مِنْ فَوقِهِ، فَرَفَعَ رَأسَهُ، فَقَالَ: «هَذَا بَابٌ مِنَ السَّمَاءِ فُتِحَ الْيَوْمَ وَلَمْ يُفْتَحْ قَطٌّ إِلَّا الْيَوْمَ، فنَزلَ منهُ مَلكٌ، فَقَالَ: هذا مَلكٌ نَزلَ إِلَى الْأَرْضِ لم ينْزلْ قطّ إِلاّ الْيومَ فَسَلَّمَ وَقَالَ: أبْشِرْ بِنُورَيْنِ أُوتِيتَهُمَا لَمْ يُؤتَهُمَا نَبِيٌّ قَبْلَكَ: فَاتِحَةُ الْكِتَابِ، وَخَواتِيمُ سُورَةِ الْبَقَرَةِ، لَنْ تَقْرَأَ بِحَرْفٍ مِنْهَا إِلَّا أُعْطِيتَه»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте былай делінген: «Бірде Жәбірейіл періште Пайғамбарымыздың ﷺ жанында отырғанда жоғары жағынан шыққан (есіктің сықырына ұқсас) бір дыбысты естіді де, басын көтеріп: «Бұл бұрын-соңды ашылмаған, бүгін ғана ашылған аспан қақпасының дыбысы», – деді. Содан сол қақпадан бір періште түскенде Жәбірейіл: «Бұл жер бетіне бұрын-соңды түспеген, бүгін ғана түсіп тұрған періште», – деді. Әлгі періште сәлем беріп, Алла елшісіне: «Сүйінші! Саған өзіңнен бұрынғы ешбір пайғамбарға берілмеген қос бірдей нұр берілді! Олар – Фатиха сүресі және Бақара сүресінің соңғы аяттары. Солардың әрбір әрібін оқыған сайын саған соның сауабы беріледі», – деп айтты» (Муслим: 1877).

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Аббаса (да будет доволен им Аллах): «Однажды, когда ангел Джибрил сидел рядом с Пророком ﷺ, он услышал доносившийся сверху звук (похожий на скрип двери), поднял голову и сказал: “Это звук небесных врат, которые открылись лишь сегодня и прежде никогда не открывались”. Затем через эти врата спустился ангел, и Джибрил сказал: “Этот ангел прежде никогда не сходил на землю и спустился лишь сегодня”. Тот ангел поприветствовал Посланника Аллаха ﷺ и сказал ему: “Возрадуйся! Тебе дарованы два света, которых не был удостоен ни один пророк до тебя! Это сура ‘Аль-Фатиха’ и последние аяты суры ‘Аль-Бакара’. Читая их, ты непременно получишь то, о чём просишь в них”» (Муслим: 1877).